Кеше демалыс уақытымда аты өшпес “Москва слезам не верит” фильмін қайта көру мүмкіндігі туды. Бұл фильмді осыдан 3-4 жыл бұрын көргенімде мағынасы санама көп нәрсе қалдырмап еді. Ендігі кезде тамашалағанымда бұл фильмнің өмірді сондай шынайы суреттегені таң қалдырды. Фильм кеңес уақытында түсірілсе де бұл қазіргі кезде де жиі кездесетін проблемалар екені рас.
Басты рөлдегі қарапайым қыздың батырлығы, басына түскен қиындық пен ауыртпашылықты жеңе білуі, сонымен қоймай әкесіз тапқан қызын аяққа тұрғызып, ештемеден құр қалдырмай етіп өсіруі өте қатты тамсандырады.
Менің ойымша қазіргі уақытта біздің қоғамдағы қыздардың осы ержүрек әйелден үйренері өте көп сияқты. Жалпы айтқанда ондай опасыздықты ешкімнің басына бұйырмасын әрине, бірақ та мінездің мықтылығы ешкімге де артық етпес.
Адамның ниетіне байланысты екінші жартысы табылады дегендей, басты рөлдегі әйелге жолыққан жігіт те қайсар, батыл, нағыз еркектердің еркегі болып шығады… (шыны керек көре отырып, іштей өзіме де сондай біреуін тіледім… ) Арманындағы жігіт оған көп уақыт өткеннен кейін жолықса да – жолықты… Мұнымен адамға бірінші кезекте төзім мен шыдамдылық керек екенін айтады.
Титр кезінде айтылатын “Александра” әнінде “Мәскеу де бірден салына қойған жоқ” фразасы өмірде де көп қолданылады. Әлбетте, оның көргені көп қой. Мыңдаған тағдырлар, көз жасы, алданыш, сағыныш, сүріну, құлау… Алайда махаббатқа сенім бәрін жеңе білген.
Махаббатқа сенім мен қайсарлық, ержүректік, көп қиындықты жеңетінін айқындайтын тағы бір фильм. Бұл фильмды тіптен 20 жылдан кейін көрсетсе де актуальды болып қала береді деп ойлаймын. Нағыз шедевр…
Кеше ең сүйікті тобымның – “МузАрттың” жеке концертін көріп қайттым. Керемет топ, тірі дауыс, музыка, әсем әндер… эхх… алып қайтқан эмоциямды Айконыкіндей әттең жеткізе алмаймын. Шынымды айтсам, осы топтың арқасында қазақ эстрадасынан күдерімді үзбей келемін. Менің ойымша концерт шетел әншілерінің концерттерінен асып түспесе кем түскен жоқ. Сағындырып берген концерт толықтай үздік деген бағада өтті.
Жігіттердің орындауындағы “Не деген көркем едің”, “Қайран көңіл”, “Кел, жаным”, “Сағындым Алматымды”, “Жүрегім”, “Махаббат гүлі солмайды”, “Есіңе ал”, т.б. әндерінің сөздерін жатқа білетіндіктен олармен қосыла айтамын деп сәл тамағым ауырып, эмоциядан басым да ауырып кетті. Бірақ бұл шаттықтан, қуаныштан болған жақсы сезімдер.
Сюрприз ретінде арасында Мейрамбек домбырада, ал Сәкен дауылпазда отырып, инструменталдың сүйемелдеуімен күй шертті, Мейрамбектің орындауында терме де айтылды. Жалпы концерт “Көрген де - арманда, көрмеген де - арманда” лебімен өтті. Осы концертті көргенімнен, алған әсерімнен өте бақытты сезінудемін…
Sorry seems to be the hardest word What have I got to do to make you love me What have I got to do to make you care What do I do when lightning strikes me And I wake to find that you’re not there What do I do to make you want me What have I got to do to be heard What do I say when it’s all over And sorry seems to be the hardest word Chorus: It’s sad, so sad It’s a sad, sad situation And it’s getting more and more absurd It’s sad, so sad Why can’t we talk it over Oh it seems to me That sorry seems to be the hardest word
Әйгілі “Sorry Seems to Be the Hardest Word” әні Элтон Джон (Elton John) мен Берни Таупиннің (Bernie Taupin) бірлескен туындысы. Алғаш рет бұл ән Эльтон Джонның орындауында 1976 жылы шыққан. Бұл оның Rocket Records студиясында жазылған екінші синглі болатын. Ән - жауапсыз махаббат жайында мұңды баллада. Сонымен қатар бұл әнде ерекше лирика Элтон Джонның қосқан үлесінде болып отыр. Көбіне Джон-Таупин шығармашылығы Таупиннің лирикасымен басталып жатса, бұл жерде керісінше Элтон Джон лирикалық музыкасы мен сөздерін өзі жазып, Таупин тек аяқтап берген екен. Келесі жылда бұл ән Greatest Hits Volume II-де (әйгілі өлеңдер жинағы) пайда болады, алайда авторлық құқық бойынша енді жариялануға шектеу болғанымен бұл ән 1976-1986 суперхиттерінде, және 1970-2002 жылдар аралығында шыққан суперхиттерде де, сонымен қатар басқа да жинақтарда да жарияланады. Бастапқыда әнді R&B әншісі Mary J Blige өңдеп, орындап шыққан екен. Кейін Joe Cocker –дің де еңбектерінің қатарынан табылып, “Joe Cocker’s Greatest Hits” жинағында да жарық көрген. Ал 2002 жылы Blue тобы Элтон Джонның көмегімен әнді қайта өңдеп жазады, Элтон Джонның қатысуымен видеоклип те түсіреді. Сонымен қатар 2004 жылы Элтон Джон бұл әнді атақты Рэй Чарльзбен де орындаған. 2006 жылы ән Клэй Айкенмен (Clay Aiken) өңделіп оның “A Thousand Different Ways” атты жинағында шыққан. Ән Британия және АҚШ-тың 20 үздік әндер қатарына кіреді. Британияда #11 сатыда болса АҚШ-та #6 орында. Ал 2007 жылы United World Chart-та әннің түпнұсқасы #4 орынға ие болған екен. Элтон Джонның төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелерге қарамастан осы әнді жазып шығарғаны үшін өте қатты сыйлаймын. Дегенмен де бұл әнге жаңаша стиль берген Blue тобы деп ойлаймын. Сіздер де менің ойыммен қосыласыздар деген үміттемін.
Осы жылы “Қазақстан аруы-2007” болып Алматы аруы-2007 - Альфина Насырова танылды. Ол Алматы технологиялық университетінің студенті екенінен басқа еш мәлімет жоқ. Мүмкін қазақстандықтардың бұл сайысқа ешқандай қызығушылығының жоқтығынан болар.
Осы кезде “Әлем аруы-2007”-де өз таңдауын жасады. Бұл атақ 23 жасар қытайлық Чжан Цзылиньге бұйырды. Ол Пекиннің бір фирмасында хатшы болып жұмыс істейді екен. Бойы 182 см-лік Чжан байқауға қатысушылар арасындағы ең ұзын ару болыпты. Байқау тарихында қытайлықтардың ең үлкен бірінші жетістігі екен. Мамандар қазіргі уақытта
блондинкалардың заманы бітіп, азиат қыздардың модада екенін айтып отыр. Кім біледі, мүмкін келесі жылы біздің аруымыз да шыңнан көрінер. Әзірге біздің жетістігіміз 2000 жылы Әлем аруында үшінші орынға ие болған Маргарита Кравцованың жеңісі.
Екінші орынды анголалық ару Микаэла Рейс алса, үшінші орын мексикалық Каролина Моран Гордильоға бұйырды.
Мына жерден Қазақстандық байқаудан тағы да суреттер көре аласыздар http://valeryayapov.com/displayimage.php?album=236&pos=453
Жақында шыққан атышулы қазақстандық “Рэкетир” фильмін кинотеатрдан тамашаладым. Шынымды айтсам, жарнамалық афишаларды көргенде сол баяғы ресейлік қырғын-жойғын шығар деп аса назар аудармаған болатынмын. Содан кейін ғана фильм Қазақстанда түсіріліп, Ахан Сатаев деген жас режиссердің туындысы екенін білдім. Барып тамашаламасқа болмады. Толығырақ оқу үшін »