Жаңа жыл сезілмей ме?

Желтоқсан 19, 2008

Жаңа жылдың сықырлағаны байқалмай тереземізді ақырын қағуына байланысты көбімізде жаңа жылдық көңіл күй білінбейтін сияқты. Бұны, дамыл таппай зерттегіш ғалымдар, кризистің әсерінен деп жатыр. АҚШ-та рождестволық сыйлықтардың жыл сайынғы өтілуі төмендеп, адамдардың мейрамға деген құлшынысы салқындап қалғанын айтады.
Бізде де шамалы сондай жағдай. Бәлкім бала-бақша, мектептерде басқа көрініс шығар, ал біздің өмірде күйбің тіршілікте жаңа жылдық ғажайыпты күту немесе жаңа жылдық көңіл күй мүлде жоқ десе де болады.
Сол себептен сіздерге біраз да болсын демалдырып, құлшындыратын мынадай жаңа жылдық фильмдерді көруге кеңес беремін:

Read the rest of this entry »


Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!!!

Желтоқсан 28, 2007

Әні-міне дегенше жаңа 2008 жылды қарсы алуға да санаулы-ақ күндер қалды. Бір жағынан жаңа жыл сезілмейді де. Бұрынырақта кішкентай кезімізде қыс басталмай жатып-ақ мектептегі шырша мерекесіне дайындалып жатушы едік. Ең басты күтетініміз жаңа жылдық сыйлықтар…
Дүкендерде сатып тұрған жасанды шыршаларды көріп, өзімнің кішкентай кезім есіме түсіп кетті. Кішкентай кезімде атам мен апамның қолында болдым. Сол кездері жаңа жыл тақап қалғанда апам жылтырлақ безендіргіштерді шығара бастағанда сондай қуанушы едім, сосын шығарып бөлмелерді әшекейлейтінбіз.
Ағам орманнан шырша кесіп алып келетін. Шырша үлкен болғандықтан оны жатқызып қойып әшекейлетінбіз. Ең басында тұратын жұлдызды мен тағамын деп соған құмар болатынмын. Ал сосын шыршаны көтеріп, бөлменің шамын өшіріп, шыршаны жаққан кездегі менің бала қуанышымда шек жоқ.
…Сағат он екіге тақап қалған кезде атам тост сөйлейді, сосын маған да сөз береді. Ондағы менің тілектерім апам үйреткендей әскердегі ағам аман болсын, қаладағы папа-мамам аман болсын. Бәріміз бақытты болайық деп сөз айтатынмын. Баланың тілегі періштенің тілегіндей ғой. Сол кездері орындалған сияқты.
Балалық шағымды қатты сағындым. Атамды сағындым. Ол осы жылы өмірден озды. Әрдайым ауылға барған сайын бізді көріп, мәз болып, кейде көзіне жас алып та қоятын. Кішкентай кезімде сол кісінің алдында отырып ұйықтағанды жақсы көруші едім…
Құдайдың берері бар, алары бар демекші қорытындылай келсек “Тәуба” деймін. Ең бастысы келесі жыл тек жақсы жаңалықтарға толсын деп тілеймін. Жақындарыңыз әрдайым жандарыңызда болып, дендеріңіз сау, күндеріңіз бақытты сәттерге толы болсын деп тілек білдіремін.
Недегенмен жаңа жыл бір үміт тудыратын мейрам. Бар адамзат жаңа жылға тек үмітпен қарайды деп ойлаймын. Ал үміт, өмірге мән беріп, алға жетелейді емес пе? Үміттеріңіз үзілмесін және де жаңа жылда бәрі іске ассын деп мен сіздермен 8-ші қаңтарға дейін қоштасамын. Жаңа жылды жақсы қарсы алыңыздар!!!



Follow

Get every new post delivered to your Inbox.