Мамыр 27, 2008
Жаным, неден түңілдің, жанарыңда неге мұң?
Бақытсызбын дегеннің бірі мына мен едім.
Бекер бәрі, тәубә қыл саулығыңның барына,
Бұл пенденің ешқашан таусылмаған керегі.
Сен де өтесің өмірден , мен де бір күн кетермін…
Жанары жоқ жан айтсын шын бақыттың не екенін.
Түсінер ең сен сонда оның барлық арманы
Мына жарық әлемді бір көруде екенін.
Кейде өкпелеп беталды, өксіп қысып, тығылып,
өзімізге өзіміз жасаймыз ғой тығырық.
Аяғы жоқ адамның қасында не қайғымыз,
Бар арманы бір сәтке өту болған жүгіріп.
Қиындықсыз өмірде келер қызық, ән бар ма,
Бір арманың болмаса бұл өмірде мән бар ма?
…Қалай жаның ашымас анау жындыханада
армандауға шамасы келмейтұғын жандарға…
Бұл өмірдің таусылмас жауабы жоқ сұрағы,
Тәубәшілік дұрысы, шүкіршілік, шырағым!
…Таспадағы әуенге көңіл толмай біз жүрміз,
саңырау жан бір ақ үн естуді аңсап тұр, әне…
Амандықтан асатын бұл өмірде сән бар ма?
Теңсіз бақыт түсінсек бізге әрбір таңдар да.
…Бір минуты жетпей қап бір ауыз сөз айтуға
кетті емес пе жалғаннан талай жандар арманда.
Атақ, мансап, байлық, тақ, ақша, қызық - десіп тым,
Асып-тасып кеттік-ау көпірумен кешіп күн…
…Марқұм Анам «..бас аман болсын, бәрі болады..»-
дегенінің тереңін кеш ұқтым-ау… Кеш ұқтым!
Өлеңді жазған: РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ

2Пікірлер |
Жан тербетер өлеңдер | Ілмектері: Рахат Абдрахманов, махаббат олендері, олендер |
Тұрақты сілтеме
Жазған akzere
Сәуір 18, 2008
Алаулы көктем, аяулы көктем,
Мұңаймауымды қалайды көктем.
Жабығып жүр ем, сен “жыми” дедің,
Тіліңді алдым, жарайды, көктем!
Жүректерде қанша мұң, көктем?
Мен сені күтіп шаршадым, көктем.
Шулы қаладан тұншыққан менің
Жүрегімде де алша мұң, көктем.
Жүрексіздерден қорқамын, көктем,
Түйсігі барлар тым шағын, көктем.
Өтінем, бұлдыр бұлт арасынан
Қол бұлғап қойшы, Күн-сағым, көктем!
Дала да тынған сілтідей, көктем,
Тірлікке мынау күлкі бер, көктем.
Аңғал досын да алдап кететін
Көп екен күншіл түлкілер, көктем.
Кешіккен кезде жәй налып кеткем,
Сен, келдің қайтып айналып, көктем.
Сол сәтте-ақ менің айна мұңдарым
Айна көлдерге айналып кеткен!
Мақпал Жұмабай
4Пікірлер |
Жан тербетер өлеңдер | Ілмектері: Мақпал Жұмабай, махаббат, өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған akzere
Наурыз 31, 2008
Жүрек шіркін тапса деймін тез емін,
Қиялымды қанат қып кеңістікті кеземін.
Өзіңді іздеп… Қайдасың? Ұмыттың ба?!
Жо-жо-жоқ!
…Сағынышың екенімді сеземін.
Өзің ғашық гүл-өңім
Сарғаймасын, жайнасын деп
Жылап тұрып, күлемін…
Ойламауға тырысып, сызғаныңмен санаңнан,
Жүрегіңнің төрінде мен жүрмін ғой, білемін.
Өлшер ме еді сағыныштың салмағы мен көлемін?..
Өз өмірім өз қолымда, өзім ғана төремін.
Десем дағы… жете алмай,
Арманымның әлемінде жолығып,
Тек түсімде көремін.
12Пікірлер |
Жан тербетер өлеңдер | Ілмектері: махаббат өлеңдері, Құралай Омар |
Тұрақты сілтеме
Жазған akzere
Наурыз 4, 2008
Мынадай бір әдемі өлең тауып алдым. Орысша болғанымен қазақша
махаббаты жақсы сипаттайды екен. Маған қатты ұнап қалды.
Айналайын – чудесное слово,
Жаль, что русский его не поймет.
Объяснить я готова ему снова,
Только бедно звучит перевод.
Айналайын, твоими губами,
Пусть нелепо оно звучит,
Но другими иными словами,
Ты не сможешь его заменить.
Ты Сережу Есенина помнишь?
«Шаганэ, ты моя Шаганэ»
Айналайын – захочешь, запомнишь!
Повтори айналайын при мне.
Пусть оно будет нашим паролем,
Именами твоим и моим…
Мы казахи с любовью и болью,
О любимых своих говорим.
Айналайын, тебя называю…
Если хочешь понравиться мне –
Называй ты меня айналайын,
Как Есенин свою Шаганэ.
11Пікірлер |
Жан тербетер өлеңдер | Ілмектері: махаббат өлеңдері, олендер, стихи, стихи на казахском |
Тұрақты сілтеме
Жазған akzere
Қаңтар 9, 2008

Мынау кішкентай бір творчестволық шығармам. Ақын Алмас Темірбайдың жазған өлеңін суреттегенім. Әттең, қазақша шрифтер CorelDraw-да дұрыс оқымайды. Барымен базар болдық. Негізі осындай қазақша өлеңдермен суреттер тіптен жоқ десе де болады. Сол жағы дамыса күшті болар еді…
Суретке бір рет бассаңыз, жаңа беттен ашылады.
5Пікірлер |
Жан тербетер өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған akzere
Қараша 26, 2007

Құралай Омарова 2000 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық гимназия-интернатында Қанипа Бітібаеваның авторлық сыныбын бітірді. Өлеңді 15 жасынан бастап жаза бастады. Алғашқы өлеңдері 2000 жылы облыстық «Дидар» газетінде жарық көрді. 2004 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 2004 жылғы VІІ Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Өлеңдері республикалық «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет айдыны», «Кентавр», «Алтын орда», «Алаш үні» газеттерінде жарияланды. «Жас толқын» жинағына топтама өлеңдері енді. «Жалын» журналының 2006 жылғы Төлеген Айбергенов атындағы жүлдесін, «Дала мен қала» газеті өткізген «Наурыз – мүшәйра» ақындар сайысының ынталандыру сыйлығын алды. Биыл Х Халықаралық «Шабыт» фестивалінде бас бәйгені жеңіп алды.
Толығырақ оқу үшін »
3Пікірлер |
Жан тербетер өлеңдер | Ілмектері: Құралай Омар, қазақша өлеңдер |
Тұрақты сілтеме
Жазған akzere