Алло… Алло…
Тыңдап тұрмын…
Иә, мен…
Менмін деймін…
Бұл кім екен?
Кім деймін?…
Сөйлесеңші, сонша неткен ұяң ең,
Не дерімді, не етерімді білмеймін…
Құлың болып кетсем, мейлі, кетейін,
Сорымбысың, бағымбысың? Кімсің, кім?!
Не тілейсің, айтшы, кәне, не етейін?
Сонша неге солқ-солқ етіп күрсіндің?
Тым құрыса тыныштық бер жаныма,
Ой, құдай-ай, ойының ба, шының ба?!
Жазалауың басталды ма тағы да,
Мазалауың аз болғандай бұрын да…
Құдай үшін… бір естіртші үніңді,
Ең бірінші және, бәлкім, ақырғы.
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой шыныңды,
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой атыңды.
Сүйесің бе?
Сүйсең соны білдіріп,
Жаз да жібер поштаменен хатыңды.
Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып,
Төле десең, берем қаламақыңды…
((Періште ме, пері ме, әлде, пенде ме?!
Бітпейтұғын болдың-ау сен бір уайым)).
…Телефонның трубкасын кеудеңе
Қоя тұршы…
Жүрегіңді тыңдайын!..
Авторы: Алмас Темірбай
Осы өлеңді мәссағаннан оқып едім. Жүректі селт еткізерліктей жазылған.
Тамаша өлең,ерекше!Жүректің қылын шертеді…
Мынадай өлең маған арналса, соңынан еріп кетер ем ақынның. Неткен романтика десеңші.
Керемет екен…
Дауысыңды есту үшін нөміріңді теремін
“Алло!” дейсің, ал менің дүрсілдейді жүрегім…
Алмас, мен СІЗГЕ мәңгілік ғашықпын! “Алло” деген дауысыңызды есіткенде, жүрегім дүрсілдеп сөйлей алмай қаламын. Мен сияқты Сізге ғашық қыздарға түсіністікпен қараңыз,өтінем.
керремет
керемет керемет….әсіресе соңғы шумағы….адамға ерекше әсер бердің ғой….ақын ақынды түсінеді ғой? өзіңнің кітабың бар ма??? сіздің өлеңіңізге құмармын…