Супер Мариодан супер ойындарға дейін


Осыдан бір 10 жыл бұрын немесе одан да көп пе, алғаш Sony PlayStation құрылғысын сатып алып, оны ескі теледидарға қосып (өйткені түрлі-түсті теледидарға қоссаң ол бұзылады деген ой қалыптасқан), джойстикті басқаннан саусақтар ауырып, көзіміз талғанға шейін Супер Марио ойынын жалықпастан ойнайтынбыз. Сол кездің өзінде сол Сони де, тіпті Супер Марио да бізге жаңалық, үлкен бір жетістік болып саналатын. Оның әрбір қимылы, тиындарды жинауы, төбелесуі – таңғаларлық жәйт болып көрінетін.
Содан бері қаншама ойындар шықты. Сол қарапайым Марио ешкімге де керек емес болып қалды. Оған қарағанда танымал футболшылардың түрінен айнымайтын, шетел клубтарымен компьютерде ойын ойнаған бұдан керемет емес пе?
Бұрындары бауырым компьютерде телміріп, ағылшын комментаторын айқайлатып компьютерде футбол қуушы еді. Қазір тіптен комментатор орысша да сөйлейтін болыпты.
Одан қалса стратегия, әлгі GTA деген тағы бар. Соңғысын қызығушылық танытып, өзім де ойнап көргенмін. Әлгі Мариода жеңген уақытында сүйікті қызымен қосылатыны бар еді, әлгі GTA-да ол тіптен толығымен жетілген. Кез келген ойында бәрі ойластырылған.
Ойынды қойшы, мультфильмдерін де алып қарсаң тегі бір тірі актерлар ойнап жүргендей қабылдайсың.

Қазіргі уақытта техника дамыған заман, бәрі бар сияқты көрінеді. Ал осыдан 10 жыл өткеннен кейін қалай болар екен десеңізші…

Advertisements

4 Responses to Супер Мариодан супер ойындарға дейін

  1. technosyndrom айтады:

    Жыладым…
    Анабір тасбақа іспеттес жаудан көзді қызартып атқызған таңдар, джойстикке төбелес, көшеаралық турнир көз алдымнан өте шықты-ау…
    Ал GTA-да асқан қатыгездікпен ұту керек еді негізі, Сіздің де ішіңізде монстр ұйықтап жатқан болды ғой онда 🙂
    Сосын қызға қосылатыныңыз қызық екен…

  2. akzere айтады:

    🙂 маған ең оңайы осы GTA деген болатын. 1-2 рет ойнағаннан кейін ұнаған жоқ. Жалпы қазір қолым босай қалса ана қытайлардың Paopao-сын ойнаймын. 🙂
    Супер Мариода солай еді ғой. Бәрін жеңіп келсен сүйіктісіне қосылатын…

  3. mahambet айтады:

    Супер Мариода солай еді ғой. Бәрін жеңіп келсен сүйіктісіне қосылатын…

    Супер Марио , ақын періште махаббат блогына лайықты екен:)

  4. ruslannnn айтады:

    СуперМариода Саузпарктің Кенниі неғып жүр? 😀

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: