Қыркүйек 19, 2009
Алдында Қазақтандағы беделді кинокритиктердің бірі – Олег Борецкийдің клубына бардық. Соңғы уақыттары арт-хаус фильмдерді бағалағанмен, оны түсіне алмай-ақ келемін. Сол арт-хаус қарауды, оның мағынасына терең үңілуді үйрену үшін, және рецензия айту, жазуды біраз тәжірибе жинақтайын деп Салтанат, Рауан, үшеуміз бардық. Негізі Рауанның иницативасы еді, сол үшін үлкен рахмет оған.
Бір байқағаным, клубта көбіне орыс халқының адамдары өте көп болды. Негізі қазақтардың келуі өте сирек сияқты, ал олардың фильмге байланысты өз ойларын айту тіптен сирек шығар деп ойладым. Жас аралығы – 80 жастағылардан төмен. Тіпті кемпір-шалдар да Борецкийдің репертуарларын қарауға асығады екен. Бұрындары голливудтың арзанқол дүниелерін көруге кинотеартрларда тек жастарды көріп үйреніп қалғандықтан, көзге оғаш көрінді.
Толығырақ оқу үшін »
7 Пікір |
Білгенге маржан, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: Борецкий, киноклуб, клуб, рецензия |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қыркүйек 8, 2009
Балдырғанның мына постына байланысты менде де өзімнің айтарым пайда болды. Өйткені күнде қоғамдық көлікте жүретіндіктен және қазақтардың ең көп шоғырланған жерінде тұратындықтан (көбі бірақ қарақалпақтар) автобуста шытырман оқиғалар, яки «базар ұрсыстар» өте-мөте көп болады. Содан бірнеше көрініс.
Сонымен, кешкі мезгіл, лық толы автобус.
Бір кезде шіңкілдеген дауыс артқы жақтан шығады:
- Әй, көргенсіз, ағаш тасып барасың ба, атаңа нәлеттің?! Өлтіресің ғой мындағыларды.
- Артына кіріп кете жаздадық, әрең үлгердік тоқтап.
- Енді қайтем? Өйстейді бұлар, бірдемеден құр қалғандай неменеге ұшып жүресіңдер?
- Ой, апай, қойыңызшы, таңғы 5-тен бері жүрміз. Сіз сияқтылар мың отырады.
- Таңғы 5-те тұрғыларың келмесе жат онда! Сені біреу зорлап шығарды ма жұмысқа? Жасасаң дұрыстап жаса жұмысыңды, атаңа нәлет! Бәріміз жұмыстан шаршап келе жатырмыз….
- ….
- …
Сол апай аялдамасында шығып кеткенше бақырады.
Толығырақ оқу үшін »
17 Пікір |
Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: Алматы, автобус, қазақтар, ұрыс |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қыркүйек 1, 2009
Өмір туралы
Бірде ыстық, бірде суық. Бірде шаттықтан басың айналып жатса, бірде қайғыдан жаныңды қоярға жер таппайсың. Қайсысы қай уақытта келері белгісіз, сонымен өмір қызықты да шығар? Алайда белгілісі – «Бәрі өткінші».
Уақыт туралы
Зымырап өтіп жатыр. Уақытым бос өтпесінші деп бірдемелерді шама-шарқыма сай жасағандай боламын. Бірақ сонда да, қазақтың «Ас – ішерде…» мақалы маған қатысты ма деген де ойлар келеді.
Толығырақ оқу үшін »
21 Пікір |
Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: блог, жазба, жәй, ойын, қызық, өмір |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 28, 2009
Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.
Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.
Ауылдағы бір әпкемді жездем алып қашып кеткен. Жақсы танымаса да, тәуекел деген болар. Тәуекелі оңынан бұйырса керек, әлі күнге дейін, тілім тасқа – бақытты.
Құрбым да осы алып қашудың құрбаны болған еді. Дәл, құрбаны. Өйткені отасқанына жарты жыл болмай, ажырасып тыңды.
Жақында достарым үйленді. Олар да сонаааууу мектептен бірге, кейін универ, тіпті бірге жұмыс та істеді. Қарап тұрып, қызығатынмын. Адамдар ең алғашқы махаббаттарына үйленгендері қандай жақсы деп. Бірақ, орыстар айтпақшы, «Везде хорошо, где нас нет» дегеніне сүйенсек, бұның да бір кері әсері бар ма екен?
Толығырақ оқу үшін »
18 Пікір |
Махаббат, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: ажырасу, бақыт, махаббат, махаббат рецепті, отбасы, рецепті, өмір |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Шілде 24, 2009
Бұрын атам термелерді өте жақсы көруші еді. Ал мен болсам мүлде тыңдай алмайтынмын. МузАрттың концертінен кейін Мейрамбектің орындауындағы термені тыңдап, маған термелер басқа қырынан ашыла бастады. Әр сенбі сайын, бәрімізге жақын дос Ертай Нүсіпжановтың жүргізуімен «Сегіз қырлы» атты бағдарламада да небір керемет термелер айтылады. Әзірге көбімізге танымал Майлықожаның термесін жариялаймын. Терме 19-ғасырларда жырланса керек, бірақ бір байқағаным, өмір әлі де сол нақышта сияқты. Тек ғылым мен техника ғана дамуда…
Майлықожаның термесі. 
Ал білерсің, таңның атарын
Көрерсің күннің батарын.
Кейінгі жұртқа меймансың
Кеткен соң құрбы қатарың.
Керуен кетіп барады
Нарменен тізіп атқандай.
Жарық дүние аман бол
Тым құрбы өскен қатарым.
Ептеп кісі бай болмас
Маңдайға құдай бермесе.
Өлемін деп кім ойлар
Ажалы жетіп өлмесе.
Жылағанмен не пайда
Жыйылаған жұрт көрмесе.
Жырлағанмен не пайда
Тыңдаушы баға бермесе.
Дүниеге мейман көңілім
Мақтасам дауа тілерсің
Өлшеніп берген өмір бар
Уақытыңменен жүрерсің.
Бір күндері-ау қапа боп,
Бір күндері-ау күлерсің.
Бір қалыппенен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Толығырақ оқу үшін »
13 Пікір |
Білгенге маржан, Жан тербетер өлеңдер, Педагогика, психология | Tagged: Майлықожаның термесі, терме |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 30, 2009
Орыстардың көрген киноларына жазатын рецензияларын оқып, қайран қаламын. Қайдан шыққан ойлар, тіл байлық, философия. Кез-келген фильмді бүге-шігесіне дейін, майын сорып, жілігін шағып, жазып тастайды. Тіпті кейбір қолданушылардың жас аралығы 16-17 жастардағы жасөспірімдер, ал ойлау қабілетімен оларды ордабұзар жастағылар ма деп қаласың. Сенбесеңіздер, КиноПоиск сайтын бір ақтарып көріңіздерші.
Сонда рецензия жазуға жалпы біреулер үйрете ме? Әлде әр адам өзіндік ойларын өзінше жеткізе ме? Мысалы, менің шамам жетпейді сөйтіп жазуға. Кейде бір фильмді қарап шығып, кейін осы сайтқа барып, рецензияны оқысаң, сен байқамай қалған сәттерді жазып, оның мағынасын түсіндіріп жіберетін кездері болады. Сонда сен жалпы фильмді жай қарап шыққандай боласың, ал оның астарында қаншама мағына, қаншама философия жатыр екен.
Кейінгі кездері фильмдерді үлкен өнер ретінде, астарын іздей қарауға үйреніп жүрмін, сонда да білімім жетер емес. Соны түсінген сайын, фильм түсіру қаншалықты үлкен жауапкершілікті, үлкен өнерді қажет ететінін түсініп жүрмін. Біздің қазақ қоғамында рецензия жазу, ойларын жеткізу әлі дұрыс іске аспай жатыр.
Меніңше осы үрдісті дамыту керек, фильмді дұрыс түсіну, астарына жете білу. Көбінесе фильмді қарап шыққан сәттен, «ұнады, ұнамады» дегенмен ғана шектеліп жатамыз. Саян3 айтпақшы, «Үлкен білімге» жол бастауымыз керек…
37 Пікір |
Білгенге маржан, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: білім, рецензия жазу, үйрену |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 22, 2009
“Білесіз бе, бұл дүниеде сезімтал болудан ауыр нәрсе жоқ сияқты маған. Кейде тіпті сезімсіз адамдар әлдеқайда бақытты көрінеді. Бірақ оларға сезімнің тәтті дәмін татып көру бақыты бұйырмаған-ау деп тағы ойлаймын. Үнемі ауыр ойлармен арпалысып, кейде мұңға батып, кейде сағыныштан сарғайып, кейде сәл нәрсеге жүрегің жараланып, кейде қырандай түлеп, ал кейде бәрінен-бәрінен жалығып, өзің де анық білмейтін көз көрмес, құлақ естімес әлемге жетелейтін “Сезім” деген әлемнің тұрғындарына бар адамдар түсіністікпен қараса екен деймін…”
“Айнамекен” блогында Рауан деген жігіт осындай коммент қалдырыпты. Кейде біреулердің сөздерін, осыны неге мен айтпадым екен деп ойланып қаласың…
Жөн айттың, Рауан…
9 Пікір |
Ақылды сөздер, Махаббат, Педагогика, психология |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 3, 2009
Білгейсің…
Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды – адам етуге жетпейді…
Білгейсің…
Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдейді…
Білгейсің…
Қарсыласыңды ренжітпеу мен өзіңнің ұстанымыңды қорғап қалу арасындағы орта жолды табу шынымен-ақ қиын…
Білгейсің…
Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас,
Шын ғашықтардың да…
Толығырақ оқу үшін »
13 Пікір |
Ақылды сөздер, Білгенге маржан, Педагогика, психология | Tagged: Ақылды сөздер, нақыл сөздер, пәлсапа, өсиет сөздер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 1, 2009
Бүгін балаларды қорғау күні. Қазақта жақсы мақал бар ғой: “Балалы үй – базар, Баласыз үй – қу мазар” – дейтін. Осы мақал кейбір отбасыларына түрпідей тиетін сияқты. Шындығында бүкіл әлемде бала сүйе алмайтын қаншама отбасылар бар. Бұлар осы мақалды естісе, онсыз да қанталаған жүрегіне жаншып пышақ сұққандай болатын сияқты…
Бұрынғы ата-бабаларымызда “тастанды бала” деген болмаған дейді. Ал қазіргі кезде біздің елде жетімдер үйінің бар екендігі және онда балалар санының көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Және көптеген асыраушылар шет елдіктер екенін құлағымыз шалып жатады.
Менің ойымша, қазақ менталитеті неге екені, тастанды бала асырап алуға бейім емес. Жетімектерге көмектесіп, жанашыр болуға бармыз. Бірақ тек асырап алуға емес. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Не кедергі? Әлеуметтік жағдай? Немесе эгоистік сезім: өз жағдайымызды жасап алайық, не бар балаларды жеткізіп алайық деген сияқты. Не біреудің баласы біреуге бала бола алмайды деген ба?
Қорғағымыз келеді… бірақ бәрі тек көңілдің ішінде ғана, бәріне қамқор болу қайда деп қана тыныш отыра береміз… Қатты болып барамыз ба?

40 Пікір |
1, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: балалар, балаларды қорғау күні, тастанды балалар |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 25, 2009

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылатын күн. Қазіргі кезде мектепті сағынып, оқығым келеді деп айта алмаймын. Мені мектепке деген сағыныш мүлде баурамапты. Тіпті бітіріп кеткенім қандай жақсы деп қуанамын. Кейде ойлаймын да, егер мектепте тек тарих, әдебиет, география деген сабақтар ғана болса бәлкім сағынатын ба едім деп, сонда қарап тұрсақ менің есеп-қисаптық ғылымдардың кесірінен мектепте оқығанды жақсы көрмеген болармын.
Мектепте оқып жүргенде логикалық есептер деген сабақ болатын (шындығында жек көретінмін осы сабақты). Сонда бір есеп болған еді, үлкен талқылаулармен шешілгендіктен есімде қалып қалыпты. Сол есептің жауабын шеше алмадым сол кезде. Бәлкім, қатты ойланғым да келмеген болар. Біздің сыныпта небір математиктер оқығаннан, оларға бұл есеп оңайға түскендігі белгілі. Жауабын шешіп, көпшіліктің ықыласына бөленген-тұғын.
Бүгін сол есепті интернеттен тауып алдым. Орысша екен, қазақша нұсқамен ұсынып отырмын. Ал ойланып, шешіп көріңіздер…
Бір күні үш дос: мүсінші Ақбасов, музыкант Қарабасов және суретші Сарбасов кездесіпті. «Біздің біріміздің шашымыз ақ, біріміздікі қара, біріміздікі сары екен, бірақ ешқайсымыздікі фамилияларымызға сәйкес емес», – деп қара шаштысы байқампаздығын танытыпты. «Дұрыс айтасың», – депті Ақбасов. Суретшінің шашының түсі қандай?
5 Пікір |
Білгенге маржан, Педагогика, психология, Қызық... | Tagged: логикалық есептер, математика, педагогика |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere