Тамыз 28, 2009
Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.
Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.
Ауылдағы бір әпкемді жездем алып қашып кеткен. Жақсы танымаса да, тәуекел деген болар. Тәуекелі оңынан бұйырса керек, әлі күнге дейін, тілім тасқа – бақытты.
Құрбым да осы алып қашудың құрбаны болған еді. Дәл, құрбаны. Өйткені отасқанына жарты жыл болмай, ажырасып тыңды.
Жақында достарым үйленді. Олар да сонаааууу мектептен бірге, кейін универ, тіпті бірге жұмыс та істеді. Қарап тұрып, қызығатынмын. Адамдар ең алғашқы махаббаттарына үйленгендері қандай жақсы деп. Бірақ, орыстар айтпақшы, «Везде хорошо, где нас нет» дегеніне сүйенсек, бұның да бір кері әсері бар ма екен?
Толығырақ оқу үшін »
18 Пікір |
Махаббат, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: ажырасу, бақыт, махаббат, махаббат рецепті, отбасы, рецепті, өмір |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 12, 2009
Махаббат жайлы жазылғанның бәрі де шын екенін аңғардым. Шекспир айтыпты ғой, «Бәрі де екі ғашықтың кездесуімен бітеді» – деп… Әдемі айтылған. Өз басым бұл сөздерден өзіме жақын ештеме таппаймын. Бірақ Шекспир тапқан шығар деп сенгім келеді. Ал былай қарасақ, мен махаббат жайлы шамадан тыс көп ойланатын сияқтымын. Бірақ махабаттың біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп жібере алатындай күш иелігіне тамсанамын. Айтпақшы, Шекспир тағы да мынадай ақылды сөз айтыпты: «Махаббатта көз болмайды» – деген. Міне, осы сөзіне мен толық келісемін.
Біреулерде түсініксіз жағдайлармен махаббаттары сөніп қалады.
Ал кейбіреуі өз махаббаттарын жоғалтып алады.
Және де, әлбетте махаббатты тауып алуға да болады, тіпті бір түнге болсын.
Сонымен қатар махаббаттың басқа да қыры бар. Ең қатыгез. Мұндай махаббат өз құрбандарына үміт те қалдырмайды. Бұл жауапсыз махаббат. Бұл жерде мен асқан шебермін. Махаббат романдарында адамдар көбінесе бір-біріне ғашық болады, ал қалғанымыз не істемекпіз? Біз біржақты махаббаттың құрбандарымыз. Біз ғашықтар әлемінің қарғысымыз. Біз сүйікті емеспіз. Біз аяқ басып жүрген аурулармыз. Біз толық тұраққа ие бола алмайтын мүсәпірлерміз… Ия, алдарыңызда дәл сондай жан. Өз қалауым бойынша мен 3 жыл бойы сол адамды сүйдім, өмірімдегі ең ұзақ 3 жыл, ең бақытсыз жылдар. Ең сорақы Рождество, ең сорақы туған күндер, жаңа жыл, бәрі жасқа толы көз бен валиумның көмегімен өтетін. Ғашық болған жылдарым өмірімдегі ең қара түнек күндерден құралатын, қалайша сондай адамға ғашық болдым, маған қарамайтын және ешқашан мені сүйе алмайтын адамға.
Толығырақ оқу үшін »
26 Пікір |
Ақылды сөздер, Махаббат, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым | Tagged: жауапсыз махаббат, махаббат |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 29, 2009

Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң,
Ұқтым сенің жүрегіңнің дүрілін.
Кезектескен бір өкініш, бір үміт
Құлағымда жаңғырығы түр үнің.
Көңіліңнің терезесін қағайын,
Қағайын да, үміт шамын жағайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Жүрегімнен, көзімнен жас тамшылар
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы ән.
12 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер, Махаббат, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі | Tagged: махаббат, меруерт түсіпбаева, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Сәуір 3, 2009
30 жасар бойдақ британдық бір журналист әйел қауымын түсіне алмай: «Оларға не керек, не істесем дұрыс?» – деген сұрақтармен басы қатқан екен. Өзінің 2 жасар Лу-лу атты қарындасының іс-әрекетін бақылай отырып, әйелдермен салыстыра, көптеген сұрақтарға жауап тауып, жеке өмірінде де жақсы нәтижелерге жетсе керек… Сөйтіп, ол еркектерге мынадай кеңестер береді:
1. Назар аудармаңыз
Лу-лу бөлмеме кірген сәттен, мен сайқымазақ сияқты оның көңілін аулаймын, ол мені көрмеген кісіше ойыншықтарымен ойнап отырады. Ал егер мен оны байқамағансып, өте шықсам, ол өзі шақырып, «менімен ойна» – деген сыңай танытады.
2. Сыйлықтармен алдаңыз
Сыйлық – өте оңай жол. Неғұрлым жылтыр және шулы болса тіптен жақсы. Лу-лудың жағдайында бұл ән айтатын жұмсақ ойыншық немесе жылтыр шаш қыстырғыштар. Ал, әйел адамдар үшін бұл автомобиль, не қымбат әшекейлер болса керек.
3. Комплимент айтудан жалықпаңыз
Мен әркез комплиментті көп айтсаң – оның сапасы кетеді деп ойлайтынмын. Бірақ олай емес. Мысалы, Лу-лу бір сөзді дұрыс айтқаны үшін, бәріміз қол шапалақтап, оны мақтай жөнелеміз – ол бір үлкен іс тындырғандай марқайып қалады. Сол сияқты әйелдерде де, комплимент олардың мәз болуына, кейін сізді мәз етуіне көмектеседі.
4. Оларды тыңдаңыз
Өмір бойы мен әйелдердің нені қалап, нені ойлап тұратындығын алдын-ала білуге тырыстым. Сол бекер-ақ екен. Егер зейін салып қарасам, Лу-лудың өзі маған не керек екендігін айтады: тамақ ішкісі келетінін, билегісі келетінін, қуыршақ керек екендігін және т.б. Маған тек соны жасап беру қана қалады. Егер мен осыны баяғыдан білсем, оларды көп тыңдап, соған байланысты қимылдайтын едім.

Толығырақ оқу үшін »
26 Пікір |
Махаббат | Tagged: еркек пен әйел, махаббат, әйел, қарым-қатынас |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Ақпан 12, 2009
Түсінгенім…
ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.
ұнатылатын адам боласың да, қалғаның өздері біледі.
Түсінгенім…
сенімге кіру үшін жылдар керек,
сенімден шығу бір-ақ минут.
Түсінгенім…
өмірде қолда не бары емес,
қасында кімнің болғаны маңызды.
Түсінгенім…
өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес,
ең жақсы өзіңмен салыстыру нәтиже береді.

Толығырақ оқу үшін »
4 Пікір |
Ақылды сөздер | Tagged: махаббат, ойлар, философия |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Ақпан 6, 2009

Саған арналған хатымды неден бастарымды білмей отырмын. Әйтеуір бойымды сағыныш билеп алғанын білемін. Жазғым келді… Арамыздың алшақтағанына біраз жылдар өтсе де мен әлі сені ойлаймын, сағынамын… Оның бәрі сенің орныңды ешкімнің де баса алмағанынан. Болашақта баса ала ма екен деген сұрақтар да жиі мазалайды.
Елдің көңілін қалдырудан да шаршадым, алдыма келгеннің бәрін сенімен салыстырып, әркез ойымнан шықпағанынан, бәрі ренжіп қайтады. Өйткені олардын әрбір іс-қимылдарында “Ол болса былай істер еді, былай айтар еді, мен естігім келіп тұрған сөзді айтар еді” деп ойым мың құбылады. Әрине, бұның бәрі махаббаттың жоқтығынан. Білмеймін, сен кеткелі ешкімді құлай сүйе де алмадым. Ал мені білесің ғой, бірінші принциптерім – сүю, махаббат, түсіністік, гармония. Әркез өмірімді идеализациялаудан жалықпаймын, өйткені басқаша өмір сүре алмаймын. Сондықтан қазір ешкіммен танысқым да келмейді.
Толығырақ оқу үшін »
14 Пікір |
Махаббат | Tagged: махаббат, хат |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қаңтар 23, 2009
Сіз әлі де өмірлік жартыңызды жолықтырмадыңыз ба? Махаббатыңызды арманыңыздағы жігітке сақтап, ал онымен кездесу әлі де бұйырмай жатыр ма? Жауапты қайдан табамыз, осы сұраққа психологтар мынадай кеңес береді:
Махаббатыңызды болашаққа ысырып тастамаңыз, яғни бірінші сол адам пайда болсын, сосын көре жатармыз деген сияқты. Мұндай іс тек бір ғана жолға – қайталанбас “ханзаданы” терезенің алдында күтіп, көп жылдар бойы отыра беруге әкеледі. Белгілі “Ұйқыдағы ару” ертегісіндей ұйықтап жатқан ханшайымды ханзадасы келіп ояту, өмірде қартайған шақта іске асуы мүмкін. Ұйқыдағы ару жанры өмірлік заңдылықтарға сәйкес келмейді.

Толығырақ оқу үшін »
8 Пікір |
Махаббат | Tagged: махаббат, makhabbat, ізденіс |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 25, 2008
Я пришел к мудрецу и спросил у него:
“Что такое любовь? Он сказал “Ничего”
Но, я знаю, написано множество книг:
Вечность пишут одни, а другие – что миг
То опалит огнем, то расплавит как снег,
Что такое любовь? “Это “Все”, человек!”
И тогда я взглянул ему прямо в лицо,
Как тебя мне понять? “Ничего или все?”
Он сказал улыбнувшись: “Ты сам дал ответ!:
“Ничего или все!”, – середины здесь нет!”
Омар Хайям… Тағы да бір Омар Хайямның ғажайып қаламынан туған шедевр. Орысша нұсқасын жариялап отырғаныма кешіріңіздер, қазақша аудармасы бар ма, жоқ па, білмедім. Бірақ мен осы өлеңін қатты жариялағым келіп кетті. Өйткені, тура шындықты айтқанына қайран қаламын!
Толығырақ оқу үшін »
9 Пікір |
Махаббат | Tagged: Омар Хайям, махаббат |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 14, 2008
Біздер достығымызды ұлғайту, арттыру үшін, көптеген нәрселерді жасай аламыз. Ең тиімдісі үш ауыз сөз.
Мен қазір келемін…
Егер түн ортасында досыңа телефон шалып, баламды дәрігерге апару керек, немесе машинам жолда бұзылып қалды дегенде, “Мен қазір келемін” деген үш ауыз сөздің адамға қалай әсер ететінін білетін боларсыз. Қиналған адамның жанынан табылып, сүйеу болу, біздің оларға деген сезіміміздің адалдығын көрсетеді. Бұл жағдайда бұл сезіміміз бен достығымыз жаңара, ұлғая түседі. Рухани жанданады. Досыңа қол ұшын беру – ізеттіліктің белгісі.
Толығырақ оқу үшін »
11 Пікір |
Ақылды сөздер | Tagged: достық, махаббат, сезім |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Сәуір 18, 2008
Алаулы көктем, аяулы көктем,
Мұңаймауымды қалайды көктем.
Жабығып жүр ем, сен “жыми” дедің,
Тіліңді алдым, жарайды, көктем!
Жүректерде қанша мұң, көктем?
Мен сені күтіп шаршадым, көктем.
Шулы қаладан тұншыққан менің
Жүрегімде де алша мұң, көктем.
Жүрексіздерден қорқамын, көктем,
Түйсігі барлар тым шағын, көктем.
Өтінем, бұлдыр бұлт арасынан
Қол бұлғап қойшы, Күн-сағым, көктем!
Дала да тынған сілтідей, көктем,
Тірлікке мынау күлкі бер, көктем.
Аңғал досын да алдап кететін
Көп екен күншіл түлкілер, көктем.
Кешіккен кезде жәй налып кеткем,
Сен, келдің қайтып айналып, көктем.
Сол сәтте-ақ менің айна мұңдарым
Айна көлдерге айналып кеткен!
Мақпал Жұмабай
4 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер | Tagged: Мақпал Жұмабай, махаббат, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere