Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:
1. Жаным
2. Аяулым
3. Ғашығым
4. Кеш немесе кешір
5. Жүрегім
6. Алтыным
7. Қарағым
8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым
9. Айым («күнім» емес)
10. Сезім.
![]()
Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:
1. Жаным
2. Аяулым
3. Ғашығым
4. Кеш немесе кешір
5. Жүрегім
6. Алтыным
7. Қарағым
8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым
9. Айым («күнім» емес)
10. Сезім.
![]()
Қыркүйек 4, 2009 at 1:42 тк |
М.Исабекованың барлық әндері іш пыстырады. Сосын Айқынның. Тағы кім бар еді? Есіме түсер емес.
Қыркүйек 4, 2009 at 5:58 тк |
Көп қой. Мүмкін, көп болғандықтан да теріп отыру қиын болар.
Қыркүйек 4, 2009 at 2:32 тк |
Қыркүйек 4, 2009 at 5:56 тк |
Іш пыстырса бір сәрі. Адамның жүйкесіне тиеді ғой. Өлең деген аттан жұрдай сөздер топтамасы ғана. Сүйген, күйген, жылаған, сорлап қалған ғашықтардың сыңсуы бітпейді екен.
Өткен жылы ең сорлы әндердің ”TOP 10” жасайын деген едім, бірақ болмай қалды. Әуендеріне қарап емес, сөздеріне қарап.
Бірер сөздерді қоса кетейін. Шымкентке барғанда құлағым шалып еді.
1) жараладың
2) неге (көңілсіз өлеңде)
3) тағдырға не амал (тағдырда не жұмысы бар?)
Қыркүйек 4, 2009 at 6:07 тк |
жүрегімді жаралап кеттің, ғашығым…
сезім отын… бірдеңе бірдеңе… (білмеймін)
***
сөйлеме маған, доғар сөзіңді
көрсетпе, жаным, мінезіңді… (Алмас Кішкенбаев)
***
қайтемін енді, шыдармын да
жүрегімді бір қинаймын да… (Азиз(?)-сенші маған)
***
жаным-ау, сағындым деп неге алдайсың,
сүйемін, ғашықпын деп тағы алдайсың… (білмеймін)
***
сүйем дедің сүйе алмадың – алдадың,
айтқан сөзге тұра алмадың – тұрмадың.
бақыттымыз деуші едік қой, жаным-ау жАным-ау…
неге, неге, неге, жаным алдадың… (білмеймін)
***
жаным, қалай жағдайың,
жүректесің әрдайым.
қайда жүрсең аман бол деп
әсем әуен арнайын(?)… (білмеймін)
***
бір ән бар еді ғой, “іздеймін таппаймын, тапсам да бақытты болмаймын” дейтін
)) ішім пыспайды
) просто, ішім қатып қалады
))
Қыркүйек 5, 2009 at 8:06 тд |
Ох…
Қыркүйек 7, 2009 at 5:55 тк |
wahahaha, Baldyrgan oltirdin:))))
erinbei jazganyndy ai:))
Қыркүйек 5, 2009 at 8:10 тд |
“Жаным” сөзі әсіресе С.Жолбарыстың өлеңдерінде көп.
Қыркүйек 5, 2009 at 11:08 тд |
Жаным сөзі қосылмаған ән жоқ шығар (Бозторғайдан басқасы):-)
Қыркүйек 5, 2009 at 2:55 тк |
ля ля мен ммммм ды да сол қатарға қосып қою керек
Қыркүйек 6, 2009 at 7:03 тд |
Рифмалары топас болған өлеңдер ше:
Қарай алмадым, жарай алмадым, тарай алмадым
Бардым, Алдым, Салдым, Қалдым…
Сөзі, өзі, көзі – орыстың грезы слезы, любовь морковь дегенімен салыстыруға болатын өкшесі тесіліп, мойны созылған ұйқастар.
Қыркүйек 7, 2009 at 6:35 тд |
Көше әндері боп кеткен туындыларды әлдеқандай боп эстрадаға шығарып жүргендерге ішім пысады.
***
сүйем дедің сүйе алмадың – алдадың,
айтқан сөзге тұра алмадың – тұрмадың.
бақыттымыз деуші едік қой, жаным-ау жАным-ау…
неге, неге, неге, жаным алдадың…
бұл өлеңді тек көшеде гитарамен айту керек )))
***
Қыркүйек 7, 2009 at 6:39 тд |
Сосын ана өлең де:
Біреулер келер, біреулер кетер
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер
Бәрі де бекер…
- деген сияқты. Мұндай “дворовый” өлеңдерді Талғат Жорабаев пен Алтынбек айтуға құмар…
Қыркүйек 8, 2009 at 4:17 тд |
Еще Хит-ТВ арқылы бір-бірін жамандап, осы әндерге таласатынын қайтесің )))
Қыркүйек 7, 2009 at 9:27 тд |
Қызық…бәріне бірдей сапалы өлең тие бермейді… барын айтады да…қолдарына тигенін…әрине, олар жүрекпен айтпағаннан кейін…іш пыстыратыны анық қой…
Қыркүйек 7, 2009 at 10:45 тк |
ойлай берме мені, жаным, ойлай берме. ойлай берме.
шедевр өлеңдерден үзінді.
зы. айтпақшы Айым ай бар екен ғой
Қыркүйек 8, 2009 at 6:10 тд |
janym sozi negizi en nazik, en jaksy soz goi:) magynasy men manyzdylygy osyndai olenderde jogalgan goi:) mumkin sol uwin de jigitter kyzynyn atyn esine tusire almasa, “kim edi… a, janym” dei salady:))))
mynda kommentirovannye olenderdin keibiri magan unaidy:( arine, man-magyna jagyna kelsek, kazirgi kezde el arasynda jurgen olenderdin jartysynan kobisi atu jazasyna ketedi goi:(
Қыркүйек 13, 2009 at 7:20 тк |
Қашан Сатекең кеп, “жаулап алды махаббатты” айтады деп отырмын..