Қарақат қыз

Жұлдызды түн. Уақыт мәмілелі…
Кәрі төбет ерініп паң үреді.
Қарақат қыз қарайды мамасына,
Сылтауратсам екен деп тағы нені.

Маған пана сол үйдің бәйтерегі,
Күндегідей төбемнен ай төнеді.
Қолжуғыштың шелегі толмаса да,
Төкпек болып шығады, қайтеді енді?!

Кім екенін білмесін, білсін мейлі…
Әдеті ғой, ақырын «кімсің?» дейді.
Біле тұрып не үшін келгенімді,
«Қай жақтан мұнда адасып жүрсің?» дейді.

Авторы: Бейбіт Сарыбай

3 пікір | Қарақат қыз

  1. Ардақ says:

    “қолжуғыштың” дегенді,, жуындының десе ғой….бырақ керемет, керемет, керемет!!!! қатты тамсандым , шіркін!!! Өлең!!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.