Қыркүйек 10, 2009
Жанымда нұр, көңілің алабұртып,
Сен де білем шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем -
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін -
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сені бақытты етеді екем?!
Сен нәзік ең, аққудай, шағаладай,
Адастың тек қона алмай жағаға жай.
Өңкей жамананталап жан-жағыңнан
Аяламай қор қалды-ау, бағаламай.
Сен бір ғажап, сұлусың сұрақ мүсін,
Сұлулығы жаныңның қуат күшің.
Сен бақытты боласың
қара да тұр.
Себебі сен арлысың, саналысың,
адалдардың ішінде адалысың.
және де тұрақтасың.
Сен бақытты боласың,
сәл күте тұр…
Авторы: Г. Рүстемова

8 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер, Махаббат | Tagged: Рүстемова, махаббат жырлары, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 7, 2009
Сен қайда жүрсің?
Мені осынша сағындырып,
Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.
Мен сені іздеп жүрмін
Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,
Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.
Кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.
Басқаларға айта алмас сырымды мен
Ішімдегі бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
Көмілмей жасқа, мұңға,
Орап сені сағыныш – ақ сағымға.
Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса
Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша
Отырамын көз ілмей бас жағыңда.
Арпалысқан сәтте сол
сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт
Әттең атып қалады-ау таң да күліп…
Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,
Ол да сені нұрымен аймалай ма?
Авторы: Фариза Оңғарсынова
9 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер, Махаббат | Tagged: Фариза Оңғарсынова, махаббат өлеңдері, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Шілде 24, 2009
Бұрын атам термелерді өте жақсы көруші еді. Ал мен болсам мүлде тыңдай алмайтынмын. МузАрттың концертінен кейін Мейрамбектің орындауындағы термені тыңдап, маған термелер басқа қырынан ашыла бастады. Әр сенбі сайын, бәрімізге жақын дос Ертай Нүсіпжановтың жүргізуімен «Сегіз қырлы» атты бағдарламада да небір керемет термелер айтылады. Әзірге көбімізге танымал Майлықожаның термесін жариялаймын. Терме 19-ғасырларда жырланса керек, бірақ бір байқағаным, өмір әлі де сол нақышта сияқты. Тек ғылым мен техника ғана дамуда…
Майлықожаның термесі. 
Ал білерсің, таңның атарын
Көрерсің күннің батарын.
Кейінгі жұртқа меймансың
Кеткен соң құрбы қатарың.
Керуен кетіп барады
Нарменен тізіп атқандай.
Жарық дүние аман бол
Тым құрбы өскен қатарым.
Ептеп кісі бай болмас
Маңдайға құдай бермесе.
Өлемін деп кім ойлар
Ажалы жетіп өлмесе.
Жылағанмен не пайда
Жыйылаған жұрт көрмесе.
Жырлағанмен не пайда
Тыңдаушы баға бермесе.
Дүниеге мейман көңілім
Мақтасам дауа тілерсің
Өлшеніп берген өмір бар
Уақытыңменен жүрерсің.
Бір күндері-ау қапа боп,
Бір күндері-ау күлерсің.
Бір қалыппенен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Толығырақ оқу үшін »
13 Пікір |
Білгенге маржан, Жан тербетер өлеңдер, Педагогика, психология | Tagged: Майлықожаның термесі, терме |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Шілде 1, 2009

Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес.
Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес.
Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып.
Күләш Ахметова
7 Пікір |
Ақылды сөздер, Жан тербетер өлеңдер, Махаббат | Tagged: Күләш Ахметова, қазақша өлеңдер, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 26, 2009
Міне, мына күн де өтіп кетті
Мен тағы жалғызбын
Бұл қалайша болды
Сен енді мендік емессің.
Сен «Қош» деп те айтпадың
Ал менің айтарым,
Сен кеткелі
Менің өмірім қара түнекке айналды.Ал кейде құлазыған көңіліммен
Махаббатты жоқтасам
Біреу маған сыбырлайды:
Қайырмасы
Сен жалғыз емессің
Мен сенімен біргемін.
Екеуміз алыс болсақ та
Мен тек сендікпін.
Сен жалғыз емессің
Қанша аралық жатса да
Сен менің жүрегімдесің.
Сен жалғыз емессің.
Жалғызбын…
Бірақ…
Кеше түсімде
Сенің жылағаныңды көрдім.
Мені өзіңмен шақырдың,
Жылулығыма мұқтажбын дедің.
Сенші маған, білемін,
Мен саған керекпін ғой.
Қолыңды берші, өтінем,
Бәрін бірге бастайық.
Тек сыбырлап қана айтшы,
Белгі берші. Мен тап сол сәтте
Сен жаныңда боламын, тек сендік боламын…
Қайырмасы:
Толығырақ оқу үшін »
13 Пікір |
1, Жан тербетер өлеңдер, Махаббат, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 29, 2009

Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң,
Ұқтым сенің жүрегіңнің дүрілін.
Кезектескен бір өкініш, бір үміт
Құлағымда жаңғырығы түр үнің.
Көңіліңнің терезесін қағайын,
Қағайын да, үміт шамын жағайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
Жүрегімнен, көзімнен жас тамшылар
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы ән.
12 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер, Махаббат, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі | Tagged: махаббат, меруерт түсіпбаева, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 20, 2009
- Махаббат бар ма? – дейсің. 
- Бар, білемін.
Әйтеуір тыныш емес жан–жүрегім.
Бүгінде есейсем де, сол сезімнің
Бойымда ұшқындары қалды менің.Өмір жоқ махаббатсыз деп білемін,
Оған да талай есем де кетті менің.
Махаббат – сезімдердің серкесі ғой
Әркімнің елжіреткен ет–жүрегін.
Жарқыным, махаббатты жоқ дегенің,
Жастықтың тозағынан өтпегенің.
Сұлтаны сезімдердің – махаббатты
Тұрады теңегім кеп өртке менің.
Екі оттың бірде қалып ортасында,
Азабын кейде аямай тартасың да.
Дүние боп дүниенің тұрғандығы –
Махаббат пен мейірім арқасында.
Авторы белгісіз…
19 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер, Махаббат |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Сәуір 28, 2009
Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын.
Ойымды матап, кеудеге байлап ұятты,
Сенімсіз, сәтсіз күтуден қандай таптым мән.
Сағыныш бірақ, сары жапырақ сияқты,
Жетпесең енді үзілемін деп шақ тұрған.
Оятып таңда, таласа тастап әр ізді,
Аңсаған көңіл өзіммен ғана көз ілмек.
Сағыныш сенің беймаза бейнең тәрізді
Тынышымды алшы, елесің емес, өзің кеп.
Телміріп сыртқа күткенмен сенің көзіңді,
Тереземнің де әйнегі тұрды әрленбей.
Өзіңсіз бір күн сағыныш болып созылды,
Мені де біреу сағынар ма екен дәл мендей?!.
……………………………………………………………….
Мені де біреу сағынса, шіркін, дәл мендей…
Өзімнің жақын достарымның бірі – Мұрат Есжанның өлеңі. Мұратты өте қатты сыйлаймын, өлеңдерін сүйіп оқимын.
Мұрат, өзің айтпақшы “жезөкше болып кеткен” өлеңіңді жариялағым келді
Менің ойымша осы өлеңің ең сәтті шыққан туындыларыңның бірі. Сені өте талантты жігітсің, сен әркез биік шыңдардан көре берейік. Осындай көптеген туындылар күтеміз. Рахмет саған!
12 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер | Tagged: Мурат Есжан, Мұрат Есжан, сағыныш, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Сәуір 10, 2009
Жылдар бойы бәлкiм, сiздi iздегем?!
Сезiмiмдi жеткiзем деп
Сөз қалмады тiзбеген.
Жүз сөзге де сыймайды сағынышым,
“Хат жаз” дейсiз.
Қалай және не жазамын сiзге мен?
Тағы, тағы жанарыма қонақтады шық арсыз…
Жылы сөзге мен сияқты сiз де зәру шығарсыз.
Жүрегiмнiң тiлiнде ғой айтпағым,
Үнсiз қалсам, ұғарсыз.
Құралай Омар

18 Пікір |
Жан тербетер өлеңдер | Tagged: Құралай Омар, қазақша махаббат өлеңдері, қазақша өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere