Логика

Маусым 18, 2008

Балабақшадағы балаларға мынадай жаттығу берілген екен:
Суреттегі көріп тұрған автобус қай бағытта жүріп бара жатыр?

Анықтап қара! Тек 2 ғана ықтималдылық бар – оңға немесе солға. Жауапты білмейсің бе?
Балабақшадағы балалар тез-ақ жауап беріпті… 🙂


Әйел адамның ерекшеліктері

Маусым 10, 2008

1. Егер әйеліңіздің гардеробында киімнен көп нәрсе жоқ бола тұрып, “Киім жоқ” деген сөзді естісеңіз таң қалмаңыз, ол яғни оның гардеробында жаңа киімнің жоқ екенін білдіреді.

2. Әйеліңіз жақында ғана алған сөмкесі болғанымен қатар, тағы да сөмке аламын десе бұл да түсіндірілетін жәйт. Әйел затында қыста, сосын жазда ұстайтын сөмкелер болады. Яғни қыста алған сөмке жаздық киімдермен сәйкеспеуіне байланысты жаз шыға салысымен тағы бір сөмкеге шығындалуыды талап етеді.

3. Аяқ киім деген ол жеке әңгіме. Жап-жаңа аяқ киімі бола тұрып, “Аяқ киім алу керек” десе, яғни бұл бар аяқ киімінің қонаққа (немесе басқа бір кешке) киетін киіміне сәйкес келмеуінде.
Сосын былтырғы етік немесе туфли аздап модадан шығып қалуына байланысты аяқ киімге біраз шығын болуы мүмкін.


Read the rest of this entry »


Көз жасқа сенбейтін Мәскеу…

Маусым 9, 2008

Кеше демалыс уақытымда аты өшпес “Москва слезам не верит” фильмін қайта көру мүмкіндігі туды. Бұл фильмді осыдан 3-4 жыл бұрын көргенімде мағынасы санама көп нәрсе қалдырмап еді. Ендігі кезде тамашалағанымда бұл фильмнің өмірді сондай шынайы суреттегені таң қалдырды. Фильм кеңес уақытында түсірілсе де бұл қазіргі кезде де жиі кездесетін проблемалар екені рас.

Басты рөлдегі қарапайым қыздың батырлығы, басына түскен қиындық пен ауыртпашылықты жеңе білуі, сонымен қоймай әкесіз тапқан қызын аяққа тұрғызып, ештемеден құр қалдырмай етіп өсіруі өте қатты тамсандырады.

Менің ойымша қазіргі уақытта біздің қоғамдағы қыздардың осы ержүрек әйелден үйренері өте көп сияқты. Жалпы айтқанда ондай опасыздықты ешкімнің басына бұйырмасын әрине, бірақ та мінездің мықтылығы ешкімге де артық етпес.

Адамның ниетіне байланысты екінші жартысы табылады дегендей, басты рөлдегі әйелге жолыққан жігіт те қайсар, батыл, нағыз еркектердің еркегі болып шығады… (шыны керек көре отырып, іштей өзіме де сондай біреуін тіледім… 🙂 ) Арманындағы жігіт оған көп уақыт өткеннен кейін жолықса да – жолықты… Мұнымен адамға бірінші кезекте төзім мен шыдамдылық керек екенін айтады.

Титр кезінде айтылатын “Александра” әнінде “Мәскеу де бірден салына қойған жоқ” фразасы өмірде де көп қолданылады. Әлбетте, оның көргені көп қой. Мыңдаған тағдырлар, көз жасы, алданыш, сағыныш, сүріну, құлау… Алайда махаббатқа сенім бәрін жеңе білген.

Махаббатқа сенім мен қайсарлық, ержүректік, көп қиындықты жеңетінін айқындайтын тағы бір фильм. Бұл фильмды тіптен 20 жылдан кейін көрсетсе де актуальды болып қала береді деп ойлаймын. Нағыз шедевр…