Студенттер күні


Мен осы түсінбедім… Студенттер күні қай күн? 17? 18? 19 ма?

Өзіміз студент болғанда бұл күнді тіптен тойламаушы едік. Негізі
тойлауға бұл күннің де қажеті шамалы еді 🙂

Кеш болса да құттықтап қояйын. Студенттік өмір деген өмірдің керемет бір сәті ғой. Қайталанбас сәттері. Студенттің өмірі сессиядан – сессияға деуші еді. Бұл сөздің жаны бар шығар.

Студенттерге тілерім, қызық қуумен қатар ең бастысы сапалы білім алып шығуға тырысыңдар. Оқыған, білімін жетілдірген, епті адамдар ғана өз өмірін алаңсыз
құра алады екен.  Соған көзім жетті. Мұхтар Шахановтың мынадай студенттерге арнап шығарған өлеңі бар. Тура студенттердің өмірінің келбеті.

Студенттерге

Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер,
Студенттер,
Бақыттылар!!!

Advertisements

11 Responses to Студенттер күні

  1. Askhat айтады:

    Студенттер үшін сессиядан басқа уақыттың барлығы мереке. Бірақ кейбіреулері үшін сессияның өзі де мейрам. 🙂

  2. huanysh айтады:

    Karacha aining senbi kuninde toilaidi. katelespesem!

  3. akzere айтады:

    Сонда үшінші аптаның бірінші сенбісі ғой сонда…

  4. Aliya айтады:

    Kazir Studentter kunin 17 karashada toilap jur.

  5. Сәкен айтады:

    Студент болып кеткен адамға, студенттік өмірінің барлығы мейрамдай көрінеді 🙂

  6. Салима айтады:

    Salem Zere. Kalin kalay. Blogtardi aralap jurgem saganda kirip keteyin degenim goy, iske sattilik

  7. Айжарқын айтады:

    мен оз1м студентп1н.Маган унайды осы кундер1м,неде болса татт1н1 де ащыны да б1рге кору1м1з керек….ом1рд1н ен адем1де есте калатын кундер1н осы студентт1к кундер1м1зго

  8. Макпал айтады:

    Студенттер күні 17 қараша деп бекітілген! Яғни бугін. Барлық студент жастарды төл мерекелерімен шын журектен, адал конілмен құттықтаймын!

  9. индира айтады:

    студенттик кезимди есиме алсам козиме ериксиз жас келеди.ен керемет шаккой ширкин!!!!!!!!! умытылмас кундер,естен кетпес шактар!!!бари бари казир маган оте ыстык))

  10. Айдана айтады:

    Студенттер мерекелеринмен!!! Калаган мамандыктарынын иеси болындар!

  11. Гулбарам айтады:

    студенттик кез – бул манги умытылмас шак! Ал умытылмайтын – сендер, менин группаластарым! Сендерсиз омиримди елестете алмаушы едим, бирак казир баримиз де бир уйдин отынын тутетип отырмыз. Мен сонда да сагынам сендерди кыздар-химиктер

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: