60 секундта біліңіз


Ең қымбат деликатес?
Бұл – құртпа балықтың ақ уылдырығы. Оны 100 жыл жасаған балықтан алады. Неғұрлым балықтың жасы үлкен болса, соғұрлым уылдырықтың дәмі тәтті болады деп саналады. Бұл қымбат тағамның бөлшектеп өлшеуімен әлемде бір ғана ирандық House Almas фирмасы айналысады. Деликатес 998 сынамалы алтыннан жасалған банкада сатылады. Бір киллограммға бағасы 23 000$ тұрады екен.

Әлемдегі ең “сусыз” мемлекет?
Таяу шығыста, дәлірек айтсақ, Сауд Арабиясы. Бұл елде мұнай көп болғанымен, бір де бір өзен жоқ.

Қай жерде қар фантастика болып саналады?
Сахара шөлінде. Бұл жерге қар бір-ақ рет – 1979 жылдың 18 ақпанында ғана жауған.

Әлемдегі ең танымал кітап?
Қалай айтқанда да ең танымал болып Гиннес рекордтар кітабы есептеледі. Бұл кітап кітапханаларда ең көп оқылатындардың бірі болып саналады екен. Одан кейін Толкиеннің “Властелин колец” кітабы болса, жүлделі үшінші орын – Пауло Коэльоның “Алхимигінде”.

Адамның өмір бойы өсуін тоқтатпайтын дене мүшесі бар ма?
Антропологтардың зерттеуінше адам ағзасы 25 жасқа дейін толық жетіліп бітеді. Тек қана мұрын физикалық өлімге дейін жайлап өсе береді екен.

13 пікір | 60 секундта біліңіз

  1. 81 секундтай оқыппын… Тақырып атауын өзгертуге мәжбүр болатын шығарсыз 🙂

  2. bakytnur says:

    Okyp kele jatyp suretke kelgende turyp kaldym 😀

  3. akzere says:

    Ерлан да суретке қарап тұрып қалып, 81 секунд деп санаған шығар… 🙂

  4. Айко says:

    Алхимикті 3 орында тұр дейсіз бе? бұл дерек өтірік шығар ә? пірәстә дейм да. ауылға мысалы ондай кітап түскен жоқ, оқымақ түгілі. Сосын ауылда мықты оқитын Неше жыл пресідәтіл болған атачка да оқыған жоқ. Яғни нетолау дерек.
    Кітапта тұрған ештеме жоқ. Крышам кеткен кітаптың бірі ғой. Проста өздерінше болмай-ақ қойснч млин…

    “Тек қана мұрын физикалық өлімге дейін жайлап өсе береді екен.”
    Хи-хи-хи шегім-ай. мына дерегіңіз мені жатқызып салды. Орнымнан тұра алмай қалдым 🙂
    Менің мұрным дәудің қатарына енеді. Сондай деймін-ау. Өлгенше өссе өлген жерім осы екен 🙂 🙂 🙂
    Әлі күліп атрм, хотя мұрным 25 кг. болатынына жылаудың орнына.
    Сондай керемет екен шын айтам. қаламыңызға нұр бітсін!

  5. Сәкен says:

    еххх, жақын болашақта Сахарадағы қар фантастика болмай қалатын шығар 😦

  6. urimtal says:

    Ең көп оқылған кітап пен ең танымал кітаптың арасында айырма бар деп ойлаймын. Менің түсігімде ең көп оқылған, әрі оқылатын кітап Құран болуы тиіс.

  7. arsenal777 says:

    Алхимик әдемі пәлсафалық ертегі, дегенмен де, көп оқылатын кітаптарды бестселлермен шынымен де шатастыруға болмайды.
    қызықты деректер.

  8. Құлақ та өседі деп оқығанмын. Дункан Маклауд ұйықтағанда бір құлағын астына төсеп, екінші құлағын жамылып жатады екен.

  9. akzere says:

    Бұл жерде статистика бүкіл әлем бойынша алынған. 15 млн. қазақстандықтардан басқа да әлемде 6 млрд.-қа жуық адам барын ұмытпайық.

  10. Өсу процессі тоқтаған соң, өз пішімін өмір бойына сақтап қалатын құлақ пен тіс деп оқыған едім.

  11. Айко says:

    чепачем бов кетті? қойындарч бәрін өсіріп жібердіңдер ғой. Ана постқа(Русланнн жазған) ішім аурып кетті. Дереу мамкаға ызванить етіп мам сенің баурының құлағы дәу аһа. Мына яқта елдер өсед деп атр. деп “нетіп” 😦 алдым. Жаман екен. Жоқтан өзгеге қорқа беретін 🙂

    Ақзере сурет жынды екен дачы. “Қарай бергің келеді, қарай бергің” 🙂

  12. Nurik says:

    Ер азаматтардың бұлшық еттері 25 жастан кейін өспейма екен сонда а?

  13. abuhajar says:

    Зере қыз! Қызық мәліметтер. Мен өзім ең-ең деген тақырыптарды жастайымнан жақсы көремін. Мысалы: Ең биік шың, ең терең шұңғыма дегендей…
    Тағы жаза жатарсың.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: