Сен бақытты боласың…

Жанымда нұр,  көңілің алабұртып,
Сен де білем шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем -
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін -
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сені бақытты етеді екем?!
Сен нәзік ең, аққудай, шағаладай,
Адастың тек қона алмай жағаға жай.
Өңкей жамананталап жан-жағыңнан
Аяламай қор қалды-ау, бағаламай.
Сен бір ғажап, сұлусың сұрақ мүсін,
Сұлулығы жаныңның қуат күшің.
Сен бақытты боласың
қара да тұр.
Себебі сен арлысың, саналысың,
адалдардың ішінде адалысың.
және де тұрақтасың.
Сен бақытты боласың,
сәл күте тұр…

Авторы: Г. Рүстемова


8 жауаптар “Сен бақытты боласың…” ке

  1. arsenal777деді:

    рахмет, осы өлеңді баяғыдан іздеп жүргем, 1-2 курсттың хиті болатын :)

  2. Aikonaдеді:

    Адеми.

  3. Aina mekenдеді:

    Расында да, бір күнде бірдей өлеңді блогымызға енгізгеніміз қызық болды ғой :) . Бәріміз де бақытты болайық, ИНШАЛЛАХ!!!

  4. mаkедеді:

    кейде синхронды дыбыстала қалсақ,бір-бірімізге: “қашан қуанамыз?” деуші едік…

  5. ardasauдеді:

    Рахмет саған, менде бақыт тілермін…
    Алла жазса, Бақытты мен боларымды білемін,
    Күтермін мен күтсе егер құм сағат,
    Өзің айтшы, қартаю мен сұм ажалдың бір емін?

  6. Тотыдеді:

    Бізді де күткен бір бақыт бар сияқты… “Бақытты” іздеудің өзі бақыт…демей ме… сәл күтейік…

    Бірақ…кейде күткеннен де жалығып кететінім рас…

Жауап қалдырыңыз