Бір ой…


Жақында ғана теледидардан Астананың 10 жылдығына қарсы салынып жатқан құрылыс алаңдарын көрсетті. Тағы да бір зәулім сарайлар, яғни салып жатқан адамдардың атын тарихта қалдыратын құрылыстар-мыс…
Ойландыратыны – оның бәрі осы уақытқа қажеті қанша? Онсыз да Астанада жаңадан салынған әдемі ғимараттар жетіп жатыр емес пе? Менің ойымша мұның бәрі жай “показуха”. Басқа елдер келіп көрсін, бізде бәрі жақсы, керемет, ел бай, ақшаны қайда жұмсарларын білмей, ғимарат салып жатыр екен деп ойласын дегендей.
Жастар үй ала алмай, отбасы түгіл өз бастарын әрең алып жүр, ал Астанаға үлкен ғимараттар керек екен.
Бұрынғы уақытта мемлекеттік кәсіпорындарда істейтін жұмысшыларға кәсіпорын атынан жатақанадан бөлме берген. Уақыт өте келе стажына және отбасы құруына байланысты пәтер берген. Ал қазіргі кезде мемлекеттік кәсіпорындар емес, жеке басты бизнестер көп, яғни ЖШС, АҚ дегендер. Олар үй беру мәселесімен айналыспайды. Істейтініңді – істейсің, жалақыңды аласың, болды.
Біздер демографиялық дамуды баяу деп жүрміз? Қалай ол дамиды, егер жастар далада қаңғып жүрсе?
Неге сол бытырлатып салынып жатқан ғимараттардың орнына жаңа құрған отбасына, жастар тұратын жатақана типтес үйлер салып бермейді? Ғимараттар салынып үлгермей қалады деп ойлай ма?
Алматының тарихын алып қарасақ ондай зәулім ғимараттар 150 жыл бойы салынған. Қазіргі кезде қонақтар келгенде қыдыртып алып баратын 2-3 орындар ғана бар. Бірақ одан қаланың беделі түсіп, келуші қонақтардың саны артпаса төмендеген емес. Алматыға келген шетелдіктердің де тек оң пікірлерін естіп жатамыз.
Жалпы айтқанда шетелдіктердің біз туралы не айтса да бәрібір. Ішкі саясатымыз, еліміз аман-жұртымыз тыныш, бақытты болғанға не жетсін? Ал төрт құбыла түгенделмей қалай бақытты болуға болады?…

Advertisements

8 пікір | Бір ой…

  1. technosyndrom айтады:

    Ал төрт құбыла түгенделмей қалай бақытты болуға болады?…
    Тарихта ондай прецеденттер бар екен. Мысалы агылшын жиһанкезі Рэдмонд Салливан өзінің Бомбейге барғанда үй-күйсіз ашық далада 6 жыл бойы медитация жасаған йог Лакшми дәруішті көргенін айтады. Ол байғұс тамақ та сұрамайды екен. Барлығымыз пұтқа табынып кетсек, Үкіметтің құдайы берер еді, ә?

  2. akzere айтады:

    🙂 быраз уақыттан кейін солай болатын шығар өзі де…

  3. Bakytnur айтады:

    Kurylys salasy ulken bir biznes negizinen… Ogan investicia togiledi, karji bolinedi. Ortasynan pysyktary jymkyrady. (karsymyn)

    Ekinshiden Astana – Nursultan egiz ugym. Ozinin bastagan isin jerge tastamau ushin Nazarbayev kaitken kunde ony jaksy kala boldyruga at salysady.
    (esh karsylygym jok)

    Ushinshiden Astana tauelsizdiktin beinesi.. Kazak degen tauelsiz el, onyn kalasy men dalasy maktanarlyktai boluy kerek. ..
    Eski Sovetten kalgan uilermen otyrsa, biz de oilaimyz.. Ee, orystardyn salyp ketken kurylystary eken, kazaktar eshtene istemepti dep. Sondyktan kurylys salu kerek, kashan da kerek!
    (karsylygym jok.)

    Tortinshiden tek kana kurylys emes, budjetti durys jumsasa, kazaktyn akshasy barine de jetedi. Jastarga ui de bolady, Astanaga kurylys ta salady.

  4. Айко айтады:

    Ақзере қатты ренжулі жазғансыз-ау шамасы 🙂 бірақ сіздің сөзге қосылам. Біз жүрк дачы бір жатаққа жете алмай…
    Давай қыздар: «замуж выскочим» деп үгіттейін десең жағдай мынау…
    Бақытнұр айтпақшы КЗ байлығы бәрімізге жетер еді…
    млин жемқорлардан көрдік қой қорлықты… 😦

    а негізі үлкен стадион жынды болғалы жатыр…
    кім-кім де болса, көрнекті жерлер салып кетсе тарихта базар жоқ қалады ғой аты.

  5. akzere айтады:

    Бақытнұр, Құдайға шүкір осы Астананың 10 жылдығынан кейін де өмір бар ғой. Әлі де салып үлгереді. Жоқ, бәрін қазір салу керек… Сосын уақыт та тығыз, сапасыз салынған үйлер тарихты жазғанға шейін құлап жатса қайтпек?..
    Жарайды, стадионмен қоса бір үй салса болмай ма?
    Жалпы халықтың халін ойлап жатқандары шамалы… Жейтіндер жеп, бәрі шетелге қашып кетті. Біз жатырмыз, түк болмағандай…

  6. urimtal айтады:

    Ақзере, жазғаның орынды. Қыруар қаржы дәл қазір жастарды қолдауға емес, елдің сырт келбетін қалыптастыруға жұмсалып жатыр.
    Қазіргі жастардың бойындағы күш-жігер әлеуметтік мәселелердің есебінен мұқалуда. Өз елінде өгейдің күйін кешіп жүрген талай жастар бар. Биілікке өкпелі, басшысына наразы. Бірақ қайда барсын? Өз Отаны. Өз елі. Көппен бірге тырбанып, тырмысуда. Әйтеуір бір үміттері бар.
    Мемлекеттік бағдарламада жатақхана типтес үйлер салу қарастырылған еді. Неге екені салынбай жатыр ғой…

  7. akzere айтады:

    Оны салса да, таныстары барлар алып кетеді… Көрдік қой, осы жақында мемлекеттік органдарда істейтін жұмысшыларға үй беру мәселесін. Яғни өз кезегіне талон алу үшін тамыр-таныс іздеп кетті барлығы.

  8. Базарайгул айтады:

    Ақзере сізбен толығымен келісем. жәй алдамшы нарсе ғой бұлар. ол құрылыстар асығыс салынып жатыр ғо онжылдыққа байланысты бір күні дұрыс салынбаған құрылыс құлап қалса кім кіналі болады екен. қазақ халқы осы өзгеге жалпақтау, еліктеу сияқты мінез құлқынан кашан айрылар екен.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: