Көз жасқа сенбейтін Мәскеу…


Кеше демалыс уақытымда аты өшпес “Москва слезам не верит” фильмін қайта көру мүмкіндігі туды. Бұл фильмді осыдан 3-4 жыл бұрын көргенімде мағынасы санама көп нәрсе қалдырмап еді. Ендігі кезде тамашалағанымда бұл фильмнің өмірді сондай шынайы суреттегені таң қалдырды. Фильм кеңес уақытында түсірілсе де бұл қазіргі кезде де жиі кездесетін проблемалар екені рас.

Басты рөлдегі қарапайым қыздың батырлығы, басына түскен қиындық пен ауыртпашылықты жеңе білуі, сонымен қоймай әкесіз тапқан қызын аяққа тұрғызып, ештемеден құр қалдырмай етіп өсіруі өте қатты тамсандырады.

Менің ойымша қазіргі уақытта біздің қоғамдағы қыздардың осы ержүрек әйелден үйренері өте көп сияқты. Жалпы айтқанда ондай опасыздықты ешкімнің басына бұйырмасын әрине, бірақ та мінездің мықтылығы ешкімге де артық етпес.

Адамның ниетіне байланысты екінші жартысы табылады дегендей, басты рөлдегі әйелге жолыққан жігіт те қайсар, батыл, нағыз еркектердің еркегі болып шығады… (шыны керек көре отырып, іштей өзіме де сондай біреуін тіледім… 🙂 ) Арманындағы жігіт оған көп уақыт өткеннен кейін жолықса да – жолықты… Мұнымен адамға бірінші кезекте төзім мен шыдамдылық керек екенін айтады.

Титр кезінде айтылатын “Александра” әнінде “Мәскеу де бірден салына қойған жоқ” фразасы өмірде де көп қолданылады. Әлбетте, оның көргені көп қой. Мыңдаған тағдырлар, көз жасы, алданыш, сағыныш, сүріну, құлау… Алайда махаббатқа сенім бәрін жеңе білген.

Махаббатқа сенім мен қайсарлық, ержүректік, көп қиындықты жеңетінін айқындайтын тағы бір фильм. Бұл фильмды тіптен 20 жылдан кейін көрсетсе де актуальды болып қала береді деп ойлаймын. Нағыз шедевр…

Advertisements

6 пікір | Көз жасқа сенбейтін Мәскеу…

  1. mahambet айтады:

    kogam ishinde bilinbei jurgeni bolmasa pisik aielder az emes goi jalpi.

  2. 666aiko999 айтады:

    керемет бинелеп беріпсіз. Киноның өзін көргендей болдым. Әбзәтільно көрем…
    бір сөзбен айтқанда романтик-очкарик бола тұра әлжуаз бов кетпе ғо 🙂

    сіз баяғыда бір киноның кейіпкерін маған ұқсатып жүруші едіңіз ғо,
    мынау со кино емес пе?

  3. urimtal айтады:

    «(шыны керек көре отырып, іштей өзіме де сондай біреуін тіледім… 🙂 )»
    Тілектесіпін. Негізі өзің қандай болсаң, сондай біреуі кездеседі деп жатады ғой. Кино шынымен де классикалық туындылардың бірі…

  4. akzere айтады:

    Махамбет, ия, бірақ қазір көп қыздар еркектерге жалпақтап, өз бастарын алып жүруге қорқады.

    Айко, жоқ, ол “И все-таки я люблю” деген сериал. Бірақ басты рөлдердің бірінде осы фильмде ойнаған Вера Алентова ойнайды.

    Асхат, рахмет, айтқаныңыз келсін!

  5. Omarbek айтады:

    Netflixten, osi kinoni jalga aldim. Bugin-erten buyrtsa karaymin.

  6. Қосақ айтады:

    Менің жақсы көретін кином, В.Алентова да ұнайды. Жеткен жетістігін айтсаңыздаршы…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: