Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!!!


Әні-міне дегенше жаңа 2008 жылды қарсы алуға да санаулы-ақ күндер қалды. Бір жағынан жаңа жыл сезілмейді де. Бұрынырақта кішкентай кезімізде қыс басталмай жатып-ақ мектептегі шырша мерекесіне дайындалып жатушы едік. Ең басты күтетініміз жаңа жылдық сыйлықтар…
Дүкендерде сатып тұрған жасанды шыршаларды көріп, өзімнің кішкентай кезім есіме түсіп кетті. Кішкентай кезімде атам мен апамның қолында болдым. Сол кездері жаңа жыл тақап қалғанда апам жылтырлақ безендіргіштерді шығара бастағанда сондай қуанушы едім, сосын шығарып бөлмелерді әшекейлейтінбіз.
Ағам орманнан шырша кесіп алып келетін. Шырша үлкен болғандықтан оны жатқызып қойып әшекейлетінбіз. Ең басында тұратын жұлдызды мен тағамын деп соған құмар болатынмын. Ал сосын шыршаны көтеріп, бөлменің шамын өшіріп, шыршаны жаққан кездегі менің бала қуанышымда шек жоқ.
…Сағат он екіге тақап қалған кезде атам тост сөйлейді, сосын маған да сөз береді. Ондағы менің тілектерім апам үйреткендей әскердегі ағам аман болсын, қаладағы папа-мамам аман болсын. Бәріміз бақытты болайық деп сөз айтатынмын. Баланың тілегі періштенің тілегіндей ғой. Сол кездері орындалған сияқты.
Балалық шағымды қатты сағындым. Атамды сағындым. Ол осы жылы өмірден озды. Әрдайым ауылға барған сайын бізді көріп, мәз болып, кейде көзіне жас алып та қоятын. Кішкентай кезімде сол кісінің алдында отырып ұйықтағанды жақсы көруші едім…
Құдайдың берері бар, алары бар демекші қорытындылай келсек “Тәуба” деймін. Ең бастысы келесі жыл тек жақсы жаңалықтарға толсын деп тілеймін. Жақындарыңыз әрдайым жандарыңызда болып, дендеріңіз сау, күндеріңіз бақытты сәттерге толы болсын деп тілек білдіремін.
Недегенмен жаңа жыл бір үміт тудыратын мейрам. Бар адамзат жаңа жылға тек үмітпен қарайды деп ойлаймын. Ал үміт, өмірге мән беріп, алға жетелейді емес пе? Үміттеріңіз үзілмесін және де жаңа жылда бәрі іске ассын деп мен сіздермен 8-ші қаңтарға дейін қоштасамын. Жаңа жылды жақсы қарсы алыңыздар!!!


Advertisements

5 Responses to Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!!!

  1. bakytnur айтады:

    Akzere, osynshalykty jazatynyndy bilmeppin..

    «Недегенмен жаңа жыл бір үміт тудыратын мейрам. Бар адамзат жаңа жылға тек үмітпен қарайды деп ойлаймын. Ал үміт, өмірге мән беріп, алға жетелейді емес пе?»

    100% kelisemin.

    Bir jil otip jatyr, uakit otip jatyr. Otken kunge taube etip, keler kunnen umit kutetin meiram shynynda da…

    Jana jilda jana jetistikterge jetkizsin Jaratkanymyz!

  2. Arsenal777 айтады:

    Ademi de mazmundyndy post jane kuttyktau ushin Rahmet. Jana Jyl sizge tek jaksylsyk akelsin.

  3. Askhat айтады:

    Аллаһ Тағала алдағы күндеріңізді шуаққа толтырсын, Ақзере!

  4. akzere айтады:

    Рахмет сіздерге!!!

  5. […] Salem! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!!! By umirbek Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!!! […]

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: