Сен қайда жүрсің?
Мені осынша сағындырып,
Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.
Мен сені іздеп жүрмін
Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,
Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.
Кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.
Басқаларға айта алмас сырымды мен
Ішімдегі бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
Көмілмей жасқа, мұңға,
Орап сені сағыныш – ақ сағымға.
Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса
Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша
Отырамын көз ілмей бас жағыңда.
Арпалысқан сәтте сол
сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт
Әттең атып қалады-ау таң да күліп…
Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,
Ол да сені нұрымен аймалай ма?
Авторы: Фариза Оңғарсынова
Сен қайдасың,
Сені іздедім шарқ ұрып, құр сабылып,
Білгенім жоқ боларын мұнша бүлік.
Төзу де бар, сезу де, күту де бар.
…Көр пиғылдар “кеттік” деп жүр шақырып.
Сен қайдасың?
Ғайып болып жоқ болдың-ау сағымдайын,
Енді сені қалайша сағынбайын?!
Келші, оралшы, жаным-ау, орала гөр,
Жегідей жеді әйтпесе сары уайым.
Сен қайдасың?
)))
Сен барда бұлақ тұнық,
(Қайдасың деп жібердім сұрақты үйіп…)
Сарыла күткен сені біздерді ая,
Сен қайдасың? Қайдасың тұрақтылық?!
Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан
Әлі тұр гүлдер де
Самал жел шайқаған
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың қалқажан?!
Көруге жаралған
Сен бейне айнасың
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!
сені іздедім даладан
сені іздедім қаладан
жоқсың сен
қайдасың
жүрсің сен қайдааа
аааа…
Хммм… Шамасы, біреу жоғалып кеткен болса керек.
Seni izdeimin habary jurilip jatsa kerek )
Қазақстанда ол хабар “Бармысың, бауырым?” деп аталады.
Эхх.. вы… түсінбейсіңдер ғой… ))
Бұл сайтты мен жолдасыма почтасына махаббат туралы өлең жіберейін деп өлең іздеп тауып алдым. Мынандай керемет өлеңдер бар екені қуантады.
Сен қайдасың,
Басқа жақтан бақыт іздеп жүрсің бе?
Басыңды имей жүректегі дүрсілге.
Үмітімнің қырқып алдың тұлымын
Өтіріктен ойлаған боп күрсінбе.
Айгүл Сейіловадан.
Кун мен тунді откіздім, кунім карангы тунімде карангы, козімді ашамын, кайта жумамын, омірім отіп барады, сен олай ойлама мен тек сені гана каладым .