“Рэкетир” фильмі жайында


movieposter.jpg

Жақында шыққан атышулы қазақстандық “Рэкетир” фильмін кинотеатрдан тамашаладым. Шынымды айтсам, жарнамалық афишаларды көргенде сол баяғы ресейлік қырғын-жойғын шығар деп аса назар аудармаған болатынмын. Содан кейін ғана фильм Қазақстанда түсіріліп, Ахан Сатаев деген жас режиссердің туындысы екенін білдім. Барып тамашаламасқа болмады.
Фильм былайынша унады, сапалы түсірілген, бизнес-жоба екені көрініп тұр. Жалпы бюджеті – 800 000 теңгені құраған екен.
Фильмде Саян есімді жас жігіт өз өмірі жайлы баяндап отырады. Боксер болуды армандаған алматылық қарапайым жігіт өмірге жұдырық арқылы жол таппақ болған. Ол осылайша қарақшылық жолға түседі. Оқиға өмірден алынған. 90-жылдары спортты тастап, қылмыстық бизнеспен айналысу қалыпты құбылыс болатын. Қуғын-сүргін, төбелес, атыс, уыс-уыс ақша, махаббат, түнгі клубтар, сұлу бикештер, сатқындық пен ажал фильмнің негізін құрайды. Осындай қарақшылық оңай жолмен өз мақсатыма жетемін деген жас жігіттің түбінде өмірдің де оған дайындап қойған сынағы бар екенін және ол сынақтың қаншалықты зардапты екенін тек соңында ғана түсінеді.
Фильмнен жақсы әсер алып шықтым. Криминалдық драма болғанымен былайынша жеңіл қабылданады. “Шешең…” деген сияқты былапыт сөздер залды күлдіртіп те отырды (криминалдық драма болғандықтан бұл сөздерсіз кино тіптен мелодрамаға жанасып кетер), бірақ жылататын кездері былайынша жоқ десе де болады. Басты ролдегі актерлер жақсы таңдалған және де рольдерін жақсы орындап шыққан деп есептеймін.
Ең бастысы режиссер айтпақ ойын – зұлымдық, әшкерлеу, алдап-арбау арқылы мақсатқа жетем деу – ақымақтық екенін жеткізе білген.
Бастапқыға жаман емес, бір кездері ресейліктер де “Бандитский Петербург”, “Улицы разбитых фонарей”, “Бригадамен” әлемдік киноиндустрияға қадам басты емес пе? Біздің де осы салада жетістіктеріміз әлі алда деп есептеймін.

moviepicture3.jpg

moviepicture6.jpg

13 пікір | “Рэкетир” фильмі жайында

  1. Bakytnur says:

    Kazaksha tusirilgen bolsa korer edim, oryssha ma edi…’Tusinbei kalar me ekemiz?

  2. akzere says:

    Ия, орысша түсірілген. Бырақ ара-арасында “Қалайсың”, “Жақсы”, “Бауырым” т.б. сөздерді аудармасыз сол қалпында қалдырған екен. Сурдоаудармамен шығаратын шығар. Желтоқсан айында DVD-де шығады деп айтқан.

  3. nurgisa says:

    Фильм туралы рецензины таптиштеп, жаксы жеткизипсин. Мен де Алматыда жолдас жигиттермен бирге коруге барып ем… Былай, жалпылай алганда жаман емес. Блог гумырлы болсын, Акзере!

    “Реэкетир” туралы пикиримди блогымнан окыныздар: http://www.nurgisa.kerekinfo.kz

  4. saken says:

    Өкінішке орай ауылымызда кинотеатр жоқ 😦

    Сонда да қарақшы нұсқасын көрермін, тауып алып…

  5. akzere says:

    To Nurgisa:
    Рахмет, ғұмырлы болмаса да, ғұмырға қалатын пайдалы құжаттармен толтыруға тырысармын.

    To Saken:
    Қарақшы нұсқасы болып жатса интернетке салармын.

  6. Arsenal777 says:

    bul kino derekti filmge kobirek uksaidy. Korkem tuyndy retinde bugan karau kiyn. Birak jaman emes. Aleumettik masele: oskelen urpakka on men soldy aiyruga komektesedi degen umittemin.

  7. Bakytnur says:

    Negizi adamdar kandai narsege kobirek kyzygy bar, jane jaksy talkyga salady degendi tura osydan koruge bolady, mine!

    Bolsa Kazakstandyk juldyzdar turaly jazyp tur, Akzere.

    (Senin jazganyndy okyp alyp Juldyz emester tekke auruga shaldygyp jurmesin, aldyn ala eskertip alasyn goi 🙂
    )

  8. Bakytnur says:

    jogarydagy auru degenim – juldyz auruy goi 😉

  9. akzere says:

    Рахмет, Бақытнұр. Шынымен де кино, музыка және де жұлдыздар, ұлы адамдар өмірі қызықтырады.
    Шалдықса бір ғана адам шалдығады ғой, ал қалғандары жаңа ақпарат алады. 🙂

  10. Akboken says:

    Reketir kinosynyn kazakhshasy Bayan-Olgei aimagynynyn ortalyk bazarynda satylyp jatyr eken sodan satushy janadan shykkan kazakh kino degen son kyzyktap alyp kordim Kytailyk kazakhtar kazakhshaga audarypty tamasha kino eken

  11. Trojan_11 says:

    bul reketir atti kinonin jalgasi 2 seriasi shigar meken

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: