Қалжыңбас табиғат…


Қар жапалақтап жауып жатқанда құрбым “Далада сондай романтика” – дейді… Адамдардың мұндай ауа-райында романтика көріп тұрғаны, әрине, қуантады.
Ал өзім суық офистің ішінде мұздай болып қалған саусақтарыммен блогыма жазу жазып жатырмын. Сірә, бүгін мұндай қар жауатынын білмеппін, әйтпесе қалыңырақ киініп шығар едім.
Кофе ішіп, біраз жылына тұрайын. Мендегі офистік шкафта барлық зат бар деп мақтанушы едім, бүгін наски неге жоқ екен деп қайғырып отырмын… Аяқтарым да тоңып кетті…
Осындай күні жылы көрпенің астында теледидар көріп жатқандардың арманы жоқ шығар.

Жұмысқа кірісейін… Бүгін жұмыс өте көп 😦

Advertisements

8 пікір | Қалжыңбас табиғат…

  1. Сенің ойыңа қосыламын Akzere..:)) Мен де қазір үйде жатар едім..көрпенің астында..Мен де блогыма бір сурет іліп қойдым..:) Тақырыпқа сай…

    Біздің офис жылы әйтеуір..Кешке Керекшілермен кездесетін едік..Қар жауғаны үшін, басқа бір күнге алсақ па екен деп ойланып отырмын..:)

  2. baurdotnet айтады:

    «Сәуір болмай тәуір болмайды» – деген сөздің де ескіретн кезі келді.

  3. zhannur айтады:

    иә, Ақзере бәріміздің мұңымыз бір екен. Бізде дәл қыстағыдай аяз, қалың қар. Бірақ мен жылы уйде, жылы жерде отырмын…..бірақ көрпенің астында емес)))))))

  4. baurdotnet айтады:

    Алматыдығы қар 17.04.08 12-30

  5. Kuan айтады:

    Мына суретіңіз бүгін түсірілді ме? Алматы жап-жасыл болып кетіпті-ау. Оңтүстікте де бүгінгідей ауа-райы орнап тұр деп ойламаппын.

  6. Қуандық айтады:

    Ақзере, Қазақтың сәуір айында келетін «бес қонақ» деген ырымын білесіз бе? Бұл яғни сәуірдің 13-ші жұлдызында кіріп, 18-інде шығады. Осы кундері 5 кун суық, жел, қар, жаңбыр жаууы мүмкін немесе 5 күн табиғат ашық-жарық, күншуақ, жайлы, жылы болуы мүмкін! Сондай-ақ араласып бір күн қар, келесі күні жаңбыр, одан кейінгі күні жаймашуақ тағы сол сияқты болып 5 күн бойы ауа-райы құбылып тұрады. Бұл келген суық сол «бес қонақ» Бугін соңғы күні. Ертең жылынып кетеді. Халқымызда » Бес қонақ келмей, жаз болмас» , немесе «Сәуір болмай-тәуір болмайды» деген сөз осыны білдірсе керек!

  7. akzere айтады:

    Енді біліп жүретін боламын, рахмет!

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: