Еркектер НЕГЕ ұқсайды?


16884491_x_6ab9d909.jpg

Итке: сені серуенге алып шықса әйтеуір ағаш түбіне сүйрейді.

Дипломға: оны алу үшін көп уақыт пен күш жұмсайсың. Алғаннан кейін қандай пайдасы бар екенін түсінбейсің.

Қар көшкініне: оны қашан күту керектігін, қанша мөлшерде болатынын және қанша уақытқа созылатынын білмейсің.

Теңіз атбас балығына: анау да, мынау да өздерін айғырмын деп санайды, алайда қорғансыз жай ғана балық екендерін сезбейді.

Кафельге: егер алғашында дұрыс төсесе оның үстімен көп жылдар бойы жүруге болады.

Автобусқа: әрдайым сенің күтпегенің келеді.

Мармеладқа: әдемі пішіннің ішінде сәйкесінше бәлендей ештеме жоқ.

Галстукке: өзінің ең басты міндетті орнына қарамастан әйел мойнында әдемі көрінеді.

Интернеттегі ақпаратқа: тапсаң да, бірдеме жетіспей тұрады.

Автотұрақ орнына: ең жақсы орындар, әлбетте, бос емес. 

🙂

Advertisements

20 Responses to Еркектер НЕГЕ ұқсайды?

  1. Аршат деген айтады:

    Ал әйелдер жәй ғана адамның досы 🙂

  2. arsenal777 айтады:

    Ақзере, рахмет. Күшті!

  3. akzere айтады:

    Аршат, осындай салыстырмалар керек. Әйтпесе болмайды 🙂

  4. […] блогына бас сұқсаңыз, “Еркектер неге ұқсайды?” деген мақалаға ұшырасуыңыз мүмкін..Мысалға […]

  5. Кафельге: егер алғашында дұрыс төсесе оның үстімен көп жылдар бойы жүруге болады.

    ой ішегім ай..:)))))))

  6. akzere айтады:

    🙂 келісіп, күліп жатырсыз ба?

  7. Теректің түбіне сүйрегенін көргенменен көйкінің астына сүйрегенін көрмеппін

  8. Аршат деген айтады:

    кафель туралы теңеуіңді дұрыс түсінбедім, сірә дұрыс аудармадың ау ә?

  9. akzere айтады:

    Дұрыс аударылған, Аршат! Кафель болғанша адамның досы болған жақсы екен ғой… 🙂

  10. Нұрғиса айтады:

    🙂 🙂 🙂

    сөз жоқ, семіз бес! Ертең ата-анаң мектепке келмей-ақ қойсын 🙂 🙂

    Ай, осылардың таппайтыны жоқ, е, ой Алла-ей…

  11. Қазақ айтады:

    Дым қызығы жоқ. Әйтеуір бір батыстың құртылған, әбден еркектерге ыза әйелдің жазған сөздерінің аудармасы сияқты.
    Осы сөздерді сірә бір жігітпен кездескенде айта алмассыз-ау.

    Түзетулер:

    Итке: иттердің сүрініп, құлап жатқанын көрмеппін
    Дипломға: сіз тек дипломға бола оқитын шығарсыз, бірақ мен көрген жұрттың көбісі білім үшін оқып жүр.
    Қар көшкініне: қазір теледидардан күніне жиырма бес рет ауа-райын айтады. Дәл емес, бірақ көбінесе дұрыс айтылады.
    Теңіз атбас балығына: менің жолдастарымның барлығы өз сөздеріне тұрады. Тағы да, көп жігіттер де солай. (Кіммен танысып жүрсіз?)
    Кафельге: далбаса, тек ерін ұнаттырмайтын әйел ғана сондай амалдар жасай алады. Ал сіз не, бақытсызсыз ба? Мүмкін ерінізге сәл құрмет көрсетсеңіз, ол да сізге жақсы қарар.
    Автобусқа: мен тұратын жақта автобустар уақытылы жүреді.
    Галстукке: хммм… келісермін 🙂
    Интернеттегі ақпаратқа: Google-ді қолдансаңыз, сізге жақсы жігітке дейін тауып берер.
    Автотұрақ орнына: алайда адамды тек түр бетіне қарап таңдамаймыз ғой. Солай ма?

    Қысқаша, ҚЫЗДАР, егер әзіл жазатын болсаңыздар, сәл шындыққа сай келтіріңіздерші, ал жаза алмасаңыздар, онда…
    Жай әзіл болса да….

  12. кендебай айтады:

    ал қыздар машинаға ұқсайды. Машина тәрізді неғұрлым жаңа болса, соғұрлым қымбат.

  13. akzere айтады:

    Ой, Қазақ!!! Әзіл жаза алмасаңдар, қыздар… деп жазғаныңның өзі қыздарды кемсіткенің. Кемшілікті бізден іздегенше, өздеріңнің кемшіліктеріңді көре білу керек шығар. Негізі аударма да соған бағытталған. Жалпы, бұл әзіл ғой. Сіздің ар-намысыңызға тікелей тиіп жатса кешірерсіз…

    Ал Кендебай, сізбен толық келісем!!! 🙂

  14. Аршат деген айтады:

    Қазақ респект! өте дұрыс жазғансың, толық қосыламын!

  15. […] Ақзере өз блогында “Еркектер НЕГЕ ұқсайды?” деген мақала жазған еді, соған еркектер атынан жауап […]

  16. tomiris айтады:

    Акзере екеумиз еркектер туралы бирдене жаза калсак онда феминист атак алып жатамыз. Сира биздерди еркектерди суймейтин олардан тунилген деп ой туйеди. Бугинги кунде мен биреуди суйемин десем тагы да кинали боламыз. Суйетиндей сонша олдин бе олардын артынан жугируге болмайды деп суйген ушин женилтек кыз атанып калуда гажап емес. Сондыктан жаза бер жаза тус. Еркектердин жырын биз жырлайык. Еркектер коп дейди коп болса коп болсын. Батыры коп ел корикти гой. 🙂

  17. гулназ! айтады:

    Еркектин аты еркек кой,ширкин,кыздар,кай жерде мейли кашанда!!!

  18. Рустем айтады:

    Еркектерди буркитке уксатындар, шамасы келмеген жагдайда куздан кулап олетин. Жанагы кафельге немесе тагы баска нарсеге уксаткандарын оларды ер деп санамандар. Ал жас ерекшилиги ол баска ангиме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: