Жаңа қоныс…

Қыркүйек 25, 2009

Құрметті менің оқырмандарым! (өзімше журнал жазып жүргендей сөйлейінші) :) Блогтың жұмыста ашылмау салдарынан туындаған проблемама байланысты Аршат маған жаңа блог жасап берді. :)
Сіздерді жаңа қонысымда, яғни http://akzere.dosym.kz/ адресінде жаюлы дастарханыммен күтемін. Дәмді бәліштермен ыстық шай демдеп, қызықты әңгімелермен қамтамасыз етуге уәде беремін… :)


Ох, Бейонс, Бейонс…

Қыркүйек 16, 2009

2 қараша күні Мәскеуге Бейонс Ноулз келеді екен. “Олимпийский”-де концерт қоймақ. “Halo” әнін онымен бірге орындап тұрғаннан ләззат тамаша болатын шығар, ия?
Сіздер кімнің концертіне баруды армандайсыздар?


Сұрақ…

Қыркүйек 15, 2009

Қыздардың жиі қоятын сұрақтары:
- Замуж не собираешься?
- Нет… Пока не собираюсь…
- Ну парень хоть есть?
- Оххххх…..

Жігіттердің жиі қоятын сұрақтары:
- Жігітің бар ма?
- Жоқ.
- Қалай осындай әдемі қызда жігіт жоқ, бар шығар біреу…
- Охххх……


Қиын жағдай…

Қыркүйек 14, 2009

Блогты тек жұмыста жаза алады екенмін. Ал жұмыста wordpress жүйесіне бан қойылыпты. Сондықтан қандай хостингке уордпресстегі жазбаларымды көшіре аламын? Немесе хостинг алу мәселесі қалай болады екен? Осы жайында кеңес бере аласыздар ма?


Сәлем, әлем!

Шілде 20, 2009

Әдемі саусақтарыммен пернетақтаны тарсылдатып мен де жеттім. Блогымды сағынып қалыппын. Бірақ келер сәтті ойладым да, енді кімді оқып, қайда, не жазармыз деген де ойлар мазалады. Көбіне мәлім, менің интернет әлеміндегі өмірім, жаңа леп сыйлаған Solai.de сайты болатын. Өкінішке орай, қазір жұмысын тоқтатты. Пір тұтып, сыйлайтын адамым Сатыбалдының сайты да жоқ болды. Қазақша интернетті бастаушылардың (алғашқылардың) бірі Аршаттың бірнеше жобасы да жабылды. Ендігі көріністе интернетте сабылып жүрген жастар, Мой Мир-ді қызық көріп, немесе орыстың жартылай порно-сайттарында бас сауғалап жүр.

Толығырақ оқу үшін »


Сен жалғыз емессің…

Маусым 26, 2009

Міне, мына күн де өтіп кетті
Мен тағы жалғызбын
Бұл қалайша болды
Сен енді мендік емессің.
Сен «Қош» деп те айтпадың
Ал менің айтарым,
Сен кеткелі
Менің өмірім қара түнекке айналды.Ал кейде құлазыған көңіліммен
Махаббатты жоқтасам
Біреу маған сыбырлайды:

Қайырмасы
Сен жалғыз емессің
Мен сенімен біргемін.
Екеуміз алыс болсақ та
Мен тек сендікпін.
Сен жалғыз емессің
Қанша аралық жатса да
Сен менің жүрегімдесің.
Сен жалғыз емессің.

Жалғызбын…
Бірақ…

Кеше түсімде
Сенің жылағаныңды көрдім.
Мені өзіңмен шақырдың,
Жылулығыма мұқтажбын дедің.
Сенші маған, білемін,
Мен саған керекпін ғой.
Қолыңды берші, өтінем,
Бәрін бірге бастайық.

Тек сыбырлап қана айтшы,
Белгі берші. Мен тап сол сәтте
Сен жаныңда боламын, тек сендік боламын…

Қайырмасы:

Толығырақ оқу үшін »


Ребрендинг… очм, түсініксіз…

Маусым 24, 2009

Маған Kcell-дің ана кішкене бала одуванчикті үрлегенде, ол қазақ елінің жалауына айналады, сосын ол асқар таулардан ұшып, ата мен әженің мойнына оралады, сосын қыран құсқа айналып, «Армандаңыз – бәрі де орындалады» деген позитивпен бітетін жарнамасы ұнаушы еді…

кселлАл қазіргі жарнамада, шашы бұйра-бұйра ұлты түсініксіз бір еркек, енді қазақ қызымен (қай ұлт болса да қазақстандық қой) қайда жүрсе де бірге болатынын айтады.

Ана фиолетовый жұмыртқа ма, тас па соны біле алмадым. Бір жерлерден асыл тас дегенді оқыдым. Қазіргі девиз: «Kcell – бұрынғыдан әлдеқайда жақын…», керісінше алыстап кеткен сияқтысың, Kcell


Ақкөңіл бейшараларға арналады…

Маусым 17, 2009

Психологтар төмендегі кеңестерді көрінетін жерге іліп қоюды талап етеді екен. Біраз эгоистік кеңестер болғанымен мына өмірде ескере жүру керек-ақ. Әсіресе маған… )) Айтпақшы қосарларыңыз  болса – мархаббат…

1238692571_01_04_2009_0662955001238533810_harmony-nicholas

Сонымен, Сіз осы күнге дейін қалыптасқан тұлғасыз, және бәз біреулердің ықпалына қарамастан мынадай құқықтарға иесіз:
- Кейде өзіңізді бірінші орынға қоюға
- Моральды, материальды тұрғыда көмек сұрауға
- Әділетсіздікке қарсы тұруға
- Өз ойыңызды немесе тұжырымыңызды айтуға
- Түзу жолға түспегенше қателіктер жасауға
- Адамдарға өз проблемаларын өздері шешуге мүмкіндік беруге
- «Рахмет, ЖОҚ», «Кешіріңіз, ЖОҚ» деп айтуға
- Айналаңыздағылардың кеңестеріне құлақ түрмей, өзіңіз қалай дұрыс деп шешсеңіз солай жасауға
- Жаныңыз жалғыздықты қалап тұрса, басқаларға қарамай, жалғыз бола тұруға
- Қандай да болмасын өзіндік сезімдерді бастан кешіруге құқығыңыз бар, біреулерге ол сезімдеріңіз түсініксіз болса да
- Шешімдеріңізді өзгертуге немесе істеріңіздің жүйесін өзгертуге
- Келісім-шарт сізді қанағаттандырмаса оны өзгертуге… ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ БАР!

Толығырақ оқу үшін »


* * *

Маусым 16, 2009

Кеше қоғамдық желілерде қазақ эстрадасында «Гүлім, гүлім, гүлімсің» әнімен танымал болып жүрген Нәби Айтмұратов 23 жасында жол апатында қайтыс болыпты деген хабар тараған етін. Жанында бірге келе жатқан әнші Еркін Нұржанов ауыр жараланып, ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр деген.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін, интернетті қопарып шықтым, дәйек таппадым. Осы кезде қазақ ақпарат агенттіктерінің ұйықтап жүретінін тағы бір рет көз жеткіздім. Кейінірек, Мой мирде жүрген әншілерге хат жазып, сұрап едім, ақиқат шынымен расталды.

Өкінішті-ақ, эстрадада жарқ етіп, сөнді де қалды. Дарынды жігіт еді. Нәбидің аяғы ауыр келіншегі бар екен. Барлық туысқандарына көңіл білдіреміз, жаны жәннатта болсын! Еркін Нұржановтың сауығып кетуін тілейік.

phoca_thumb_l_1


12.30:Алматыда өрт

Маусым 15, 2009

Алматыда Жібек Жолы мен Қонаев қиылысында Казкомның (қазір сонікі ма, емес па білмедім) ғимараты өртенді. Үлкен өрт болған соң өрт сөндірушілер де, Көк базардың жаны болған соң адамдар да көп болды. Ғимаратта үлкен дүкен де болған…

Image014

Толығырақ оқу үшін »