Құрбан айт қабыл болсын!!!


Барлықтарыңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!!! Ниеттеріңіз, тілектеріңіз Алла тағаланың құлағына шалынып, орындала берсін дегім келеді.

Өмірде кейде түңілетін, түңілтетін сәттер көп болады. Соған қарамастан біз өмір сүреміз,
күшті боламыз. Осындай кездерде бұл өмірде бізден де қайғырып, нан іздеген адамдар қаншама екендігін ұмытпайық. Құрбан шалу, мал етін тарату тек осы кезде ғана емес, сонымен қатар 365 күннің қай күні болмасын іске асып отырғаны қандай жақсы болар еді. Тым құрымағанда садақа беріп, мешітке барып отырудың да сауабы мол деп есептеймін. Мүмкін үлкен бір жаңалық ашпаған шығармын. Бірақ өмірде осындай бір кішкентай жақсылықтарды жасауға көңіл бөлмей кететініміз шындық.

Теледидардан естіп едім. Қателеспесем Алматы каналынан, жетімдерге немесе жағдайы жоқ отбасы балаларына, ауру балалардың операциясына ұялы телефоннан смс жіберу арқылы да жәрдемдесу мүмкіндігі бар екендігін. Ол үшін 7 санын 6767 смс жинау орталығына жіберу ғана керек. Бір смс 280 тг. тұрады. Былай қарап тұрсан ешқандай қиын емес және де сол 280 теңгеге 2 шоколад қана тиеді. Сондықтан мейірімді болайық, бар мүмкіндігімізді пайдаланып, әрдайым қол ұшын созып тұрудан кеш қалмайық!!!

Advertisements

10 Responses to Құрбан айт қабыл болсын!!!

  1. akzere айтады:

    Басында тұрған суретті өз размерімен қоя алмадым. Бұрынырақта сурет жазып жатқан терезенің ішіне текст сияқты қоюлушы еді қазір бір адрестер шығып кетеді. Соны code деген жерге енгіздім. Осындай кішкентай болып қалды 😦
    Қалай үлкейту керек екенін айтып жібересіздер ме?

  2. bakytnur айтады:

    Sonda senderding sms-terinnin akshasyn balalarga bere me?

  3. Рахмет, Акзере, мубарак мейрам кутка кенелте берсин!!!
    Мен озим ертенги мейрамды жануыммен карсы ала алмайтыным окиништи, уйден жырактамын жане ертенги сойылатын койга «Кайыр, кош» айта алмаймын 🙂
    Десек те, бул мерекенин ман-манизи жыл санап саналарга бекем синип жатканы куантпай коймайды.
    Иншаллах, баршамыздын амалымыз кабыл, тилектеримиз тузу болгай!

    Ал анау суретке катысты айтарым, http://www.imageshack.us сайтын колданып корип пе един?

  4. akzere айтады:

    Ия, құрбан шалушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Қойдың осы мезетте қымбаттауына қарамастан сатып алушылар көп екендігін естігенім бар.
    Смс жүйесіне келетін болсақ, 1 смс 280 тг. Яғни бөлінген 280 тг-ні сол жетім-жемсіктерге береді. Көп түкірсе көл демекші көптеген адамдар 280 тг-ден жіберіп отырса үлкен көмек болар еді.
    смс жүйесі Қазақстандағы барлық ұялы операторларына сәйкес келе береді.

  5. bakytnur айтады:

    Jaksy idea eken, bastaushylarga Allah razy bolsin!

  6. huanysh айтады:

    Kabil bolsin! Istep jatkan tirlikterin alga bassin!

  7. Ақзере, мен көрсеткен сайт бойынша суретіңді ретке келтіру мүмкіндігі қалай болды? Бәрі орнықты болды ма?

  8. akzere айтады:

    Тілектеріңізге рахмет.
    Суретті қойдым. Бірақ көлемі үлкен екен. Соны кішірейте алмадым. GIF форматында қалай кішірейту керектігін білмедім.

  9. ansar08 айтады:

    Құрбан айт мүбәрәк болсын!!!

    Акция жақсы екен. Нәтижесі қашан белгілі болады?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: