Қыркүйек 19, 2009
Алдында Қазақтандағы беделді кинокритиктердің бірі – Олег Борецкийдің клубына бардық. Соңғы уақыттары арт-хаус фильмдерді бағалағанмен, оны түсіне алмай-ақ келемін. Сол арт-хаус қарауды, оның мағынасына терең үңілуді үйрену үшін, және рецензия айту, жазуды біраз тәжірибе жинақтайын деп Салтанат, Рауан, үшеуміз бардық. Негізі Рауанның иницативасы еді, сол үшін үлкен рахмет оған.
Бір байқағаным, клубта көбіне орыс халқының адамдары өте көп болды. Негізі қазақтардың келуі өте сирек сияқты, ал олардың фильмге байланысты өз ойларын айту тіптен сирек шығар деп ойладым. Жас аралығы – 80 жастағылардан төмен. Тіпті кемпір-шалдар да Борецкийдің репертуарларын қарауға асығады екен. Бұрындары голливудтың арзанқол дүниелерін көруге кинотеартрларда тек жастарды көріп үйреніп қалғандықтан, көзге оғаш көрінді.
Толығырақ оқу үшін »
8 Пікір |
Білгенге маржан, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: Борецкий, киноклуб, клуб, рецензия |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 4, 2009

Есік өңірі әлбетте әдемі табиғаты мен атақты Алтын адам мекендеген өңір ретінде бізге танымал. Тур фирмамен келісіп, қыздармен сенбі күні осы тамаша жерді көруге бардық. Гид тарихты жақсы білетін адам болып шықты. Бірақ орыс болғандықтан ба, әлде шынымен бұрынғы Верный қаласын тек казактар мекендеген бе деген ойда қалдым. Бірақ тарихқа үңіліп, бұрынғы Верный заманында Алматы казак әскері жасақтарының орталығы болғандығын ескерсек, әлбетте қаланың көркеюіне көбіне осы казактар, кейін қоныс аударған орыстар көп ықпал еткен. Мысалы, қаламыз бұрын ТМД елдерінің ішінде ең жасыл қала болып бірінші орында тұрған екен, қазір де сондай шамасы. Бұған бір кездері Верныйды басқарған орыс генерал-губернаторының (аты есімде жоқ) арқасында екен. Ол әр 4 тал еккен тұрғынға 1 сом беріп отырған. Ол кезде үлкен ақша саналыпты.
Толығырақ оқу үшін »
14 Пікір |
Білгенге маржан, Қызық..., Өз ойым | Tagged: Есік өзені, Сақ қорғаны, сақтар |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Тамыз 3, 2009
Қазақ тілінің қарашай-балқар тілімен ұқсастығына таң қаламын. Бізде жұмыста арғы тегі қарашайлық болып келетін әріптесім бар. Сол бір уақытта қарашай-балқарлар жайлы материал жазған еді. Соғыс уақытында Карачаево-Черкессияның -қарашайларын, Кабардино-Балкарияның – балқарларын Қазақстанға айдатып жіберген. Сол кездері аштықтан көбі қырылып қалған деседі. Аман қалғандарын қазақтар туыс көріп, аяққа тұрып кетулеріне көп көмектескен екен. Сонымен қатар олармен түсінісу де жеңіл болған. Өйткені тілдің ұқсастығы 70 пайыздай. Мысалы, қарашайлар да қазақтар сияқты етті басты тағам деп санайды. Басты тағам тишлик (шашлык), яғни кәуап болып саналады. Кәуаптың түр-түрі бар: сандан етильген тишлик, бютеу малдан тишлик (қойдың тушасы түгелімен), таба тишлик (табада қуырылған ет), чоюн тишлик (қазанда пісірілген ет) және т.б. Малдың арық, семіз деуі де сол қалпында қалады, қой – къюй, қозы – къозу. Жалпы кавказдар, соның ішінде қарашайлар малды жақсы баптаған, және жақсы айыра біледі. Бұрынғы кездері Ресейде үлкен қонақтарға арнайы қарашай қойын алдыртқан екен.
Содан болар жалпы кавказ кәуабы бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие тағамдардың бірі.
Толығырақ оқу үшін »
11 Пікір |
Білгенге маржан, Қызық... | Tagged: Ислам Байрамуков, қарашай-балқар, қарашайлықтар |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Шілде 24, 2009
Бұрын атам термелерді өте жақсы көруші еді. Ал мен болсам мүлде тыңдай алмайтынмын. МузАрттың концертінен кейін Мейрамбектің орындауындағы термені тыңдап, маған термелер басқа қырынан ашыла бастады. Әр сенбі сайын, бәрімізге жақын дос Ертай Нүсіпжановтың жүргізуімен «Сегіз қырлы» атты бағдарламада да небір керемет термелер айтылады. Әзірге көбімізге танымал Майлықожаның термесін жариялаймын. Терме 19-ғасырларда жырланса керек, бірақ бір байқағаным, өмір әлі де сол нақышта сияқты. Тек ғылым мен техника ғана дамуда…
Майлықожаның термесі. 
Ал білерсің, таңның атарын
Көрерсің күннің батарын.
Кейінгі жұртқа меймансың
Кеткен соң құрбы қатарың.
Керуен кетіп барады
Нарменен тізіп атқандай.
Жарық дүние аман бол
Тым құрбы өскен қатарым.
Ептеп кісі бай болмас
Маңдайға құдай бермесе.
Өлемін деп кім ойлар
Ажалы жетіп өлмесе.
Жылағанмен не пайда
Жыйылаған жұрт көрмесе.
Жырлағанмен не пайда
Тыңдаушы баға бермесе.
Дүниеге мейман көңілім
Мақтасам дауа тілерсің
Өлшеніп берген өмір бар
Уақытыңменен жүрерсің.
Бір күндері-ау қапа боп,
Бір күндері-ау күлерсің.
Бір қалыппенен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Толығырақ оқу үшін »
13 Пікір |
Білгенге маржан, Жан тербетер өлеңдер, Педагогика, психология | Tagged: Майлықожаның термесі, терме |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 30, 2009
Орыстардың көрген киноларына жазатын рецензияларын оқып, қайран қаламын. Қайдан шыққан ойлар, тіл байлық, философия. Кез-келген фильмді бүге-шігесіне дейін, майын сорып, жілігін шағып, жазып тастайды. Тіпті кейбір қолданушылардың жас аралығы 16-17 жастардағы жасөспірімдер, ал ойлау қабілетімен оларды ордабұзар жастағылар ма деп қаласың. Сенбесеңіздер, КиноПоиск сайтын бір ақтарып көріңіздерші.
Сонда рецензия жазуға жалпы біреулер үйрете ме? Әлде әр адам өзіндік ойларын өзінше жеткізе ме? Мысалы, менің шамам жетпейді сөйтіп жазуға. Кейде бір фильмді қарап шығып, кейін осы сайтқа барып, рецензияны оқысаң, сен байқамай қалған сәттерді жазып, оның мағынасын түсіндіріп жіберетін кездері болады. Сонда сен жалпы фильмді жай қарап шыққандай боласың, ал оның астарында қаншама мағына, қаншама философия жатыр екен.
Кейінгі кездері фильмдерді үлкен өнер ретінде, астарын іздей қарауға үйреніп жүрмін, сонда да білімім жетер емес. Соны түсінген сайын, фильм түсіру қаншалықты үлкен жауапкершілікті, үлкен өнерді қажет ететінін түсініп жүрмін. Біздің қазақ қоғамында рецензия жазу, ойларын жеткізу әлі дұрыс іске аспай жатыр.
Меніңше осы үрдісті дамыту керек, фильмді дұрыс түсіну, астарына жете білу. Көбінесе фильмді қарап шыққан сәттен, «ұнады, ұнамады» дегенмен ғана шектеліп жатамыз. Саян3 айтпақшы, «Үлкен білімге» жол бастауымыз керек…
37 Пікір |
Білгенге маржан, Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Педагогика, психология, Өз ойым | Tagged: білім, рецензия жазу, үйрену |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 10, 2009
1. Мойын мен кеуде тұсын және әдемі аяқтарыңызды бірдей ашық көрсеткен жарасымсыз. Ашық декольте мен мини бірге киілген кезде, бұдан асқан бейпілділік жоқ. Мұндай киім-киіспен сізді ең кем дегенде талғамсыздықпен айыптар немесе одан бетер – жеңіл жүрісті қыз деп ойлауы мүмкін.
2. Джинсының ішінен көрініп тұратын стринги біраз уақыт бұрын көшелерде сұрықсыз кейіппен көздің жауын алатын. Қазіргі кезде мұндай киім-киіс ұмытылған сияқты, қуанышымызға орай. Сонымен қатар джинсы немесе юбканың ішінен көрініп тұратын колготкилерге де жол жоқ. Егер күн суық болып, амал жоқ болса, онда бөкседен келетін колготки сатып алуға тырысыңыз.
3. Босоножкиді нәскимен (колготкимен, чулкимен) ешқашан кимеңіз. Жалпы колготкидің тігістері көрініп тұрса, бұл көріксіз көрінеді ғой, сондықтан капрон колготкиді басы ашық туфлилермен де кимегеніңіз абзал.
Толығырақ оқу үшін »
11 Пікір |
Білгенге маржан, Пайдалы кеңестер | Tagged: сәнділік, әдемі киіну, әдемілік, қыздарға кеңес |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Маусым 3, 2009
Білгейсің…
Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды – адам етуге жетпейді…
Білгейсің…
Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдейді…
Білгейсің…
Қарсыласыңды ренжітпеу мен өзіңнің ұстанымыңды қорғап қалу арасындағы орта жолды табу шынымен-ақ қиын…
Білгейсің…
Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас,
Шын ғашықтардың да…
Толығырақ оқу үшін »
13 Пікір |
Ақылды сөздер, Білгенге маржан, Педагогика, психология | Tagged: Ақылды сөздер, нақыл сөздер, пәлсапа, өсиет сөздер |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Мамыр 25, 2009

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылатын күн. Қазіргі кезде мектепті сағынып, оқығым келеді деп айта алмаймын. Мені мектепке деген сағыныш мүлде баурамапты. Тіпті бітіріп кеткенім қандай жақсы деп қуанамын. Кейде ойлаймын да, егер мектепте тек тарих, әдебиет, география деген сабақтар ғана болса бәлкім сағынатын ба едім деп, сонда қарап тұрсақ менің есеп-қисаптық ғылымдардың кесірінен мектепте оқығанды жақсы көрмеген болармын.
Мектепте оқып жүргенде логикалық есептер деген сабақ болатын (шындығында жек көретінмін осы сабақты). Сонда бір есеп болған еді, үлкен талқылаулармен шешілгендіктен есімде қалып қалыпты. Сол есептің жауабын шеше алмадым сол кезде. Бәлкім, қатты ойланғым да келмеген болар. Біздің сыныпта небір математиктер оқығаннан, оларға бұл есеп оңайға түскендігі белгілі. Жауабын шешіп, көпшіліктің ықыласына бөленген-тұғын.
Бүгін сол есепті интернеттен тауып алдым. Орысша екен, қазақша нұсқамен ұсынып отырмын. Ал ойланып, шешіп көріңіздер…
Бір күні үш дос: мүсінші Ақбасов, музыкант Қарабасов және суретші Сарбасов кездесіпті. «Біздің біріміздің шашымыз ақ, біріміздікі қара, біріміздікі сары екен, бірақ ешқайсымыздікі фамилияларымызға сәйкес емес», – деп қара шаштысы байқампаздығын танытыпты. «Дұрыс айтасың», – депті Ақбасов. Суретшінің шашының түсі қандай?
5 Пікір |
Білгенге маржан, Педагогика, психология, Қызық... | Tagged: логикалық есептер, математика, педагогика |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Сәуір 16, 2009
Арнайы Сатыбалды үшін приборларды қалай ұстау әдебі. Үйретіп жіберіңізші деген соң, сұрауын жерге қалдырмай, мәдениетті тамақ ішуге бір көмектесіп жіберейін дедім.
Сіздер де біле жүріңіздер. Астындағы түсініктемелер орысша болып тұр. Сатыбалды тамақ дайын болып барады, болыңыз деген соң, аударуға уақыт болмай қалды, ренжімеңіздер…

14 Пікір |
Білгенге маржан | Tagged: мейрамхана, приборлар |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Наурыз 20, 2009
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!
Авторы: Оразақын Асқар
4 Пікір |
Білгенге маржан | Tagged: наурыз бата |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere