Әйел сұлулығы Одри Хепберннің көзқарасымен

Ақпан 22, 2008

Мына төмендегілер Одри Хепберннің: “Сіздің сұлулығыңыздың сыры неде?” – деген сұраққа жауап бергендері екен.

1. Еріндерім әдемі болсын десеңіз – жылы сөздер айтыңыз.
For attractive lips, speak words of kindness.

Read the rest of this entry »


Ғашықтарға да бір күн керек

Ақпан 15, 2008

Әулие Валентин күні кеше болса да, ештен кеш жақсы деп пікір білдіріп кетейін. Осы күнге дейін көптеген газеттердегі (көбінесе қазақ газеттері) бұл күнге қарсылық білдірген мақалаларды оқыдым. Біраз ойландым… Шынымен-ақ, біз неге біреулердің өлген күнін, әулиесін тойлауымыз керек деп топшыладым. Алайда, осы күн келген кезде баяғы сол есті кетіретін жол тығынымен ескірген сасық автобуспен умаждалып, күңіренген офиске келіп, қызметкерлермен құйтырқы амандасқаннан кейін жұмыс үстеліңде жатқан жүрек пішіндес открытканы көргеннен кейін… – жымия қоясың. Ал сосын кетті… құрбыларыңның смс-тері, виртуал сыйлықтар… ой, Құдай-ай көңілің бір көншіп, біраз риза болып отырасың. Сосын ойландым тағы да… әй осы бір күн адамдарға біраз күлкі, көңіл-күй сыйласа оның несі жаман? Өмірімізді өзіміз гүлдендірмесек, қызықты сәттерге толтырмасақ, оның несі өмір?
Сондықтан, бәрібір де ғашықтардың да бір күні болу керек сияқты. Айтылмаған сырларын айту үшін, бір-біріне керектігін тағы бір рет көрсету үшін, көңілін көтеру үшін, риза қылу үшін бір күннің керегі хақ.
Махаббаттарыңыз әрдайым жауапты болсын. Сонымен қатар лайықты адамдарға бағытталсын. 🙂


Хиллари Клинтон супер сейсенбіде… :)

Ақпан 6, 2008


Кейде…

Ақпан 1, 2008

Кейде адамдар өмір бойы ізденісте жүреді, ал кейде бір-ақ күнде тауып алады.Кейде біз өте ұзақ күтеміз, ал кейді біреулерді күттіріп қоямыз.

Кейде біз күлкіден жылап жібереміз, ал кейде жылап қалмас үшін күлеміз. 

Кейде біз соғып тұрған желге қарама-қарсы бағытта қолымызды екі жаққа жайып, желдің бостандық энергиясын құшамыз, ал кейде күртешемізге тығылып, шарфымызды қаттырақ байланып аламыз.

Кейде күнге қарап, оның жылы сәулелеріне бетімізді төсеп, күлімдейміз, ал кейде күннен қорғанатын үлкен көзілдіріктерді тастамаймыз.

Кейде біреуді кездестіреміз де, осы адам менің өмір бойы іздегенім деп ойлаймыз, ал содан кейін оны шығарып салып тұрып, бәрі осылай болу керек болған деп тұжырымдаймыз.

Кейде біз сөйлесуге ұмтыламыз, өз көзқарастарымызды дамыту үшін жаңа достар табамыз, бір жақтарға асығамыз, ал кейде көзімізді жұмып, жаныңа сабырлық пен ақыл келтіретін өмірде тек өзің мен тыныштықтан басқаның керек емес екенін сезінеміз…