Міне, 2 жарым жылдай болды, мен және интернет екеуміз айрылмай, дос болып келеміз. Және де интернетпен өткен жылдарыма мен еш өкінбеймін. Қайта қайталап, қалай өткізер едің десе, дәл осылай өткізер едім деймін. Интернет өзгерткен менің мынадай 5 нәрсем бар:
1. Көрегенділік. Интернет арқылы адамдарды тани бастадым. Қырларын, сырларын, сөйлегендеріне қарап, ішкі болмыс пен сыртқы қалпын ажырата бастадым.
2. Идеялардың іске асуы. Блог аштым, Мой Мирде қауымдастық құрдым. Небір ақындардың өлеңдерін оқып, қазақ поэзиясының керемет майталмандарымен таныстым, дәмдес болдым.
3. Рухани даму. Интернеттен көшіріп, көптеген кітаптар оқыдым. Өнерді бағалай білуді үйрендім. Өнер мен көзбояушылықты біраз болса да ажырата бастадым.
4. Достық. Интернетпен керемет адамдармен достастым. Кейбір достарым менің өмірдегі достарымнан да қымбатырақ. Өмірде сондай адамдармен сөйлесіп, дос болғаныма мың алғыс. Ғашықтарымды интернеттен табатын болдым. Бірақ көбіне кездесуден кейін бәрібір дос қылып аламын.
5. Бағыт-бағдар. Жалпы мен интернетте өзімді еркін сезінемін. Өзімнің мекенімде, өз орнымда отырған сияқты. Кейде өмірде іске асыра алмаған, басқа қырымнан көріне алмаған заттарымды осы интернетте көрсете алған сияқтымын. Өзіңе көңілің тойған сәтте ғана бағдарың мен не керек екенін білетін болады екенсің. Осыған көзім жетті. Өзімді тани білдім, маған не керек екенін білемін, бақытты болуға не керек екенін анықтадым, бәрі осы үстіндегі жазбалардың арқасы.
Байқаймын, өміріңіздің келесі бір кезеңіне өткіңіз келсе де, біртүрлі өте алмай жүрген сияқтысыз… Әлде, оқырмандарыңызды қимайсыз ба(қайта-қайта отчет жазып дегенім ғой)?
Очм, Сізде бір өзгеріс бар, дачы.
Не ма, ана жаққа кетіп қалайын деп жүрген жоқсыз ба?
Күйеуге дегенім ғой…
Бар болса бар шығар, Нәке..
Ал кетсем, сіздер бірінші білетін боласыздар ғой, не де болса…
)
көп нәрсені өзгертіп үлгеріпті ғой Интернет
качай етіп алатын тегин кітаптард айтсайЧ
Көзіңнің ауырғанына қарамастан, оқи бересің…:)
“Качай” етіп алған соң, оларды оқисың ба өзі?
Когда как…
)
Өз басым интернетпен таныстығымды порнуха қараумен бастағанмын.
Өте мақтанарлық жайт екен… (((
дамып кеткен кәкәй бала…
“Реферат іздеп кіріп ем, аяғы Елена Берковамен бітті..” (с)
))))))))))))))))))
Келісемін, интернет реалдан қашқан ішкі дүниесі шектен тыс байып кетіп, сыртқа төгіліп жатқан байғұстардың мекені; 100-ші рет көзім жетіп отыр.:)))))))
[...] Авторы: Цеван-Рабтан – мына жерде [...]
Жазған есебің керемет екен,Ақзере қыз! Мынау тіпті ұнады:
*Ғашықтарымды интернеттен табатын болдым. Бірақ көбіне кездесуден кейін бәрібір дос қылып аламын…* менде де осындай жайттар өткен басымнан.
Сосын мынау тұс:
*Өзімді тани білдім, маған не керек екенін білемін, бақытты болуға не керек екенін анықтадым, бәрі осы үстіндегі жазбалардың арқасы*.
Жалпы,осы қазақ интернетінде бір бірін түсіне білетін адамдар көп кездеседі. Арман-мақсаттарың орындалсын!
Рахмет! Сіз де бақытты болыңыз! Сіздің құрбыңызға жазған хатыңыз керемет, оқып отырып жылағым келіп еді. Рахмет
Ақзере – мхббт иконасы
Иә көп өзгерістерге куә болады екенсің. Өзіме қарап айтқаным ғой.
Да, Айкона, все мы были свидетелями охватившего тебя невинного виртуального очарования…
Очаровавшись, ты создала себе идеального джигита в своих мыслях. И даже, может быть, мысленно, сама того не осознавая, ты стала возлагать а него какие-либо большие надежды?
Но, как известно, после очарования наступает разочарование. И к сожалению, эта истина не обошла стороной и тебя.
что то на татарский язык уж ошенно сильно похож…