Виртуалды танысу азабы


Күні бойы м-агентте отырғаннан кейін авторизация сұрап кіретіндер көп. Кейде қосарын қосып алып, біраз жөн сұрасқаннан кейін әңгіме жүрмей қалатыны бар. Адам тіптен саған қызықсыз болып, тартпай тұрады. Онымен қоймай сені де әңгімеге тартпайды. Одан кейін келесі күні бір амандасасың, үшінші күні – бір. Сөйтіп кейін тіпті амандасу да қалады. Жалпы айтқанда агенттегі тізімді толықтырып тұрғаннан басқа ешқандай қайыры жоқ.


Негізі осы адамдарға таң қаламын, егер айтатын әңгімесі болмаса, адамды пікірталасқа шақыра алмаса не үшін авторизация сұрайды? Әлде мен оны қосқанда, жапа-тармағай бас салып, әңгімені суылдатып, кездесуге шақырып, ғашық болып қаламын деп ойлай ма?


Содан кейін осы Мой мир деген де дос жинау базасы бар. Сондағы кейбір адамдардың күніне бәлембай адаммен танысып тізімінде 500 немес одан да көп адам жинап алып отыратындарға таң қаламын. Олармен не әңгіме айтады? Қайсы біріне қайталап, ана жерде жұмыс істеймін, мынадай қызуғышылығым бар деп айта береді? Жалықпай ма екен? Бірақ әр адам негізі әртүрлі ғой.


М-агент пен Мой мирды ашып бүгін тазарту жасайын дедім. Тізімді ашып тышқанның оң жағын басып тұрып “Игнорировать” дегенді таңдаудың өзі де бір азап. Бір қарасаң ештеме емес. Бірақ адамның көңіліне тиіп қалар ма екен деп те тағы ойланасың.
Ал Мой мирден өшіру, тіптен қиынның-қиыны. Айтар әңгімең болмаса тізімімді толықтырып тұрғаныңды ұнатпаймын деп жазып жіберейін дейсің. Алайда оңай емес нәрсе екен. Көңілшек болғаным ба, әлде тұйық адаммын ба, өзім түсіне алар емеспін…

Advertisements

29 Responses to Виртуалды танысу азабы

  1. Dana айтады:

    Шынымен де, осы Майл.рудың бітпейтін жыры… Менде де сол әңгіме 🙂 Менде шамамен 200 дей контакт бар…. Бірақ көп дегенде соның 10 шақтысын ғана жақсы танып, жақсы сөйлесем. Мой Мир дегенді мүлде өшіріп тастағам 😉 Маған соның ұнамайтын жері, күнде бір өсекшілер сияқты, ана досыңыз бүйтті, анау сүйтті деп хат келеді де тұрады 😉 Адамның қанын қайнатады екен!!! ;))) Жалпы, жақсы тақырып 😉

  2. кендебай айтады:

    қиын болды де…

  3. Askhat айтады:

    Шынымен де керексіз дерекетрі жинап алсаң, кейін көп уақытыңды алады. Сол Мой мир мен көп уақытым босақ кететінін аңғарып жүрмін. Интернеттегі әлеуметтік желілердің шынымен де уақытыңды білдіртпей ұрлайтыны жаман.

  4. akzere айтады:

    Негізі сол Мой мирде жақын адамдарымды, достарымды жинап қоюға ашқанмын, бір жағынан ұнайды. Айдаладан дос болайық деп көбісі сұранады. Ал қостым, жарайды. Ары қарай болды, не а-сы жоқ,не б-сы жоқ. Сірә, өзінің тізімінің қатарында жүргенді қалайды ғой деймін. Саны көп, сапасы жоқ оны қайтпек?

  5. zhannur айтады:

    osynyn bari mumkin uakyt otkizu ushin shygar.

  6. arsenal777 айтады:

    Ақзере, жарайсың. Бұл өте-мөте өзекті тақырып!!! Мой мир деген бәле де, м-агент те қажеті жоқ, сапасыз, ешқандай мәні жоқ нәрселер. М-агентте жүретін адамдардың 80 пайызы жалыққандықтан отыра баретінің түсіндім, қазір оған кірмеймін. Авторизациясы ыңғайсыз, агенттің қызмет көрсетуі де өте төмен деңгейде. Одан да, вконтакте.ру фэйсбуктың клоны болса да, сонда тіркелген жақсы. Досынды тауып алсаң джаберге шақыр да, тыныш сөйлесе бер. Ал мэйлрудың қызметтеріне үзілді-кесілді қарсымын.

  7. Айко айтады:

    агент жақсы, тек системчиктердің өшріп кететіні болмаса :(.
    небір таныстар таптым. кейде кездесіп, ойымыз келіспей қалған кездер де болып жатады.
    Бірақ жаманы сол ар жағындағы адамның кім екенін білмей дал болатының, бірде отырғам онлайнда. Бір жас бала қосчы деген соң қостым. Көп сөйлейстік. Ол өте ақылды, білімдар, көреген т.б. керемет жақтары көбейе түсті, ол өзін іздеттіріп қойды. Сөз арасында ол мені, мен оны танығандай болғам сөйтсем қателесіппін…
    Біздер ровна 6 ай дегенде дауыс есту процессіне өттік. Міне сонда білдім кім екенін. Ма-ма, ма-ма дейсің. Очм мен жарты жыл сөйлесіп келген адаммым 50 асқан адам 😦
    данныйларында менімен жасты бала. Бізарға дейін өз-өзіме келе алмай қалдым.

  8. akzere айтады:

    Ма-ма… 😦

  9. arsenal777 айтады:

    ))))Айко, білімдар, көрегендігі содан шығар. агентте таныспау керек «обчм»

  10. Konil Ashar айтады:

    oi Aiko:))))
    qatyrasyn sende
    kop uayqt alatyn nars enegizi. biraq moi mirdi ashtym, jaqyn dostarymdy tabaiyn dep a tak buryndary adeii ashpai jur edim, spamy kop
    Vot vot zere mende de sonai bolgan buryn, avtorizacoa surtaidy sosyn ne aitar angiemsi de joq, onda nesine qosady eken??

  11. Айко айтады:

    негзі жақсы жақтары да бар, бәрін бір жақты қарамау керек қой. өткен күзде бір баламен дос ретінде арласып, басында өзі сөз бергендей болып еді. жоқ деп жай арласып жүріп-жүріп, тура кетер кезде қимай қалдым, мүмкін бауыр басып қалғандық болар. әліде хат жазып тұрады. енді қой алысқа кетпей деп басып қойдым. кетер кезде Чика деп жылап әкеш «за күйік» деп 200грамдық пиуа(қаламасамда) тартып алдым 🙂
    серенада ойланып, сосын ол күледі. чета маған ғашық бов қалдың ба деп, ой айтпа, крышам кетіп қалды. базар жоқ бала екеніңді киін білдім деп мен шын керек іштей қимай. Ол өте сүйкімді бала етін. Ой талай қызық бов тұрад негізі, бұл да бір өмір, вертуально болғанның сонсы жақсы сырттай/іштей адамның кім екенін білмейсің. Әлжуаз, очкарик, романтиканы ойлап жүре бересің. 🙂

  12. Сәкен айтады:

    кейде керек болады. Сол үшін ғана тұр менде Агент.
    Мой мир дегені де сол. Бірақ кейде ойланасың… Саяндікі де дұрыс шығар деп. Ру-ға кірмей-ақ қойсам ба деп дегендей :))

  13. Айко айтады:

    Арсенал777 очм сен айтқан дұрыс бірақ тек махаббат емес қой мұнда басқа тағдырлар басқа әлем жатыр ғой. өз басым қатты мән берем. Мысалы, маған ешкім бала ретінде қызық емес, дос ретінде адам ретінде қызық. Әбден мезі болғам суретің әдемі екен, крышам кетіп қалды, кездесіп нетейік деген сияқты іш ауыртар сөздер. Бірақ сүйкімді бала болса неге жақын таныспасқа?! оның да бір дүйттегені бар шығар бірақ… Ә мейлі, онда бізде жай қабылдап жүре берейік. Бізде жаз бойы жұмыс жоқ. жұмысқа келіп ішің пысады. не істейсің, сондай кезде агентпен кештің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Лафа өмір дачы. Өзім психологиясын білуге көп тырсам, көбіне кейбір штрумға тырп етпейтін адамдар болады. Кейде приколистер болады. ондай кезде. екі көзім білеудей болып ісіп кетеді күле-күле. ал маған керек уақыт өткізу үшін, күні бойы төрт қабырғаға қарап жынданып кетпеймін бе? от-от-от сондай кезде, өзім мені қосшы деп сұрап алып, ойнап отырам, көбіне шымкенттік бір баламен шашки ойнаймын. қалай екен деп таңым бар, бұрым реалда жынды ойнаушы едім шашки, агенттен жеңіліп қала берем. Әр жеңілгеніме, бір жерімді көрсетем яғни құлақ, мұрын, шеке, тіс қолым деп белгілеп қойғам, жеңіліп жеңіліп көзді көрсетер кезде…(нағыз керек) жерге келген кезде достан шығып кеттім. қазір агент жоқ қосса тағы ойын ойнаймыз 🙂

    Мои мирдан таба алмай қалған кластастар, жумыстастар, гурпаласттар жынды проект дачы. маған ұнады.

  14. arsenal777 айтады:

    Айко, ондай болса, сөз жоқ. уақыт өткізуге арналған нәрсе ретінде ғана қарасаңыз. жұмысыңыз күшті екен:))))

  15. akzere айтады:

    Жоқ, шынымен кейде күшті адамдар жолығады. Сол адаммен сөйлесу деген бір ғанибет болатын кездер де болады. Бірақ авторизация сұрап тұрған дәл сондай адам екенін қайдан білесің. Сосын құр жинаап алып отырғаның…

  16. Русланннн айтады:

    Игнорда бір-екі адам жүр, қалғандарымен де сөйлесіп жатқаным шамалы 🙂
    Кейбіреулермен сөйлескенде сөзіміз тым жақсы жарасып отырады, кейбіреулерге не айтарыңды білмейсің, сосын отырғаным өстіп, біреулердің контакт-листіндегі адам санын толтырып )))
    Айтпақшы, мой мирдан біраз кластасымды таптым. Бір-екі сөйлескеннен кейін олармен де сирек сөйлесе бастайсың. Одан да бір-бірімізді тіптен көрмей барып, біраз жылдан кейін көрген жақсы ма деп қалдым )))

  17. Symbat айтады:

    Мой мирден ескi таныстарымды таппасам, жана дос iздемедiм. Бiр кызыгы осы такырыпты окымай турып бiр-екi «керек емес» баска елдiн окiлдерiн ошiрiп тастагам. Олардын алдында не ушiн ошiргенiме есеп беруге мiндеттi емеспiн. Достар тiзiмiмде бiр аттас, бiр фамилиялас кыз бар. Олар журе берсiн танымасам да…. 🙂

  18. Konil Ashar айтады:

    YA arasynd paidasy da bar. Jap-jaqsy angimelestin adam bolsa jaqsy goi..

  19. Керім айтады:

    Агент рудың қызмет бабында көмегі бар, әр кабинетте отырып сұрай бересің. Ал танысу жағына келсем, авторизация сұрағандардың бәрін қоса бермеймін. Менің агент парағымда 16 адам бар, оның алтауымен өте жақсы сөйлесемін. Кейбірі уақыттары тығыз агентке сирек қосылатындар, ал кейбірі привет, как деладан басқаны айтпай тоқтап қалады қосылған соң.

  20. akshakar айтады:

    Хаха, расымен де авторизация сурап, к1с1 санын толтыратындар тек мен де ме десем, сосын Кер1м айткандай, привет покадан аспайтындар да тек мен1н профайлымда деп ойлап журсем, бар1м1зге ортак «проблема» екен гой:)
    Кунде ап дегеннен компын ашкан бетте агент1н жалма-жан косып ынтыккан жандарды кор1п журм1з…Таныскан адамын да б1р1нш1 «агент1н бар ма?» деп сурап, «жок» деп жауап берсен, кад1мг1дей мунаяды гой баска байланыс куралы курып калгандай…
    Очм, керек зат емес!

  21. Тәңірберген айтады:

    Виртуалга кирип алып шыга алмай жургендер коп. Реалды омирден издеген дурыстап табысатын адамды. Мен телефонга жугинемин. Аська койып алмайсыз ба дегендерге бир турли караймын. Типти шетелде турса да (роуминги) болса телефонмен сойлескенди дурыс корем. Сыртылдатып клава баскан не сор?!

  22. Жансая айтады:

    жігіттерді іздеймін

  23. Akiko айтады:

    Тәңірберген I`m agree with u!

  24. H20 айтады:

    жігіттер тығылыңдар жансая іздеп жур бізді!

  25. Adik айтады:

    еее агенті курысын бір кызга гашык болып калдым агенттін кесірінен

  26. Дина айтады:

    Катырдындар, мой мир жаксы гой, всегда в курсе событии болып отырасын, кластас, группалас, мугалим, сосед, не истеп жургенин билип отырасын.Ал виртуалды махабатка сенбейм, жай девок клеют,ал биреулер кадимгидей уйленетин кыз издейди, кызык.

  27. Danera айтады:

    енді агентке кірмейміз деген адамдарды естіпте кездестіріпте жүрмін. Өтірік бәрібір басқасын ашып сонда жүреді сонда мұнымен кімді алдағысы келеді. Сонымен жақсы көрінгісі келгеніме. Оданда жүре беріңдер өтірік айтпай кімнің қандай шаруасы бар

  28. ар айтады:

    м дурыс бопты.

  29. Сема айтады:

    Агенттің соры бүгінде отбасына да өз зардабын тигізіп жатыр деп естігем. Бірақ агент арқылы танысып кейін жақсы дос боп кеткен адамдарым да бар, екі ауыз сөзден кейін -ақ кімнің кім екенін білуге болады емес пе! сол үшін оларды басынан құртып жіберуге тырысамыз, әрі қарай не өзіңше пәлденіп отырсың дегенді естімеу үшін. Агентте бауыр басып қалу ең қиыны.негізііііі тек жүрсең тоқ жүресің

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: