6 шілде - сүйісу күні

Шілде 4, 2008

6 шілде күні, біз астанамыз бен елбасымыздың туған күнін тойлап жатқанда бүкіл әлем сүйісу күнін тойлайды екен. Махаббаттың бастамасы болатын, осы бір адам физиологиясындағы ерекше құбылыс жайлы біраз деректер жазғым келіп отыр.

Адам баласының бірін-бірі жақсы көруін сездіруінің өзі қызық. Жақсы көрген жандардың алдымен жанарлары түйісіп, жылы сезімін сөзбен ай­тып, одан әрі сүйісуге ұласады. Бұл адамдардың жылы қарым-қатынасының ертеден қалыптасқан және қалыпты әрі сүйікті бір формасы. Сүюдің дамуын, қалыптасуын зерттеушілер оның біздің эрамызға дейінгі 3000 жылдарға дейін жеткізеді. Ертедегі адамдар Құ­дайға сыйынып, өздерінің жақсы көруін, шынайы сезімін сүю арқылы білдірген көрінеді. Ол кездері сүюді «Құдайдың ісі» деп түсінген.

Ал адамдардың бірін-бірі сүюі әу баста не себепті басталғаны осы күнге дейін жұмбақ. Кейінгілердің зерттеп, сараптауына қарағанда, сүюді сенім білдірудің белгісі деп те қабылдаған кездер болған. Өзге біреудің сеніміне кіріп, қорықпай-үрікпей мұның жақсы көруін қабылдау үшін білдірілген белгі.
Толығырақ оқу үшін »


Дания - әлемдегі ең бақытты ел

Шілде 4, 2008

Социологтардың өмір құндылықтардың тізімін анықтау барысында басқа елдердің тұрғындарына қарағанда, Дания тұрғындары өздерін бақытты сезінеді екен.
Респонденттерге “Өзіңізді қаншалықты бақыттымын деп санайсыз?” және “Қазіргі уақытта өз өміріңізге қаншалықты көңіліңіз толады?” деген екі сұрақ қойылған.
Даниядан кейінгі бақыттылар қатарында Пуэрто-Рико, Колумбия, Исландия және Солтүстік Ирландия орналасқан.
Зерттеу жүргізген команданың басшысы, Мичиган университетінің саясаттанушысы Рональд Инглхарт, Данияның бірінші орында болуы, оның, біріншіден тату ел болуында және екіншіден, бай ел болуында деп пайымдайды.
“Дания – бай ел, әлемдегі ең бай емес, бірақ бай. Ең басты фактор, ол адамдардың өз өмірін қаншалықты еркін құра алатындығымен өлшенеді ”, - депті Инглхарт.

Ал біздің елге келетін болсақ, бұл сұрақнаманың біздің елде қойылған, қойылмағанын анық білмедім. Алайда қойылса да, біздің елдің бай, тыныш болуына қарамастан тізімнің жоғарғы сандарын сәндеп тұратынына күмәндімін. Қаншалықты теледидардан өзіміздің керемет, бақытты, тойшыл екенімізді күле көрсете алғанымызбен, сол өтірік күлкінің астында “Әттеген-ай” дерлік күйіміз ешкімге жасырын емес.


Наурыз құтты болсын!!!

Наурыз 21, 2008

Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға
Наурыз айы туғанда!!!

Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан, мөлдір махаббат тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!!


Толығырақ оқу үшін »


Кириллицалық “.рф” домені желіде 2008 жылдан бастап пайда болады

Желтоқсан 25, 2007

Ұлттық кириллицалық “.рф” домені Интернетте 2008 жылы ашылады деп хабарлайды Ru-Center басшылығы Алексей Лесников. Бұл желідегі сайттардың аттары да орыс тілінде жазылады екен. Қазіргі уақытта “.рф” белдеуіне жүргізілген сынақтар технологиялық жағынан бітті деп хабарлап отыр.

А.Лесниковтың айтуы бойынша, тіркелушілер құнды аттарға ие болу үшін аукционға түсе алады. Осы күнге дейін аукционға қатысуға 460 мың атқа ие болу үшін 5 мыңға жуық өтініштер өткізіліпті. Желілік аттың орталық бағасы 80 долларды құрайды екен, бес ат 1 мың доллардан жоғары бағаға сатылыпты. “.рф”-дегі жақсы аттар Ресейдегі көптеген компанияларды қызықтыруда.

Бұл жобаға қатысушылар қолданушылар арасында сұранысы жақсы болады деп санайды. Ірі бизнес өкілдері “.рф”-ден домендер сатып алуға тырысады, өйткені “.ru” домендеріндегі көптеген жақсы аттар бос емес, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмас деп санайды мамандар. Сонымен қатар даму үстінде “.рф” қолданушыларының саны “.ru” қолданушыларынан асып түседі деген де болжамдар жасалуда.

P.S.: Алайда бәрін уақыт көрсетеді. Бұл да бір ресейліктердің Интернет желісіндегі жаңаша бір жетістіктері деп санаса болады.