Жетпейтиндей бір нәрсе көркем ойға,
Ақындардың теңеуі келте, майда.
Беатриче бар, бірақ оның сұлу
образын жасайтын Данте қайда?
Арулар бар, аз емес күшти ұлдар да,
Көзден ұшқан бағынған ұшқындарға.
Сұлу әйел сүрінген тасты сүйіп
Өлмес өлең туғызған Пушкин бар ма?
Орын берді ойынан Жахан оған
Адам бар ма есімін атамаған.
Балқадиша кеткенде өлең жазған
Бар ма бүгін баяғы Ақан ағам?!
Сол жігіттер жоқ бүгин сүйе алатын,
Сүйгені үшін өмірін қия алатын.
Қорланамын көргенде кей жігіттің
Қорландарға жасаған қиянатын!
Авторы: Күләш Ахметова
О махаббат деп жылаған адамдар бар,
Түнде ұйқы көрмеген надандар бар.
Оның бәрі махаббат деп жылайды екен,
Сонда ойлан деп өзіне айтқан жандар да бар.
*******************
Көресіні махаббаттан көргендер бар,
Сенетіні махаббатқа сенгендер бар.
Сонда бұның бәріне недер едің,
Махаббаттың құдіреті-ай дегендер бар!!!