Қыркүйек 4, 2009
Бір құрбым мынадай спам-жазба жіберіпті. Қазіргі уақытта “Мың бір түн” түрік телехикаясының науқанынан шықса керек. Дегенмен автор әрбірінің мінез-құлқын жақсы суреттепті… 
Онурдың махаббатын, Шехрезаттың шапағатын, Канның еркелiгiн, Мехрибанның сабырлыгын, Банудың сұлулығын, Керемнiң кемесiн, Бурхан мырзаның үйiн, Надиде ханымның миын берсiн. Осыны 7 адамга жiбер, махаббатың Онур мен Шехрезаттiкiндей болсын, жiбермесең Фусун мен Али Кемальдiкiндей болады.
.jpg)
47 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Әзіл | Tagged: Мың бір түн, прикол, түрік сериалы |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Қыркүйек 4, 2009
Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:
1. Жаным
2. Аяулым
3. Ғашығым
4. Кеш немесе кешір
5. Жүрегім
6. Алтыным
7. Қарағым
8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым
9. Айым («күнім» емес)
10. Сезім.

18 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым | Tagged: қазақ эстрадасы, қазақ әндері, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 17, 2009
Қайта тұрып хақың бар жүгіруге…
Мұқағали Мақатаев.
Рассел Кроу ойнаған «Нокдаун» фильмін алғаш осыдан біраз жыл бұрын көрген едім. Ол кездері әлі мұндай кино қарауға дайын болмадым ба, өмірлік тәжірибем жетіспеді ме, маған фильм айтарлықтай әсер қалдырмаған еді. Сөйтіп, алдында бізде өткен ережесіз жекпе-жектің әсерінен, әлде соңғы уақытта драма көруге құлшыныстан ба, «Нокдаун»-ді қайта қарадым. Негізі ағылшын көрсетілімінде фильмнің аты «Cinderella Man». “Нокдаун” деп аударылғаны да бекер емес деп ойлаймын. Фильм әлбетте өмірде болатын нокдаундармен тұспа-тұс.

Толығырақ оқу үшін »
12 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым | Tagged: Нокдаун, Рассел Кроу, Рене Зеллвегер, біз сені сүйеміз, бәріңді күтеміз, красавчик актер, рецензия, сен де кел, фильм, Қазақстанға кел |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Шілде 22, 2009

Осы фильм шыққан бойда қарауға мүмкіндік тумады. Негізі қазақша фильмдерді көруге асықпаймын неге екені… Бәлкім, менің тізімдерімде авторитет жинап үлгермеген болар. Сөйтіп, демалыста режиссер Жанна Исабаеваның түсірген фильмін көріп, жазғым келіп кетті. Сосын бүгін Балдырғанның мына жазбасы да түрткі болды.
Соңғы уақыттарда шыққан қазақ фильмдерінің ішіндегі ең сәтті шыққан фильм дер едім. Өмірдің, қаланың шынайы көрінісі. Қазіргі қазақтардың жағдайы: бәрі өте дұрыс суреттелген. Кең байтақ жерде тұрғызылған зәулім үйлерге қолдары жетпей жүрген қазақтар.
Толығырақ оқу үшін »
11 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Пайдалы кеңестер, Өз ойым | Tagged: Ойпырмай немесе Қымбатты менің балаларым, рецензия, фильмы на казахском, қазақ фильмдері |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 30, 2009
Орыстардың көрген киноларына жазатын рецензияларын оқып, қайран қаламын. Қайдан шыққан ойлар, тіл байлық, философия. Кез-келген фильмді бүге-шігесіне дейін, майын сорып, жілігін шағып, жазып тастайды. Тіпті кейбір қолданушылардың жас аралығы 16-17 жастардағы жасөспірімдер, ал ойлау қабілетімен оларды ордабұзар жастағылар ма деп қаласың. Сенбесеңіздер, КиноПоиск сайтын бір ақтарып көріңіздерші.
Сонда рецензия жазуға жалпы біреулер үйрете ме? Әлде әр адам өзіндік ойларын өзінше жеткізе ме? Мысалы, менің шамам жетпейді сөйтіп жазуға. Кейде бір фильмді қарап шығып, кейін осы сайтқа барып, рецензияны оқысаң, сен байқамай қалған сәттерді жазып, оның мағынасын түсіндіріп жіберетін кездері болады. Сонда сен жалпы фильмді жай қарап шыққандай боласың, ал оның астарында қаншама мағына, қаншама философия жатыр екен.
Кейінгі кездері фильмдерді үлкен өнер ретінде, астарын іздей қарауға үйреніп жүрмін, сонда да білімім жетер емес. Соны түсінген сайын, фильм түсіру қаншалықты үлкен жауапкершілікті, үлкен өнерді қажет ететінін түсініп жүрмін. Біздің қазақ қоғамында рецензия жазу, ойларын жеткізу әлі дұрыс іске аспай жатыр.
Меніңше осы үрдісті дамыту керек, фильмді дұрыс түсіну, астарына жете білу. Көбінесе фильмді қарап шыққан сәттен, «ұнады, ұнамады» дегенмен ғана шектеліп жатамыз. Саян3 айтпақшы, «Үлкен білімге» жол бастауымыз керек…
37 Пікір |
Білгенге маржан, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: білім, рецензия жазу, үйрену |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 26, 2009
Міне, мына күн де өтіп кетті
Мен тағы жалғызбын
Бұл қалайша болды
Сен енді мендік емессің.
Сен «Қош» деп те айтпадың
Ал менің айтарым,
Сен кеткелі
Менің өмірім қара түнекке айналды.Ал кейде құлазыған көңіліммен
Махаббатты жоқтасам
Біреу маған сыбырлайды:
Қайырмасы
Сен жалғыз емессің
Мен сенімен біргемін.
Екеуміз алыс болсақ та
Мен тек сендікпін.
Сен жалғыз емессің
Қанша аралық жатса да
Сен менің жүрегімдесің.
Сен жалғыз емессің.
Жалғызбын…
Бірақ…
Кеше түсімде
Сенің жылағаныңды көрдім.
Мені өзіңмен шақырдың,
Жылулығыма мұқтажбын дедің.
Сенші маған, білемін,
Мен саған керекпін ғой.
Қолыңды берші, өтінем,
Бәрін бірге бастайық.
Тек сыбырлап қана айтшы,
Белгі берші. Мен тап сол сәтте
Сен жаныңда боламын, тек сендік боламын…
Қайырмасы:
Толығырақ оқу үшін »
13 Пікір |
1, Жан тербетер өлеңдер, Махаббат, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 16, 2009
Кеше қоғамдық желілерде қазақ эстрадасында «Гүлім, гүлім, гүлімсің» әнімен танымал болып жүрген Нәби Айтмұратов 23 жасында жол апатында қайтыс болыпты деген хабар тараған етін. Жанында бірге келе жатқан әнші Еркін Нұржанов ауыр жараланып, ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр деген.
Мәселенің анық-қанығын білу үшін, интернетті қопарып шықтым, дәйек таппадым. Осы кезде қазақ ақпарат агенттіктерінің ұйықтап жүретінін тағы бір рет көз жеткіздім. Кейінірек, Мой мирде жүрген әншілерге хат жазып, сұрап едім, ақиқат шынымен расталды.
Өкінішті-ақ, эстрадада жарқ етіп, сөнді де қалды. Дарынды жігіт еді. Нәбидің аяғы ауыр келіншегі бар екен. Барлық туысқандарына көңіл білдіреміз, жаны жәннатта болсын! Еркін Нұржановтың сауығып кетуін тілейік.
22 Пікір |
1, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі | Tagged: Еркін Нұржанов, Нәби Айтмұратов, жол апаты, суық хабар |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 12, 2009
Махаббат жайлы жазылғанның бәрі де шын екенін аңғардым. Шекспир айтыпты ғой, «Бәрі де екі ғашықтың кездесуімен бітеді» – деп… Әдемі айтылған. Өз басым бұл сөздерден өзіме жақын ештеме таппаймын. Бірақ Шекспир тапқан шығар деп сенгім келеді. Ал былай қарасақ, мен махаббат жайлы шамадан тыс көп ойланатын сияқтымын. Бірақ махабаттың біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп жібере алатындай күш иелігіне тамсанамын. Айтпақшы, Шекспир тағы да мынадай ақылды сөз айтыпты: «Махаббатта көз болмайды» – деген. Міне, осы сөзіне мен толық келісемін.
Біреулерде түсініксіз жағдайлармен махаббаттары сөніп қалады.
Ал кейбіреуі өз махаббаттарын жоғалтып алады.
Және де, әлбетте махаббатты тауып алуға да болады, тіпті бір түнге болсын.
Сонымен қатар махаббаттың басқа да қыры бар. Ең қатыгез. Мұндай махаббат өз құрбандарына үміт те қалдырмайды. Бұл жауапсыз махаббат. Бұл жерде мен асқан шебермін. Махаббат романдарында адамдар көбінесе бір-біріне ғашық болады, ал қалғанымыз не істемекпіз? Біз біржақты махаббаттың құрбандарымыз. Біз ғашықтар әлемінің қарғысымыз. Біз сүйікті емеспіз. Біз аяқ басып жүрген аурулармыз. Біз толық тұраққа ие бола алмайтын мүсәпірлерміз… Ия, алдарыңызда дәл сондай жан. Өз қалауым бойынша мен 3 жыл бойы сол адамды сүйдім, өмірімдегі ең ұзақ 3 жыл, ең бақытсыз жылдар. Ең сорақы Рождество, ең сорақы туған күндер, жаңа жыл, бәрі жасқа толы көз бен валиумның көмегімен өтетін. Ғашық болған жылдарым өмірімдегі ең қара түнек күндерден құралатын, қалайша сондай адамға ғашық болдым, маған қарамайтын және ешқашан мені сүйе алмайтын адамға.
Толығырақ оқу үшін »
26 Пікір |
Ақылды сөздер, Махаббат, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым | Tagged: жауапсыз махаббат, махаббат |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 29, 2009

Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң,
Ұқтым сенің жүрегіңнің дүрілін.
Кезектескен бір өкініш, бір үміт
Құлағымда жаңғырығы түр үнің.
Көңіліңнің терезесін қағайын,
Қағайын да, үміт шамын жағайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Жүрегімнен, көзімнен жас тамшылар
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы ән.
12 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер, Махаббат, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі | Tagged: махаббат, меруерт түсіпбаева, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Сәуір 30, 2009
Алдыңғы демалыста «Моя большая греческая свадьба» киносын қарауға мүмкіндік туды. Қарап отырып, гректердің қазақтарға ұқсас мінездерін тауып, еріксіз күлумен болдым.
Мені жастайымнан ұлттық рухқа тәрбиелеп өсірді. Сен қазақсың, қазақтың қыздары мынадай болуы керек, мына қылығың теріс, мынау дұрыс деген сияқты…
Менің әкем былайынша көп мәселеге объективті қарайды. Бірақ дін, ұлт, тіл мәселесіне стереотип өте қатты. Бұл жағынан қазақшылдық бірінші орында.
Ал, інім, одан өткен ұлтшыл, ол үшін қазақтар әлемдегі ең керемет ұлт, түбірі сонау мыңдаған жылдардан басталған, ислам діні – ең хақ дін, қазақ тілі – ең бай тіл, Абай – ең ұлы философ, қазақтан өткен кеңпейіл халық жоқ, т.с.с… Дамымай қалған себебі, 70 жыл бойы коммунизм бәрін құртқан деген тұжырымда.
Толығырақ оқу үшін »
7 Пікір |
Музыка, кино, жұлдыздар әлемі | Tagged: гректер, патриотизм, қазақтар, ұлтшылдық |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere