Ия, адамдар әртүрлі. Кейбірі сырттай күліп, іштей қай жерден итеріп құлатсам екен, қай жерден шалсам екен деп тұрады. Кейбірі тұрған жеріңде езіп кетуге дайын.
Блог – әркімнің өзіндік жеке мәселесі. Жазғың келе ме – жаз, жазғың келмей ме – жазба. Жазған екенсің барлық комментке шыда деген ғой.
Түсінемін, орысша сайттардың саны жетіп, артылады. Ондағы небір сұрықсыз комменттерді кім жазып-жазбай жатқанына мән де берілмейді. Өйткені орыс тілін түсінетіндер өте көп, және ол әр мемлекеттен де болуы мүмкін.
Ал біздің сайттар ше? Айналдырған 5-6 қазақ блогын көре алмай, неше түрлі коммент жазылып жатыр. Осы ғой қазақтардың тірлігі, не өзінде жоқ, не басқа біреудікін көре алмау, қаралау…
Мен постарымды боқтап жазатындай, ешкімге сылтау бермедім деп ойлаймын. Әрбір постымды мың ойланып-толғанып жазамын, әр постымның ішінде менің жарты бөлшегім жүреді. Соған небір комменттер қалдырғанда өз басымды боқтап кеткендей әсерде қаламын.
Неге сонша қатігез, неге сонша агрессшіл, неге сонша жаншылып сөйлеуге барсыздар?
Егер менің блогымды Сатыбалды оқып, пікір қалдырып жүрсе, мен Сатыбалдының сөздерін жинап жүрсем, мені де келіп боқтау керек екен деген сөз емес қой! Ол адамды сыйлайтыным рас, өйткені әлі күнге дейін сол адамның ойы мен санасындай интернетте басқа ешкімді кездестірген емеспін!
Сондықтан пікір білдірер алдында, блогты шатастырып алмадыңыздар ма, немесе қайда, не жазып жатқандарыңызды ескеріңіздерші, өтінем…
Uncategorized |
Posted by akzere