* * *

“Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?

Қағылуы махаббат қанатының,
Жаныңызға жабырқап баратыным.
Байқалмай ма сізге осы,
Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.

Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп
Көргенім жоқ, керек пе жалындыру?
Өртенемін жаныма жалын кіріп,
Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..

Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,
Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.
Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,
Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…”

Авторы: Күләш Ахметова

5 пікір | * * *

  1. Қосақ says:

    Күләш Ахметованың өлеңдері керемет қой. Осы өлеңнің МР3 де бар, оқыған қыз да әдемі оқиды.

  2. aizhannur says:

    magan po4tama salyp jiberesiz be? aizhanfromkz@gmail.com

    aldyn ala rahmet :)

  3. Gastarbaiter says:

    Ақын қыздардың көбі сұлу болмайтыны рас па осы?

  4. Ей өмір зымырап барасың ба?
    Өмірдің ағыменен қарасыңда!
    Мен отырмын ойланып!
    5-күн жалған тірлікте!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.