Ми жайлы 10 факт


1. Ми, бұлшық еттер сияқты, көп жаттықтырсаң өсіп отырады. Орта жастағы еркектің миы 1424 г-ға шақ, қартайған сайын мидың өлшемі 1395 г-ға дейін азая бастайды екен. Әйел қауымындағы ең үлкен өлшемді ми – 1565 г. Еркектердегі ең рекордты мидың өлшемі 2049 г. құраған. И.С.Тургеневтің миы 2012 г болған. Және де мидың да эволюцияға түсетіні анықталған. Мысалы, 1860 жылы орта жастағы еркектің миы 1372 г болған екен. Ең кішкентай көлемді, жақсы жұмыс істеп тұрған ми 31 жасар әйелде болыпты. Оның көлемі 1096 г құраған екен. 9 м ұзындыққа жететін динозаврлардың миы грек жаңғағы пішіндес және 70 грамдай ғана болған екен.

2. Мидың ең даму сатысы 2 мен 11 жас аралығында болады.

3. Үнемі Құдайға сыйыну – дем алу жиілігін кемітіп, ағзаның өз-өзін емдеуге көмектесетін мидың толқуын бәсеңдетеді. Дәрігерге діндар адамдар басқаларға қарағанда 36%-ға сирек барады екен.

4. Адам білімпаз болған сайын оның ауруға шалдығу мүмкіндігі азая түседі екен. Интеллектуалды белсенділік, ауру ткандердің орнын басатын, қосымша ткандердің бөлінуіне ат салысады.

5. Осы күнге дейін істеп көрмеген жұмыстармен шұғылдану – мидың дамуына әсер ететін ең жақсы тәсіл. Өзіңізден инттелект бойынша асып түсетін адаммен әңгімелесу де мидың өсуіне көп ықпалын тигізеді.

6. Адамның нерв жүйесінің сигналдары 288 км/сағ жылдамдыққа жетеді екен. Қартайған шақта 15 пайызға түседі.

7. Миннесота штатының Манкато қаласындағы педагог-монах әйелдердің ұйымы – әлемдегі ең үлкен ми донор орталығы болып тарихта қалған. Монах әйелдер өздерінің өлер алдындағы өсиет хаттарында ғылымға 700 миды қайырымдылыққа ұсынған.
8. Интеллектуалды ойлау қабілеті бойынша (IQ) ең үздік көрсеткішті Миссури штатындағы Мэрлин Мач Вос Савант көрсеткен. Ол 10 жасында 23 жасар адамға тиесілі орта есептік көрсеткішті IQ-ға ие болған. Ол ерекше көп білетіндерді жинайтын Мега қоғамға кіру үшін өте қиын тесті өткен екен. Бұл қоғамда ең жоғары IQ-ді көрсеткен шамамен отыз адам мүше. Ең жоғарғы IQ-ді шамамен миллионнан 1 адам ғана көрсете алады.

9. Әлемдегі ұлттар бойынша орта есептік ең жоғары IQ көрсеткіш жапондықтарда – 111. Жапондықтардың 10%-да көрсеткіш 130-дан жоғары.

10. Өте үлкен фотографиялық жадыға Крейтон Каравелло ие. Ол бір қарағаннан әр колодадағы карталардың (312 дана) тізбегін жадында ұстай алады екен.
Біз өмірімізде миымыздың 5-7 пайызын ғана қолданамыз. Адамзат тағы да осындай 5-7 пайызын қолданса қаншама жаңалықтар алып келер екендігін елестету де қиын. Ал оны сақтап отырудың да қандай маңызы бар екендігін ғалымдар әлі зерттемепті.

5 пікір | Ми жайлы 10 факт

  1. bakytnur says:

    Құдайға сыйыну – дем алу жиілігін кемітіп…. Sonda dindarlardyn miy jumystamaidy degen soz be?

    Myi kitap oku men Quran okudy kalai ajyratady?

  2. akzere says:

    Сәлем, Бақытнұр!!! Ортамызға қайта қауышып келуіңмен!!!

    Кейбір адамдар демікпе ауруына шалдыққан ғой. Яғни әркез іштей немесе жартылай сыбдырмен Құдайға сыйынып жүретін адамдардың сол демікпесі қалыпты күйге түседі деген мағынада. Сол жайлы айтылған. Кітап оқу мен құран оқу жайлы емес. 🙂

  3. arsenal777 says:

    kanshama men buryn estimegen akparat. akparat kozine silteme jasasanyz…

  4. NOMAD says:

    IQ -ді тесеріге болатын сайттарды білесіздер ме?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: