Көктемгі меланхолия

Наурыз 31, 2008

film22.jpgЖүрек шіркін тапса деймін тез емін,
Қиялымды қанат қып кеңістікті кеземін.
Өзіңді іздеп… Қайдасың? Ұмыттың ба?!
Жо-жо-жоқ!
…Сағынышың екенімді сеземін.

Өзің ғашық гүл-өңім
Сарғаймасын, жайнасын деп
Жылап тұрып, күлемін…
Ойламауға тырысып, сызғаныңмен санаңнан,
Жүрегіңнің төрінде мен жүрмін ғой, білемін.

Өлшер ме еді сағыныштың салмағы мен көлемін?..
Өз өмірім өз қолымда, өзім ғана төремін.
Десем дағы… жете алмай,
Арманымның әлемінде жолығып,
Тек түсімде көремін.


Еркектер НЕГЕ ұқсайды?

Наурыз 26, 2008

16884491_x_6ab9d909.jpg

Итке: сені серуенге алып шықса әйтеуір ағаш түбіне сүйрейді.

Дипломға: оны алу үшін көп уақыт пен күш жұмсайсың. Алғаннан кейін қандай пайдасы бар екенін түсінбейсің.

Қар көшкініне: оны қашан күту керектігін, қанша мөлшерде болатынын және қанша уақытқа созылатынын білмейсің.

Теңіз атбас балығына: анау да, мынау да өздерін айғырмын деп санайды, алайда қорғансыз жай ғана балық екендерін сезбейді.

Кафельге: егер алғашында дұрыс төсесе оның үстімен көп жылдар бойы жүруге болады.

Автобусқа: әрдайым сенің күтпегенің келеді.

Мармеладқа: әдемі пішіннің ішінде сәйкесінше бәлендей ештеме жоқ.

Галстукке: өзінің ең басты міндетті орнына қарамастан әйел мойнында әдемі көрінеді.

Интернеттегі ақпаратқа: тапсаң да, бірдеме жетіспей тұрады.

Автотұрақ орнына: ең жақсы орындар, әлбетте, бос емес. 

🙂


Наурыз құтты болсын!!!

Наурыз 21, 2008

Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға
Наурыз айы туғанда!!!

Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан, мөлдір махаббат тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!!


Read the rest of this entry »


Творчестволық бірлестік (жалғасы)

Наурыз 19, 2008

123.jpg


Мені біреу сүйсе деймін себепсіз

Наурыз 17, 2008

15735702_mm-copy.jpg


Қайда жырларың, мұңды әнің жүрекке бір маза бермеген?

Наурыз 13, 2008

Жақында Ресей президентін сайлау барысында жаңалықтардан репортаж беріп жатып, олардың қызыл алаңдағы концерттерін көрсетті. Сонда Ресей шоу-бизнесінің ірі тұлғалары – Любэ, Машина времени, т.б. өнер көрсетіп жатты. Олардың әйгілі хиттарын алаңға жиналған жасы бар, кәрісі бар барлығы хормен айтып, көңілдерін көтеріп жатыр. Сосын осы 8 наурыз қарсаңында Эдита Пьеханың концертін берді. Онда да ерте кездерде орындалған әдемі өлеңдер, құлаққа жағымды, түсінікті хиттар… Шынымды айтсам қатты қызығып кеттім…

Read the rest of this entry »


Құдыретті адам

Наурыз 7, 2008

“Сіз неге жылайсыз?” – деп сұрады кішкентай бала анасынан.
“Өйткені мен әйелмін”, – деп жауап берді анасы.
“Түсінбедім” – деді ол.
Анасы баласын қысып құшақтап: “Ешқашан да түсінбейсін… бірақ бұл дұрыс” – деп айтады.

Кейін бала әкесінен сұрайды: “Анам осы менің ойымша себепсіз жылайды, неліктен?” “Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді” – деп қысқа ғана әкесі жауап қайтады.

Read the rest of this entry »