60 секундта біліңіз

Сәуір 25, 2008

Ең қымбат деликатес?
Бұл – құртпа балықтың ақ уылдырығы. Оны 100 жыл жасаған балықтан алады. Неғұрлым балықтың жасы үлкен болса, соғұрлым уылдырықтың дәмі тәтті болады деп саналады. Бұл қымбат тағамның бөлшектеп өлшеуімен әлемде бір ғана ирандық House Almas фирмасы айналысады. Деликатес 998 сынамалы алтыннан жасалған банкада сатылады. Бір киллограммға бағасы 23 000$ тұрады екен.

Әлемдегі ең “сусыз” мемлекет?
Таяу шығыста, дәлірек айтсақ, Сауд Арабиясы. Бұл елде мұнай көп болғанымен, бір де бір өзен жоқ.

Қай жерде қар фантастика болып саналады?
Сахара шөлінде. Бұл жерге қар бір-ақ рет – 1979 жылдың 18 ақпанында ғана жауған.

Әлемдегі ең танымал кітап?
Қалай айтқанда да ең танымал болып Гиннес рекордтар кітабы есептеледі. Бұл кітап кітапханаларда ең көп оқылатындардың бірі болып саналады екен. Одан кейін Толкиеннің “Властелин колец” кітабы болса, жүлделі үшінші орын – Пауло Коэльоның “Алхимигінде”.

Адамның өмір бойы өсуін тоқтатпайтын дене мүшесі бар ма?
Антропологтардың зерттеуінше адам ағзасы 25 жасқа дейін толық жетіліп бітеді. Тек қана мұрын физикалық өлімге дейін жайлап өсе береді екен.