Бақыттысыз ба?


Адамзат өз өмірін екі-ақ жолмен аяқтайды. Ақылдылар өз өмірін шексіз білім, ой-сана, мейірім және рухани күш жинауға арнайды. Олар биікке көтеріледі.

Ақымақтар өздерінің жаман әдеттері мен тұрпайы тіршіліктерінің құрбанына айналып,
құрдымға құлайды.

… Жұрт адамдарды “бақытты”, “бақытсыз” деп екі бөледі. Бұл кімнің қай жолға түскенін
меңзесе керек.

1. Ойламаған жерден бас айналдырарлықтай бақ қонып, байып кетермін деп сену – бос далбаса.

2. Кез-келген ақыл-есі дұрыс адам әлдебір қолдаушы күштерге сенуден бас тартып, тек өзіне, өз күшіне ғана үміт артуға тиіс. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздік.
3. Қолға алған істі тоқтатпаңыз. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдырма.
4. Бойыңыздан жаманшылыққа орын бермеңіз, жан тазалығы мен тән тазалығын сақтаңыз. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа.
5. Мықты адам аз сөйлеп, көп іс тындырады.
6. Өзіңнің кемшіліктерің мен әлсіз тұстарыңды өзіңнен жасырудың пайдасы аз. Сондықтан өзіңе-өзің ащы шындықты мойындатуға тырыс. Өйткені өзін-өзі алдап үйренген адам арын таза ұстай алмайды.
7. Жас, дені сау адамға – кедей өмір сүру ұят, тіпті қылмыс. Ол өзінің материалдық дүниедегі кедейлігі жан-дүниесінің кедейлігінен туындап жатқанын білмейді.
8. Өнер, ғылым және кез-келген еңбек – адамзатқа пайда әкелетін ниетпен жасағанда ғана сол еңбек ақталып, жемісін жеуің мүмкін.
9. Сіз өзіңізді адамзат үшін жаңа іс атқару мақсатымен Құдай жерге арнайы түсірген адаммын деп есептеңіз. Соған лайық болыңыз. Сонда сіз дүниедегі ең данышпан ұстаздардың біріне айналасыз.
10. Адамның мінез-құлқын, оның шын мәнінде қандай екенін бақытсыздыққа тап болып, басына іс түскенде анық байқауға болады. Кемеңгер кең адам тағдырдың салған салмағын нық тұрып көтере алады. Әрі ғылымға, өнерге, мейірімді істерге деген сүйіспеншілігін жоғалтпайды.
11. Кімде-кім басына төнген бақытсыздықтан соң адал, мейірімді, жан дүниесі таза адамға айналса, басына түскен қасіретке де қуана білуі керек. Өйткені, бұл қасірет оның өз басына үлкен пайда әкеледі ғой.
12. Адамның адамгершілік тұрғыдан азғындағандығының ең соңғы белгісі – ақиқатты айналып өткісі келетіндігі. Қорқақ әрі байғұс адам ғана шындықты айтудан, мойындаудан қашады.

жалғасы бар…

Advertisements

10 Responses to Бақыттысыз ба?

  1. bakytnur айтады:

    Оқып отырып ойланып қалдым.

    Сосын Зере, 2шіде өзіне сену дегенің өте рас, бірақ әлдебір қолдаушы күш дегенде бұл жерде Алла қолдамайды деп ойламайсың ба, әлде бәзбіреулердің сенетін белгісіз алып күштерін меңзедің бе?

    Ал 9ды оқып алып қатты ойландым, Алла әркімді бостан босқа себепсіз бұл Әлемге жібермесе керек.

  2. akzere айтады:

    Шынымен де былайынша Аллаға сенімнен күмән туғызатын ой. Бірақ менің ойымша әр адамның жүрегінде Аллаға деген сенім ұялаған. Менің ойымша бұл жерде алдау-арбаумен немесе бір жеңіл жолмен баимын деген бір ой шығар. Сонымен қатар Абай атамыз да айтып кеткен ғой “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегін мен ақылын екі жақтап” – деп. Сол себепті Аллаға сеніммен қатар өз күшіңе сену де қатар жүру керек сияқты.

  3. 7. Жас, дені сау адамға – кедей өмір сүру ұят, тіпті қылмыс. Ол өзінің материалдық дүниедегі кедейлігі жан-дүниесінің кедейлігінен туындап жатқанын білмейді.

    Мынауың қызық екен..Менің ойымша тіпті дөрекі жазылған пікір. Себебі мен жан-дүниесі бай болғанымен, өмірде материалдық тұрғыдан кедей талай адамды көрдім. Олар ол үшін қаймығып жүрген де жоқ. Керісінші сол жағдайынада шүкіршілік етіп отыр.

    Ал керісінше талай адам көрдім, қал ахуалы жақсы, бай, бірақ жан-дүниесі нағыз бишараның күйін кешуде.

    Селджуктардың ұлы ойшылы Мевлана былай деген екен:

    Талай адам көрдім,
    Үстінде киімі жоқ.
    Талай киім көрдім,
    Ішінде адамы жоқ.

  4. akzere айтады:

    Бұл жерде егер адамның дені сау болса және тірлік істеуге барлық мүмкіндіктері болса ол бір минутын да босқа өткізуіне болмайды деген мағынада. Яғни жалқау болмау керек.
    Көп кездестіреміз жолда сап-сау адамдардың немесе алқаштардың қайыр тілеп жүргенін. Былай қарасаң дені сау адам, неге ол сондай жолға түсті… ең бастысы оның рухани кедейлігі сондай жолға алып келді. Егер мықты болып, бар күш жігерін өз-өзіне дамытуға арнаса мұндай болмас еді деп ойлаймын. Әрекет етемін десе көше сыпырса да болатын еді.
    Ал егер рухани бай болып кедейшілікте өмір сүрсе ол бәрібір де кедей атанбайды, өйткені оны қолдаушы адамдар бар, оны сыйлайтын адамдар бар. Олар оны ешқашан кедей деп айтпайды деген ойдамын.
    Ал ақшасы көп болып бақытсыз адамдар да жетерлік ия, оны білемін. Бірақ бақытты болу көп уақытта өзіміздің қолымызда. Барына қанағат ете алмаған адамдардың бақытсыз болуы өз кінәсі деп ойлаймын.
    Пікіріңізге рахмет.

  5. Бар мәселе «кедей» деген түсінікте жатқан сияқты..кедей адам, ақшасы қалағанын алуға жетпейтін адам ба, әлде далада тентіреп жүрген «бомж» ба?

    Ал мына сөздеріңе қосыламын:

    «Көп кездестіреміз жолда сап-сау адамдардың немесе алқаштардың қайыр тілеп жүргенін. Былай қарасаң дені сау адам, неге ол сондай жолға түсті… ең бастысы оның рухани кедейлігі сондай жолға алып келді. Егер мықты болып, бар күш жігерін өз-өзіне дамытуға арнаса мұндай болмас еді деп ойлаймын. Әрекет етемін десе көше сыпырса да болатын еді.»

    Алматының Сейфуллина көшесінің бойында тұратын қазақ жігіттерді көрсем қынжыламын…Тепсе темір үзетін жігіттер, көше бойында тұрып жалданып еңбек етуге әуес….

    Пы.Сы. Пікір жазуларының өлшемі кішкентай екен.

  6. akzere айтады:

    Менің ойымша тепсе темір үзер кейбір жігіттердің ата-аналарының мойындарына масыл болып отыратын және т.б. алдап-арбаумен өмір сүретін адамдар жайлы айтылған бұл жерде

  7. Symbat айтады:

    “Көп кездестіреміз жолда сап-сау адамдардың немесе алқаштардың қайыр тілеп жүргенін. Былай қарасаң дені сау адам, Hеге ол сондай жолға түсті?… ең бастысы оның рухани кедейлігі сондай жолға алып келді.»
    Рухани кедейлiк дегендi калай тусiнесiз?Hеге ол сондай жолға түсті? Олардын арасында окыган-токыган профессорлар да бар-мыс.. Тек «рухани кедейлiк» сол жолга итермеледi деп ойлайсыз ба? Пы.Сы: Бул малiметтi кай жерден алдыныз?

  8. Symbat айтады:

    Малiмет деп жалпы макаланы мензеп ем 🙂

  9. akzere айтады:

    Газеттен алдым…
    Менің ойымша олар әлсіз адамдар.

  10. balgyrgan айтады:

    Зере, жалғасын күтемін …

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: