Құмартып хор қызындай қылығыңа,
Батсам ғой балдай тәтті тұнығыңа.
Аһ ұрып, бұ дүниеден безер болсам,
Асылып өлер едім бұрымыңа…
Қос көзің ─ қолтаңбасы шапағаттың,
Қос ерінің ─ қызыл мөрі махаббаттың.
Айсыз түнде… алдымда еркелетіп,
Келеді кең дүниені аралатқым!
Қылықтың берген Құдай саған бәрін,
Сұлуды сен сияқты таба алмадым!
Келе ғой, құшағыма кіріп кетші,
Күнәдан өзім сақтап қалам, жаным…
Сұлудың сенен басқа керегі жоқ,
Себебі, себебі оның… себебі көп!
Өлмейсің, мәңгі тірі жүресің сен,
Ұлы ақынның ұмытылмас өлеңі боп!
…Көрмесем тұра алмаймын көзіңді мен,
Өзің жайлы ─ өлеңім, сөзім кілең!
Қиыннан қиыстырған қиялымсың,
Сені Құдай десем де, өзім білем…
Авторы: Алмас Темірбай
Бі-лә… не деген сөздер?! Мықты! +5
Бүлдіріп алды…
шигырзарын бик хуш килган, хорматле Алмас афанде! Ихлас кунелдан язылганлыгы куренеп тора.
Өлеңнің соңғы қатары үшін Құдайдан кешрім сұраймын Өйткені өлең авторына ғашықпын
Ақын болу қиын Ал Ақынға ғашық болу азап. Әр өлеңіне жылайсың Ал сенің көз жасың Алмас үшін көк тиын. “Басымды қатырма!” деп ұрыса бермей, менің шын ғашық екеніме қашан сенесіз?