Тағатсыз күткен ыстық үн,
Жаралы хал ғой – ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да, басып қал.
Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.
Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп…
Жолығар болсам қайта мен
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.
Авторы: Төлеген Айбергенов
Керемет өлең екен, бірақ, “Тағатсыз аңсар ынтық үн” деген жерін “Тағатсыз күткен ынтық үн” деп ауыстыруға болмас па екен?
сіз жазған өлеңнін басқа редакциясын оқып едім, мұндағыдан өзгеше…оның басы былай басталалы..
Сеземін сүйген жүрекке,
Сағыну соқпас оңайға.
Дегенмен қалқам қалайда
Жалғыз қалғанда мені
Таңертең тұрда шықты көр,
Оянған шақта мені ойла.
Шұғылаға шығыс түп түгел
Боялған шақта мені ойла.
Арадай балға тоймаған,
Бал қызғанғанда мені ойла.
Талдардай көктемгі бүртігін
Жаңа ашқанда мені ойла.
Тағатсыз аңсар ынтық үн
Жаралы хал ғой, ғашық хал
Рояльды көрсең бір тілін
Мені ойлап бар да, басып қал
Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге
Махабаттардың шынында,
Ойламау жеткен түбіне!