Кейде…


Кейде адамдар өмір бойы ізденісте жүреді, ал кейде бір-ақ күнде тауып алады.Кейде біз өте ұзақ күтеміз, ал кейді біреулерді күттіріп қоямыз.

Кейде біз күлкіден жылап жібереміз, ал кейде жылап қалмас үшін күлеміз. 

Кейде біз соғып тұрған желге қарама-қарсы бағытта қолымызды екі жаққа жайып, желдің бостандық энергиясын құшамыз, ал кейде күртешемізге тығылып, шарфымызды қаттырақ байланып аламыз.

Кейде күнге қарап, оның жылы сәулелеріне бетімізді төсеп, күлімдейміз, ал кейде күннен қорғанатын үлкен көзілдіріктерді тастамаймыз.

Кейде біреуді кездестіреміз де, осы адам менің өмір бойы іздегенім деп ойлаймыз, ал содан кейін оны шығарып салып тұрып, бәрі осылай болу керек болған деп тұжырымдаймыз.

Кейде біз сөйлесуге ұмтыламыз, өз көзқарастарымызды дамыту үшін жаңа достар табамыз, бір жақтарға асығамыз, ал кейде көзімізді жұмып, жаныңа сабырлық пен ақыл келтіретін өмірде тек өзің мен тыныштықтан басқаның керек емес екенін сезінеміз… 

7 пікір | Кейде…

  1. tomiris says:

    кейде деп жаза берсек, қой қарама қарсы жағы көбейіп кетеді екен.
    Бәрінен бұрын махаббатқа еш жетпейді ғой, сонда да оны мойындағысы келмейтіні бар… Көзді жұмда көңілін көр, көңілін көр де жүрегін көр, Жүрегін көр де өзіңді көр. Міне махаббат деп осыны айт, өзіңді көру үшін сабыр керек сабыр…. Маған махаббат ұнайды…. 🙂

  2. Janarbek says:

    Keide men sening blogynga kelip ketem, keide sen mening blogyma kelip ketesing 🙂

  3. arsenal777 says:

    кейде біздің санамызды тұрмыс билеп кетеді, шешімізді 180 градусқа өзгерткеніміз де сол шығар…

  4. huanysh says:

    asikpasaniz barine jetesiz dep oilaimin,
    adam oilansa jaksi goi osining barin.
    Ne istesek te bergi jagin, tubin oilap jasasak jaman bolmas!

  5. akzere says:

    Janarbek, Сіз ренжімеңіз. Шынымды айтсам, осы күндері соңғы кейдемнің күнін кешіп жүргендеймін. Жаным тыныштықты қалап жүргендіктен бе, көп жазуға да, бірдемеге ұмтылуға да зауқым болмай жүр. Сіздің блогыңызға да әлі талай кіріп, коменттер жазып отыруға тырысамын. 😉

  6. janarbek says:

    Raxmet akzere,

    Durys, Keide adam tynyshtykty angsaidy. Talai ret computerding basynda otyrgan kezimde, tynysh awylda koi jaiyp jurgen kezderimdi sagynyp edim.

  7. адардар озине не керектигин кеш тусинеди. ал сол уакытка дейин нешеме киындыкка жолыгады. кимди кутеди.? неге кутеди.? ал ол келгендеше? куанады бирак еш емин- еркин куле алмайды. себеби онын куткени ол емес болып шыкканда кимди куттим неге куттим деген сурактар мазалайды. кейде омирге деген куштарлыгын артып тасып турасын. ал болмашы озгериске бола тунилесин. кейде сагынып куткенимиз келгенде тез сагыныш сонеди неге? ойткени козден кетип конилден кеткен болады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: