Күлдіргі афоризмдер :)

Тамыз 14, 2009

Ақылды адаммен әңгімелесу оңай, бірге жұмыс істеу қиын.

Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет.

Егер ит сөйлесе, ер адам ең соңғы досынан айрылады.

Әйелдерді бағындырудың екі әдісі бар. Бірақ оны ешкім білмейді.

Бір әйелді ғана сүйетін адам, бір әйелді ғана бақытсыз етеді.

Батыр біреу болуы керек. Егер олар көп болса, онда оларды сотқарлар деп атайды.

Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.

Тәжірибе – алу керегіңді ала алмағанда алатының.

Балалар қайдан пайда болатыны жайлы ойланса, ал үлкендер қайда кететіні жайлы ойланады.

Мен джиу-джитсу, самбо, дзюдо, айкидо сияқты көптеген мықты сөздерді білемін.

Толығырақ оқу үшін »


Жүгіретін біреу болса қол созып…

Шілде 1, 2009

24115394_1b878dbc33f321660a64a0a25d13e52a

Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес.

Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес.

Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып.

Күләш Ахметова


Деген екен…

Маусым 22, 2009

“Білесіз бе, бұл дүниеде сезімтал болудан ауыр нәрсе жоқ сияқты маған. Кейде тіпті сезімсіз адамдар әлдеқайда бақытты көрінеді. Бірақ оларға сезімнің тәтті дәмін татып көру бақыты бұйырмаған-ау деп тағы ойлаймын. Үнемі ауыр ойлармен арпалысып, кейде мұңға батып, кейде сағыныштан сарғайып, кейде сәл нәрсеге жүрегің жараланып, кейде қырандай түлеп, ал кейде бәрінен-бәрінен жалығып, өзің де анық білмейтін көз көрмес, құлақ естімес әлемге жетелейтін “Сезім” деген әлемнің тұрғындарына бар адамдар түсіністікпен қараса екен деймін…”

“Айнамекен” блогында Рауан деген жігіт осындай коммент қалдырыпты. Кейде біреулердің сөздерін, осыны неге мен айтпадым екен деп ойланып қаласың… :-) Жөн айттың, Рауан…


Тоғысқан тағдырлар…

Маусым 12, 2009

Махаббат жайлы жазылғанның бәрі де шын екенін аңғардым. Шекспир айтыпты ғой, «Бәрі де екі ғашықтың кездесуімен бітеді» – деп… Әдемі айтылған. Өз басым бұл сөздерден өзіме жақын ештеме таппаймын. Бірақ Шекспир тапқан шығар деп сенгім келеді. Ал былай қарасақ, мен махаббат жайлы шамадан тыс көп ойланатын сияқтымын. Бірақ махабаттың біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп жібере алатындай күш иелігіне тамсанамын. Айтпақшы, Шекспир тағы да мынадай ақылды сөз айтыпты: «Махаббатта көз болмайды» – деген. Міне, осы сөзіне мен толық келісемін.

Біреулерде түсініксіз жағдайлармен махаббаттары сөніп қалады.
Ал кейбіреуі өз махаббаттарын жоғалтып алады.
Және де, әлбетте махаббатты тауып алуға да болады, тіпті бір түнге болсын.
Сонымен қатар махаббаттың басқа да қыры бар. Ең қатыгез. Мұндай махаббат өз құрбандарына үміт те қалдырмайды. Бұл жауапсыз махаббат. Бұл жерде мен асқан шебермін. Махаббат романдарында адамдар көбінесе бір-біріне ғашық болады, ал қалғанымыз не істемекпіз? Біз біржақты махаббаттың құрбандарымыз. Біз ғашықтар әлемінің қарғысымыз. Біз сүйікті емеспіз. Біз аяқ басып жүрген аурулармыз. Біз толық тұраққа ие бола алмайтын мүсәпірлерміз… Ия, алдарыңызда дәл сондай жан. Өз қалауым бойынша мен 3 жыл бойы сол адамды сүйдім, өмірімдегі ең ұзақ 3 жыл, ең бақытсыз жылдар. Ең сорақы Рождество, ең сорақы туған күндер, жаңа жыл, бәрі жасқа толы көз бен валиумның көмегімен өтетін. Ғашық болған жылдарым өмірімдегі ең қара түнек күндерден құралатын, қалайша сондай адамға ғашық болдым, маған қарамайтын және ешқашан мені сүйе алмайтын адамға.

Толығырақ оқу үшін »


Білгейсің…

Маусым 3, 2009

Білгейсің…
Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды – адам етуге жетпейді…

Білгейсің…
Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдейді…

Білгейсің…
Қарсыласыңды ренжітпеу мен өзіңнің ұстанымыңды қорғап қалу арасындағы орта жолды табу шынымен-ақ қиын…

Білгейсің…
Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас,
Шын ғашықтардың да…

landscape_photo_manipulation_Callandras_Dance

Толығырақ оқу үшін »


Өмірлік пәлсапалар…

Наурыз 30, 2009

kagaya_109

Тұңғиық қараңғыдан шығып, өмірмен таныстым. Алғашында жарықты көріп, қорықтым. Жыладым…
Кейінірек жарықпен өмір сүруді үйрендім. Бірақ өмірдің қараңғы жағының көбірек екенін көрдім. Шошыдым.
Ең жақындарымды қараңғы жерге салдым. Тағы да жыладым…

Өмір сүруді үйрендім.
Туудың – өмірдің бітуінің басталуы екенін, одан кейінгі уақыттың өлімнен
ұрланған уақыт екенін ұқтым…

Уақытпен таныстым. Уақытпен жарыстым да…
Уақытпен жарысуға болмайтынын, уақытпен тату жүру керектігін уақыт өте келе ұқтым…

Адаммен таныстым. Адамдардың ішінде жақсылар мен жамандардың болатынын көрдім. Ақырында жақсылық пен жамандықтың әр адамның ішінде тұрғанын ұқтым…
Толығырақ оқу үшін »


Түсінгенім…

Ақпан 12, 2009

Түсінгенім…
ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.
ұнатылатын адам боласың да, қалғаның өздері біледі.

Түсінгенім…
сенімге кіру үшін жылдар керек,
сенімден шығу бір-ақ минут.

Түсінгенім…
өмірде қолда не бары емес,
қасында кімнің болғаны маңызды.

Түсінгенім…
өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес,
ең жақсы өзіңмен салыстыру нәтиже береді.

1222378940_boat

Толығырақ оқу үшін »


Ақырын ғана өледі…

Қаңтар 19, 2009

1971 Нобел әдебиет сыйлығын алған Пабло Неруданың шығармашылығынан

Ақырын-ақырын өледі – әдетінің құлы болғандар, бағытын өзгертпейтіндер, көкжиектерін кеңейтпейтіндер, кимідерінің түсін де өзгерте алмағандар, немесе бір бейтаныспен сөйлесе алмағандар.

Ақырын-ақырын өледі – құмарлықтан, жүректі тез қаққызған, көздерді жайнатқан қателіктер мен сезімнен қашатындар, ақ пен қараны ғана қалап, нүкте қоюға асығатындар ақырын-ақырын өледі.

de5003a251fc

Толығырақ оқу үшін »


Жақсы әйел, жақсы жар, қыз туралы – Абай…

Тамыз 29, 2008

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көзің жетпей көңіл берме!

* * *

Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,
Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр!
Жар көңіліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса қылар сабыр.

* * *

Шу дегенде көрінер сұлу артық
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Бетім барда бетіме кім шыдар деп
Кімі паңдау келеді кімі тантық.
Ақыл керек, іс керкек мінез керек
Ер ұялмас іс қылар қатын керек.
Салақ, олақ, ойнасшы, керім, кербез
Жыртаң тыртаң қызылдан шығады ерек. Толығырақ оқу үшін »


Конфуций жазбаларынан

Тамыз 19, 2008

Дегдар азамат
Үш түрлі жағдайда,
Үш түрлі кейіпте танылады:
Алыстан көрсең – тәкаппар, айбынды,
Жақыннан көрсең – ізетті, мейірбан
Сөзін тыңдасаң – тура, қатқыл.

Кісіліктің мәнісі –
Нәпсіні тыю, Рәсімді сүю
Нәпсіңді біржола жеңсең,
Рәсімге бел байлап көнсең,
Аспан астындағы әлеумет
Сенің кісілігіңе ден қояды.
Кісілікке жету –
Көлденең жұртқа емес,
Тек өзіңе ғана байланысты.

Ілімді – күмәнсіз,
Ізгі – уайымсыз.
Қаһарман – қорқынышсыз болар.

“Біреудің көзіндегі шөпті алмақ болсаң,
Әуелі өз көзіндегі ағашты алып таста”.