Шілде 22, 2009

Осы фильм шыққан бойда қарауға мүмкіндік тумады. Негізі қазақша фильмдерді көруге асықпаймын неге екені… Бәлкім, менің тізімдерімде авторитет жинап үлгермеген болар. Сөйтіп, демалыста режиссер Жанна Исабаеваның түсірген фильмін көріп, жазғым келіп кетті. Сосын бүгін Балдырғанның мына жазбасы да түрткі болды.
Соңғы уақыттарда шыққан қазақ фильмдерінің ішіндегі ең сәтті шыққан фильм дер едім. Өмірдің, қаланың шынайы көрінісі. Қазіргі қазақтардың жағдайы: бәрі өте дұрыс суреттелген. Кең байтақ жерде тұрғызылған зәулім үйлерге қолдары жетпей жүрген қазақтар.
Толығырақ оқу үшін »
11 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Пайдалы кеңестер, Өз ойым | Tagged: Ойпырмай немесе Қымбатты менің балаларым, рецензия, фильмы на казахском, қазақ фильмдері |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 10, 2009
1. Мойын мен кеуде тұсын және әдемі аяқтарыңызды бірдей ашық көрсеткен жарасымсыз. Ашық декольте мен мини бірге киілген кезде, бұдан асқан бейпілділік жоқ. Мұндай киім-киіспен сізді ең кем дегенде талғамсыздықпен айыптар немесе одан бетер – жеңіл жүрісті қыз деп ойлауы мүмкін.
2. Джинсының ішінен көрініп тұратын стринги біраз уақыт бұрын көшелерде сұрықсыз кейіппен көздің жауын алатын. Қазіргі кезде мұндай киім-киіс ұмытылған сияқты, қуанышымызға орай. Сонымен қатар джинсы немесе юбканың ішінен көрініп тұратын колготкилерге де жол жоқ. Егер күн суық болып, амал жоқ болса, онда бөкседен келетін колготки сатып алуға тырысыңыз.
3. Босоножкиді нәскимен (колготкимен, чулкимен) ешқашан кимеңіз. Жалпы колготкидің тігістері көрініп тұрса, бұл көріксіз көрінеді ғой, сондықтан капрон колготкиді басы ашық туфлилермен де кимегеніңіз абзал.
Толығырақ оқу үшін »
11 Пікір |
Білгенге маржан, Пайдалы кеңестер | Tagged: сәнділік, әдемі киіну, әдемілік, қыздарға кеңес |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 8, 2009
Кеше үйлеріне қайтқан қонақтардан кейін бір шара ыдыстарды жуып жатып, бірдемеге қатты ғашық екенімді түсіндім… Неге дейсіздер ғой, Fairy ыдыс-аяқ жуатын сусабынына.
Жарнама деп түсінсеңіздер де, бірақ P&G-ден бір тиын да алған жоқпын, жәй ғана осы жаңалығына менің алғысым шексіз. Менімен қатар миллиондаған қыз-келіншектер келісетін шығар. Осы жерде оқып отырған әрбір қыз майлы табақтарды жай ғана сумен жуған қандай қиын екенін білетін боларсыздар. Әсіресе бешбармақтан кейінгі табақ, не майлы соуспен жасалған тағамдар, тіпті қуырылған картоптан кейінгі табаны жуу деген ләззатқа бөлейтін істер емес… Ал мына кереметтің бір тамшысының арқасында ыдыс-аяқ жуу ешқандай проблемаға айналмай қалады.
Бұрынғы кезде сонда апаларымыз қайтіп жуған деп ойлаймын да… Дегенмен де осы кезде өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы, қандай жеңіл… Мен өмірді сүйем!
31 Пікір |
Пайдалы кеңестер, Қызық..., Әзіл, Өз ойым | Tagged: жәй ғана ойлар |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 12, 2009
Біраз бұрын бұл аудармам arular.kz сайтында жарияланған болатын. Сайт жабылып қалғандықтан қайта блогыма жариялауды жөн көрдім.
Мақала Cosmopolitan журналынан алынған.
Осы өмірде саған арналған жігіт қалмаған шығар деген ой келе ма? Немесе қолыңда барларарға көңілің толмай ма? Өзіңе “Жақсы жігіт табу үшін не істеуім керек” деген сұрақтарды жиі қоясың ба? Ол үшін бәрін өзіңнен бастауың керек.
Үш жыл бұрын “тәуір-ақ” жігітпен жап-жақсы қарым-қатынаста өмір сүргем. Ол абзал, ақкөңіл, қамқоршыл болатын. Алайда ол менің өмірімді төңкеріп жіберетін адам емес екенін басынан білгенмін. Бізді ешқандай ортақ қызығушылықтар немесе ортақ ұйғарымдар байланыстырмады. Мен оның Шумахерді сүйіп көретіндігін түсіне алмадым, ал ол менің табиғат аясында демалып, жорықтарға шығып, палатка құру қызығушылықтарымды түсінбеді. Мен кейде осы адаммен өмір бойы болу мүмкіндігін ойлағанда қайғырып кететіндей халге жететінмін. Ал сосын мен Домбайға шаңғы тебуге сапарға аттандым. Сол жерде, ойланып-толғанып, жақсы адамдармен жолығып, сөйлескеннен кейін, “тәуір-ақ” деген енді мені қанағаттандырмайтынын ұқтым. Толығырақ оқу үшін »
9 Пікір |
Махаббат, Пайдалы кеңестер, Педагогика, психология | Tagged: бақытты болу, махаббатқа жолығу, қыздарға кеңес |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Наурыз 11, 2009
Бетті макияждан тазарту түк те емес сияқты. Бірақ көбіміз мұны неге дұрыс істемейміз? Осыған байланысты бірнеше кеңес.

1. Екі рет жуыныңыз.
Макияжды кетіру үшін макияж кетіргіш затты аямаңыз. Процедураны 2 рет жасаған абзал. Косметиканы ізін қалдырмай тазалау қажет. Әйтпеген жағдайда безеу мен тері асты қабынуларының пайда болуына үлес қосуы мүмкін.
2. Жылы су.
Макияж кетіргіш затты саусақтарыңызды ұшымен жағыңыз. Ең бастысы – барынша кірді кетіру. Судың температурасына көңіл аударыңыз, суық сумен жуынбағаныңыз абзал. Суық су сергектік бергенімен алдын-ала тері клеткаларын тарылтады, бұл қара дақтардың пайда болуына әсер етеді. Судың жылулығын бөлмелік температураға сәйкестендіріңіз, макияж кетіргішті жағып, жуыныңыз. Содан кейін тері клеткаларын жабу үшін суық сумен жуынсаңыз болады.
3. Көзіңізді уқаламаңыз.
Мақтаны макияж кетіргішке батырып, көзіңізде 2 секундтай ұстаңыз. Кетіргіш зат теріге сіңе бастайды да бұл макияжды кетіру процессін жеңілдете түседі. Косметиканы соңына дейін кетіруге тырысыңыз. Түнге қалған кірпік бояғыш кірпіктерді әлсіретіп, кейін оның түсуіне себепкер болады.
Назар аударыңыз!
Толығырақ оқу үшін »
9 Пікір |
Пайдалы кеңестер | Tagged: жуыну, тері, қыздарға кеңес |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Ақпан 20, 2009
Әдемі, қолаң шаштарға қалай қол жеткізуге болады? Жалпы шашқа қандай күтім керек? Осындай сұрақтар көптеген қызды мазалайтыны белгілі. Егер шаштарыңыз көлемінен айрылып, ұштары құрғап, өңсіз, түсе берсе мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстаныңыз: мейлінше су сабынды (шампунь) аз қолдануға тырысыңыз. Егер көп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздардан кеңес: 1 шай қасық су сабынды 1 стақан суда араластырып, жағу.
Су сабынды шаштың барлық ұзындығына құймаңыз. Оны тек шаштың түбіне жақсаңыз болғаны. Жуған кезде су сабынның көпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті.
Су сабынды жылы сумен кетіру қажет. Өйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шайыңыз.
Толығырақ оқу үшін »
10 Пікір |
Пайдалы кеңестер | Tagged: шаш күтімі, қыздарға кеңес |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қаңтар 27, 2009
Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға үлкен мүмкіндік барын білдік. Соның бірі ең танымал беретка болып саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.
1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. Сондықтан оны өкшесіз етікпен, былғары күртешемен және джинсымен киюге болмайды. Пальто, өкшелі етік және юбкамен кисеңіз қатып кетеді.
2. Аңыз болған Бонни мен Клайд гангстерлік жұптағы Боннидің береткасындай жүн матадан жасалған классикалық модельдерді таңдауға тырысыңыз. Бұл фасондағы береттер кез келген түр-әлпетті әдемілетіп жібереді.
3. Көлемді тоқылған береттерді маңдайға түсірмей, желкеге қарай майыстырып киген дұрыс.
4. Шашыңды береттің астына жинап тастамаңыз, тым құрымағанда кекіл қалдыруға тырысыңыз. Көптеген дизайнерлер беретті жайылған шашқа киюді ұсынады.
5. Акссесуарларды беретке сәйкестендіріп тағу міндетті емес. Алайда аксессуар үстіне киген киімге, не аяқ киімге сәйкес болуы міндетті.
6. Жиын кештерге романтикалы көйлегіңізге қосымша сәнді берет (жұқа иірілген жіптерден тоқылған, пайтектермен сәнделген немесе кестелі) киіп алсаңыз да болады. Осы тұста ең қайталанбас стильді ханым атағын өзіңізге бұйырып тұрғанына күмәндаңбаңыз.
9 Пікір |
Пайдалы кеңестер | Tagged: бас киім, берет, қыздарға кеңес |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 10, 2008
1. Егер әйеліңіздің гардеробында киімнен көп нәрсе жоқ бола тұрып, “Киім жоқ” деген сөзді естісеңіз таң қалмаңыз, ол яғни оның гардеробында жаңа киімнің жоқ екенін білдіреді.
2. Әйеліңіз жақында ғана алған сөмкесі болғанымен қатар, тағы да сөмке аламын десе бұл да түсіндірілетін жәйт. Әйел затында қыста, сосын жазда ұстайтын сөмкелер болады. Яғни қыста алған сөмке жаздық киімдермен сәйкеспеуіне байланысты жаз шыға салысымен тағы бір сөмкеге шығындалуыды талап етеді.
3. Аяқ киім деген ол жеке әңгіме. Жап-жаңа аяқ киімі бола тұрып, “Аяқ киім алу керек” десе, яғни бұл бар аяқ киімінің қонаққа (немесе басқа бір кешке) киетін киіміне сәйкес келмеуінде.
Сосын былтырғы етік немесе туфли аздап модадан шығып қалуына байланысты аяқ киімге біраз шығын болуы мүмкін.
Толығырақ оқу үшін »
14 Пікір |
Пайдалы кеңестер | Tagged: айел адамы, әйел, әйелдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Ақпан 22, 2008

Мына төмендегілер Одри Хепберннің: “Сіздің сұлулығыңыздың сыры неде?” – деген сұраққа жауап бергендері екен.
1. Еріндерім әдемі болсын десеңіз – жылы сөздер айтыңыз.
For attractive lips, speak words of kindness.
Толығырақ оқу үшін »
9 Пікір |
Пайдалы кеңестер | Tagged: Одри Хепберн, әдемілік, әйел әдемілігі |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere