Қыркүйек 19, 2009
Алдында Қазақтандағы беделді кинокритиктердің бірі – Олег Борецкийдің клубына бардық. Соңғы уақыттары арт-хаус фильмдерді бағалағанмен, оны түсіне алмай-ақ келемін. Сол арт-хаус қарауды, оның мағынасына терең үңілуді үйрену үшін, және рецензия айту, жазуды біраз тәжірибе жинақтайын деп Салтанат, Рауан, үшеуміз бардық. Негізі Рауанның иницативасы еді, сол үшін үлкен рахмет оған.
Бір байқағаным, клубта көбіне орыс халқының адамдары өте көп болды. Негізі қазақтардың келуі өте сирек сияқты, ал олардың фильмге байланысты өз ойларын айту тіптен сирек шығар деп ойладым. Жас аралығы – 80 жастағылардан төмен. Тіпті кемпір-шалдар да Борецкийдің репертуарларын қарауға асығады екен. Бұрындары голливудтың арзанқол дүниелерін көруге кинотеартрларда тек жастарды көріп үйреніп қалғандықтан, көзге оғаш көрінді.
Толығырақ оқу үшін »
7 Пікір |
Білгенге маржан, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: Борецкий, киноклуб, клуб, рецензия |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қыркүйек 8, 2009
Балдырғанның мына постына байланысты менде де өзімнің айтарым пайда болды. Өйткені күнде қоғамдық көлікте жүретіндіктен және қазақтардың ең көп шоғырланған жерінде тұратындықтан (көбі бірақ қарақалпақтар) автобуста шытырман оқиғалар, яки «базар ұрсыстар» өте-мөте көп болады. Содан бірнеше көрініс.
Сонымен, кешкі мезгіл, лық толы автобус.
Бір кезде шіңкілдеген дауыс артқы жақтан шығады:
- Әй, көргенсіз, ағаш тасып барасың ба, атаңа нәлеттің?! Өлтіресің ғой мындағыларды.
- Артына кіріп кете жаздадық, әрең үлгердік тоқтап.
- Енді қайтем? Өйстейді бұлар, бірдемеден құр қалғандай неменеге ұшып жүресіңдер?
- Ой, апай, қойыңызшы, таңғы 5-тен бері жүрміз. Сіз сияқтылар мың отырады.
- Таңғы 5-те тұрғыларың келмесе жат онда! Сені біреу зорлап шығарды ма жұмысқа? Жасасаң дұрыстап жаса жұмысыңды, атаңа нәлет! Бәріміз жұмыстан шаршап келе жатырмыз….
- ….
- …
Сол апай аялдамасында шығып кеткенше бақырады.
Толығырақ оқу үшін »
17 Пікір |
Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: Алматы, автобус, қазақтар, ұрыс |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қыркүйек 4, 2009
Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:
1. Жаным
2. Аяулым
3. Ғашығым
4. Кеш немесе кешір
5. Жүрегім
6. Алтыным
7. Қарағым
8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым
9. Айым («күнім» емес)
10. Сезім.

18 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым | Tagged: қазақ эстрадасы, қазақ әндері, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қыркүйек 1, 2009
Өмір туралы
Бірде ыстық, бірде суық. Бірде шаттықтан басың айналып жатса, бірде қайғыдан жаныңды қоярға жер таппайсың. Қайсысы қай уақытта келері белгісіз, сонымен өмір қызықты да шығар? Алайда белгілісі – «Бәрі өткінші».
Уақыт туралы
Зымырап өтіп жатыр. Уақытым бос өтпесінші деп бірдемелерді шама-шарқыма сай жасағандай боламын. Бірақ сонда да, қазақтың «Ас – ішерде…» мақалы маған қатысты ма деген де ойлар келеді.
Толығырақ оқу үшін »
21 Пікір |
Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: блог, жазба, жәй, ойын, қызық, өмір |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 28, 2009
Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.
Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.
Ауылдағы бір әпкемді жездем алып қашып кеткен. Жақсы танымаса да, тәуекел деген болар. Тәуекелі оңынан бұйырса керек, әлі күнге дейін, тілім тасқа – бақытты.
Құрбым да осы алып қашудың құрбаны болған еді. Дәл, құрбаны. Өйткені отасқанына жарты жыл болмай, ажырасып тыңды.
Жақында достарым үйленді. Олар да сонаааууу мектептен бірге, кейін универ, тіпті бірге жұмыс та істеді. Қарап тұрып, қызығатынмын. Адамдар ең алғашқы махаббаттарына үйленгендері қандай жақсы деп. Бірақ, орыстар айтпақшы, «Везде хорошо, где нас нет» дегеніне сүйенсек, бұның да бір кері әсері бар ма екен?
Толығырақ оқу үшін »
18 Пікір |
Махаббат, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: ажырасу, бақыт, махаббат, махаббат рецепті, отбасы, рецепті, өмір |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 21, 2009
Жұмыстан қайтар-барар жолымда сотка сататын жігіттердің жанынан өту «бақыты» бұйырған екен. Қаламызда ұрланған соткалардың барлығы осы жерде айналымға түседі. Күн өткен сайын, бұлардың саны да арта түсетін сияқты. Соқталдай жігіттер арзанқол пайдаға құмар. Тіптен ұялмай, сотка сатамыз, аламыз деп бежірейе қарап тұрады. Осылардың бәрі оқып, үлкен жұмыскер болуларына әбден болады ғой. Ал сосын келіп, «Орыстар бізді үйретеді, олар біздің басымызға шығып алды, билікте өңкей шалақазақтар» – дейді. Әрине, қара қазақтар, осылай салпақтап жүргенде басқалары құр қол отырмасы анық.
Бостан бос көңілімді түсіре бермей, басқа жақтан айналып өткім келеді. Бірақ, мұнда күн түсіп тұрады. Таңертең үйлердің арасы салқын, сондықтан батыл қадамдармен, алға қарап, жүре берем, осыларға да басымды ауыртып…
Толығырақ оқу үшін »
24 Пікір |
Өз ойым | Tagged: демалыс, жаз, жастар, мешіт, ораза, садақа, сотка сатқыш жастар, тірлік, тәңіршілдік, қарбыз, қауын, қуған әңгіме очм |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 17, 2009
Қайта тұрып хақың бар жүгіруге…
Мұқағали Мақатаев.
Рассел Кроу ойнаған «Нокдаун» фильмін алғаш осыдан біраз жыл бұрын көрген едім. Ол кездері әлі мұндай кино қарауға дайын болмадым ба, өмірлік тәжірибем жетіспеді ме, маған фильм айтарлықтай әсер қалдырмаған еді. Сөйтіп, алдында бізде өткен ережесіз жекпе-жектің әсерінен, әлде соңғы уақытта драма көруге құлшыныстан ба, «Нокдаун»-ді қайта қарадым. Негізі ағылшын көрсетілімінде фильмнің аты «Cinderella Man». “Нокдаун” деп аударылғаны да бекер емес деп ойлаймын. Фильм әлбетте өмірде болатын нокдаундармен тұспа-тұс.

Толығырақ оқу үшін »
12 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым | Tagged: Нокдаун, Рассел Кроу, Рене Зеллвегер, біз сені сүйеміз, бәріңді күтеміз, красавчик актер, рецензия, сен де кел, фильм, Қазақстанға кел |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 10, 2009

Жалпы менің блогымды оқитындардың біразын танитын сияқтымын. Соны есепке ала отырып, осындай бір мини-флэшмоб жасайын дедім. Бірақ танымайтындарым да бар. Сондықтан, менен көп нәрсе күтіп қалмаңыздар. Сонымен, осы жерде пікір қалдырған әрбір адамға:
1. Сіз жайлы бір фактіні айтамын.
2. Қандай ән, кітап, фильм сізді есіме түсіретіні жайлы айтамын.
3. Тек екеуміз ғана білетін құпияны айтамын.
4. Қандай жәйт сізді еске түсіретіні жайлы…
5. Сізді қандай жәндікке ұқсататынымды…
6. Сізден сұрағым келіп жүрген, бірақ батылым бармай жүрген сұрақты қоямын.
7. Мен жайлы білгіңіз келсе, ары қарай жалғастырыңыз
102 Пікір |
Қызық..., Әзіл, Өз ойым | Tagged: ойын, флэшмоб |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 4, 2009

Есік өңірі әлбетте әдемі табиғаты мен атақты Алтын адам мекендеген өңір ретінде бізге танымал. Тур фирмамен келісіп, қыздармен сенбі күні осы тамаша жерді көруге бардық. Гид тарихты жақсы білетін адам болып шықты. Бірақ орыс болғандықтан ба, әлде шынымен бұрынғы Верный қаласын тек казактар мекендеген бе деген ойда қалдым. Бірақ тарихқа үңіліп, бұрынғы Верный заманында Алматы казак әскері жасақтарының орталығы болғандығын ескерсек, әлбетте қаланың көркеюіне көбіне осы казактар, кейін қоныс аударған орыстар көп ықпал еткен. Мысалы, қаламыз бұрын ТМД елдерінің ішінде ең жасыл қала болып бірінші орында тұрған екен, қазір де сондай шамасы. Бұған бір кездері Верныйды басқарған орыс генерал-губернаторының (аты есімде жоқ) арқасында екен. Ол әр 4 тал еккен тұрғынға 1 сом беріп отырған. Ол кезде үлкен ақша саналыпты.
Толығырақ оқу үшін »
14 Пікір |
Білгенге маржан, Қызық..., Өз ойым | Tagged: Есік өзені, Сақ қорғаны, сақтар |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere