Ғашықтарға да бір күн керек


Әулие Валентин күні кеше болса да, ештен кеш жақсы деп пікір білдіріп кетейін. Осы күнге дейін көптеген газеттердегі (көбінесе қазақ газеттері) бұл күнге қарсылық білдірген мақалаларды оқыдым. Біраз ойландым… Шынымен-ақ, біз неге біреулердің өлген күнін, әулиесін тойлауымыз керек деп топшыладым. Алайда, осы күн келген кезде баяғы сол есті кетіретін жол тығынымен ескірген сасық автобуспен умаждалып, күңіренген офиске келіп, қызметкерлермен құйтырқы амандасқаннан кейін жұмыс үстеліңде жатқан жүрек пішіндес открытканы көргеннен кейін… – жымия қоясың. Ал сосын кетті… құрбыларыңның смс-тері, виртуал сыйлықтар… ой, Құдай-ай көңілің бір көншіп, біраз риза болып отырасың. Сосын ойландым тағы да… әй осы бір күн адамдарға біраз күлкі, көңіл-күй сыйласа оның несі жаман? Өмірімізді өзіміз гүлдендірмесек, қызықты сәттерге толтырмасақ, оның несі өмір?
Сондықтан, бәрібір де ғашықтардың да бір күні болу керек сияқты. Айтылмаған сырларын айту үшін, бір-біріне керектігін тағы бір рет көрсету үшін, көңілін көтеру үшін, риза қылу үшін бір күннің керегі хақ.
Махаббаттарыңыз әрдайым жауапты болсын. Сонымен қатар лайықты адамдарға бағытталсын. 🙂

Advertisements

3 Responses to Ғашықтарға да бір күн керек

  1. Аршат деген айтады:

    Кей адамдарға сезімдерін білдіре алу үшін осындай күндер керек сияқты. Жалпы позитив мерекелерден қашпау керек.

  2. akzere айтады:

    Дұрыс айтасыз, Аршат!!!

  3. Kuanysh айтады:

    Қозы мен Баян күні туралы бастама жайына қалды ғой. Қазақы нақыштағы бірдеңе ойлап табу оңай болмас. Өз басым Әулие Валентин күнінің жастар санасын улап жатқанына қатты қынжыламын.
    Ал, бір-бірімізді құттықтау, сыйлық тарту ету мәселесіне келер болсақ ұлтымызға тән өзге де мерекелер жетеді ғой!
    P.S «Иман» блогындағы Валентин күніне арналған мақаланы оқып шығуды ұсынамын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: