Қайда жырларың, мұңды әнің жүрекке бір маза бермеген?


Жақында Ресей президентін сайлау барысында жаңалықтардан репортаж беріп жатып, олардың қызыл алаңдағы концерттерін көрсетті. Сонда Ресей шоу-бизнесінің ірі тұлғалары – Любэ, Машина времени, т.б. өнер көрсетіп жатты. Олардың әйгілі хиттарын алаңға жиналған жасы бар, кәрісі бар барлығы хормен айтып, көңілдерін көтеріп жатыр. Сосын осы 8 наурыз қарсаңында Эдита Пьеханың концертін берді. Онда да ерте кездерде орындалған әдемі өлеңдер, құлаққа жағымды, түсінікті хиттар… Шынымды айтсам қатты қызығып кеттім…


“Машина времени”-мен қосылып айтып жатқан мына өлең:
Вот новый поворот, и мотор ревет,
Что он нам несет – пропасть и взлет, омут или брод,
И не разберешь, пока не повернешь за поворот.
И не разберешь, пока не повернешь за поворот.
И пугаться нет причины, если вы еще мужчины,
Вы – кое в чем сильны.
Выезжайте за ворота, и не бойтесь поворота,
Пусть добрым будет путь.

Қарап тұрсаң бір өлеңнің астарында өмірдің шындығы жатыр.

Ал мына Вячаслав Добрыниннің мына шумақтарын алыңызшы:
Льется музыка, музыка, музыка,
То печаля, а то веселя.
Кто-то тихо играет на дудочке,
Под которую кружит Земля.
Льется музыка, музыка, музыка
И вовек не устанет кружить.
Бесконечная, вечная, мудрая,
От которой так хочется жить!


Вадим Быковтын сүйіктісіне арнаған мына өлең:
Яркий, далекий свет
Потревожил сон, любимая моя.
Даже осенний гром
Был в тебя влюблен, желаний не тая.
Стекла умоет дождь,
Ручейки сорвутся с крыш,
После вчерашних встреч ты тихонько спишь.


Қайғылы махаббатты Валерий Меладзе былай жырлайды:
Красиво ты вошла в мою грешную жизнь,
Красиво ты ушла из нее,
Но, играя, разбила мне душу,
А ведь это совсем не игрушка –
Это сердце мое.


Және де бұл, білесіздер, шектеліп қалмайды. Орыстардың жүрекке кіріп, бойды алатын өлеңдері жетерлік. Ал біз қазақ сөздері өте бай, бір сөздің бірнеше синонимі бар деп мақтанамыз. Ал неге бізде осындай әндер кемде-кем? Махаббатты айтса да жылап: тастап кеттің, ойбай, өлейін деп жатырмын дегеннен басқа ештеме айтпайды. Және де сондай өлеңдер танымал болып шыға келеді, ал сол сұрықсыз әндерді айтқан әншілер жұлдыз ауруымен ауырып жүреді. Концертке барсаң ұйқың келіп қайтады.
Сол концертке тым құрымағанда 1 мағыналы, әдемі ән жаздырып алуға болмас па еді? Әншілердің ән таңдағанда мағынасына, әуеніне назар аудармай ма? Халыққа ұнай ма екен? Хит болар ма екен? – деген. Бұл жай ғана өз тыңдармандарыңа деген құрмет емес пе?
Кейде бір әнді тыңдап отырып, оған тағы да клип түсіріп қойғанына қарап бұл әнмен шыққанша шықпағаның артық еді ғой деген ой келеді.
Мен қазақша мағыналы өлеңдер жоқ деп айтпаймын. Бар! Бірақ аз… қазіргі кезде мағынасы да, әуені де жақсы деген бір әнді мысалға келтіріңзші. Ең соңғы ұнаған әндердің бірі Мюзиколаның – “Сен мұңыңды бер маған” әні. Және де бұл өлеңді Мұстафа Шоқай жайлы түсірілген фильмге саундтрек болғандықтан шығар жақсы жазылғаны. Бейбіт Сейдуалиева, Тоқтар Серіков, МұзАрт, Нұрмұқасан топтарының репертуарларында да мағыналық баршылық мүмкін насихат жетіспейтін шығар?..
Қазақта шоу-бизнес жоқ, той-бизнес бар деп мақтана айтады. Ұялу керек емес пе? Мен түсінемін, өлеңді жазу үшін, телеарнада айналдыру үшін қаржы керек. Мемлекет көмектеспейді деп бәрі жылайды. Алайда Шәмші Қалдаяқовтың заманын алайықшы. Ол адамның жазып қалдырған қаншама хиттары бар. Ал ол кезде соларды біреу насихаттады ма? Халыққа ән ұнайды, әуені ұнайды, мағынасы жақын. Сондықтан да ол әндер әлі күнге дейін ел аузында.

Мағыналы, жүрекке кіріп, бойды алатын қазақ әндеріне ашпын… Әзірге бүкіл республика сарайы болып, бірігіп тек әнұран ғана айтатын халдеміз. Өкінішті…

Advertisements

5 пікір | Қайда жырларың, мұңды әнің жүрекке бір маза бермеген?

  1. technosyndrom айтады:

    …Сіздің осы мақалаңызға қазіргі қоғамда екі түрлі пікір болуы мүмкін.
    Біреуі – неопатриоттардыкі. Шамамен: «Бұл мақаланың авторы қазақша біле ме өзі? Қайдағы орыстың әншілерін үлгі қылып. Көрмес түйені де көрмес қарындас: бізде де бар, жүрек тербететін әндер, Сағира Үшкемпірова ше мысалы? Қибатша Қосбармақова,Әшірәлі Бәтесов, Рымбай Шалов сияқты әншілеріміз анау мынау Любэңнен кем түспейді! Ауыз өзімдікі деп жаза беруге болмайды, қарындас!»

    Екіншісі – мен сияқты қарапайым пенденікі. Шамамен:»Өте дұрыс жазылған! Бізде өмірдің барлық кезеңін қамтитын өлеңдер жоқ. Шәмшінікін аранжировкамен айта салғанға байқамай жұлдыз болып кеткендер, енді тіпті бәлсінетінді шығарыпты. Өте орынды жазғасыз, қарындас!»
    Мен – екіншілердің қатарындамын…
    P.S.: «Ойбай,өлдім» деп, осы күнгі өлеңдерді дәл сипаттаған екенсіз, хых-хых-хы…

  2. bakytnur айтады:

    Bylai karasang durys, kazir ne kop anshi kop. Jane anshi jok 🙂

    Endi bir jagynan karasang zarlap jok jok dep, ekinshi Shamshini kutip otyrgannan barymyzdga koldau korsetu kerek. Solardy jarnamalap kerek, jaksysyn tangdap alyp jumyluymyz kerek.

  3. huanysh айтады:

    sagan karasam mahabatting chabitinda balkip jurgen aru sekildisin

  4. Aiko айтады:

    Біздің үйде Эдита Пехьаны көріп рахатқа баттық. Базар жоқ апачка ғой.

    Зере «өлтіріп» сапсың. Тууу «ана» жерлері маған да түк ұнамайды, жыным келед, қай кезде қазақтың еркегі еңіреп жылыған???
    от-от-от соны ән қылып шығарып млин. Негізі халық әндері, қазақтың сипатын көрсететін әндер қазір расында да аз. Барлары қолдаусыз қалып жатыр… Гауһардың орындауындағы кейбір әндер керемет, заманына сай өңдеген, «Балқадишасы» қандай десеңші. Жақында бір таныс әншінің өлеңі жарыққа шықты. Радиодан беріп еді, құлағымда әуені қалып қойды, патриоттық ән екен, пенделік қасиеттен ада болып, …жылқының шабысымен шауып келе жатқан қазақтың ерін анық көріп отырасың… көз алдыңа елестетіп. Одан кейін радиодан қайтып берген жоқ қаражаттың жоқшылығынан…
    Міне, сосын «іш өткізетін» әуендерді тындауға тура келеді.

  5. akzere айтады:

    🙂 Ай, Айкоша, қатырасың… Сол “іш өтіп” жүр да, қазақ эстрадасына…
    Бақытнұр, даусы жоқ, мағынасыз әндер айтатын әнші сымақтарды дым қолдағым келмейді. Қолдайтындар табылса – қолдай берсін.
    Қуаныш, мен ғашық емеспін!!! Махаббаттың шабытында балқып жүрген жоқпын. Мен жай ғана адамдардың атынан сөйлегім келеді, соларға жақын тақырыптарды қозғағым келеді.
    Ереке, вы как всегда в точку!!! Рахмет!

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: