Бақыт іздеу жолында…


Адам есейе келе өмірдің мән-мағынасын іздей бастайтыны хақ. “Мен бұл өмірге не үшін келдім, не істеуім керек, қалай істесем дұрыс болады екен” – деп, ойлану мен батыл істерге бел буып жатамыз. Мақсат бір ғана – бақытты болудың амалын іздеу.
Көп жағдайда қандай істі бастамасақ та оның бізді игі істерге әкеліп, бақытты ететініне үміттенетініміз рас. Алла тағала адамға ойлау қабілетін бергеннен кейін, ол әр қадамын сараптап, ақылға салып, ақиқатқа, бейбіт өмірге жетуді аңсайды.

Қай бір күні жақын құрбым “Мен шіркеуге барып жүрмін. Білемін, саған, бәлкім, осы ісім ұнамар. Бірақ маған онда ұнайды”, – дегенде маған осы ойлар келді. Ол сол жерден жанына тыныштық тапты, бақыт сезіміне бір адым жақындады. Құдай біреу емес пе? Және де ол біздің бақытты болғанымызды қалайды. Діннің қай бағыты болмасын, адамның адал жолмен, адамгершілікпен, ризашылықпен, махаббатпен өмір сүруді, Құдайға құлшылық етуді дәріптейді емес пе? Ал егер ол түзу жолмен жүрсе, неге мен оны ұрсуым керек, неге мен оның бұл ісін құптамауым керек?..

Әрине, мешітке барып та Құдайға құлшылық етуге болады, мұсылман болғандықтан біздің санамыз ислам дінін ең хақ дін деп түсінеді. Ал басқа елде, басқа дінді қабылдап өскендер туғанынан осы исламға бет бұрмағандарына кінәлі ме? Олардың санасы өз діндерінің ең адал екендеріне күмәнсіз. Бірақ бұл да бір өз басына жеке әңгіме. Бәлкім, құрбыма шіркеуді дәріптеген адамның уағызы мықты болған шығар, адам тез сенгіш, еліктегіш келеді ғой. Бірақ бір білерім, мен құрбымның тек бақытты болуын қалаймын. “Қабыл болсын”, – осы менің жауабым болды.

11 пікір | Бақыт іздеу жолында…

  1. Balgyrgan says:

    Зере, бақытты тек шіркеуден, мешіттен, жалпы құдай жолынан табуға болады деп ойлайсың ба?
    Әркім өзінше қабылдайды ғой бірақ менің көзқарасым басқаша кішкене

  2. akzere says:

    Әңгіме сонда болып тұр ғой. Әркім өз бетінше іздейді дегенде…

  3. Сәкен says:

    жүрейік осылай… бар болғаны 15 миллион ҚАЗАҚ, бақытымызды біреуіміз шіркеуден, біреуіміз мешіттен, үшіншіміз тағы бір жерден іздеп 😦

  4. akzere says:

    Енді қайдан іздеу керек, Сәкен?

  5. Айко says:

    такссс қазақ қызы???
    айтып отрм ғой олардың уағызы мықты деп
    бір пайдалы іс бов жатса неге жоқ деуі керек дейсіз ғо да?! дұрыс екен ол да

  6. Bakytnur says:

    Zere, Алла тағала адамға ойлау қабілетін бергеннен кейін, ол әр қадамын сараптап, ақылға салып, ақиқатқа, бейбіт өмірге жетуді аңсайды degensin. Ote durys aitasyn!!!

    Zere: Ал басқа елде, басқа дінді қабылдап өскендер туғанынан осы исламға бет бұрмағандарына кінәлі ме?

    Endi oz suragyna ozin jauap berip otyrsyn: Ozin aitkandai akikatty tabatyn akyl oidy Alla tagala bizge bergen. “мұсылман болғандықтан біздің санамыз ислам дінін ең хақ дін деп түсінеді.”
    Arine tagy ozin aitkandai Islam hak din, ari en durys jol.

    Endi mine: Islamdy tabu, akikatty tabu ushin musylman semyada tuu shart emes. Alla akikatty tabatyn akyl-oidy bergendikten olar ozderi-ak tauyp aluy kerek. Tauyp ta jatkandar bar, shukirlik.
    Dosyna kelsek: Musylman semyada tumaganyna ol kinali emes, birak Alla bergen akyl oidy paidalanyp, akikatty taba almasa, onda kinali bolady dep oilaimyn.

    Kudai bireu, ozin aitkandai! Birak shirkeulerde kudai bireu dep eshkashan aitpaidy kyskasy…

  7. akzere says:

    Менің ойымша ақиқатқа тек дін арқылы ғана келмейді. Сосын құрбым мұсылман отбасында туылған.

  8. Айко says:

    бір қызығы осы тақырып жайында Ақзере екеуміз үнсіз сұхбаттасып отыр екенбіз(түсімде), сіздің түріңізді анық көрдім. 🙂 (маған ренжулі жауап бердіңіз)

    Қырқып Қой: түсімде “блогтар” көре бастадым 🙂

  9. akzere says:

    Ой, Айко, мен де түсімде ылғи блогтар мен форумдарды көремін. Әсіресе Сатыпалдыны 🙂

  10. baurdotnet says:

    Біз бақытты болсақ болды емес пе деген біздің қалағанымыз болса болды емес пе деген сөз. Ал адамзаттың қалағаны бола берсе жер бетінде әлдеқашан тозақ орнайтын еді. Біз өзімізге не жақсы не жаман екеніне есеп бере алмаймыз. Бізге жақсы көрінген нәрседе азап, жаман көрген нәрседе бақыт болуы мүмкін, сондықтан бұл тақырыпта еркін ойлауға болмайды. Әсіресе мәселе дінге келгенде еркін ойлауға жол жоқ, бәрі айтылған – бізге түсәну не бағыну ғана қалды.

  11. ruslannnn says:

    Ойбуй… Дін менің не теңім, фотошобымды қарайын одан да…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: