
Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес.
Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес.
Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып.
Күләш Ахметова
Шілде 1, 2009 at 12:12 тк |
Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Ортайғанда бір жартыны қылқитсам,
Қартайғанда аяғыма жүн өспес.
Шілде 2, 2009 at 6:02 тд |
Хи*хи )) жүн өсірмеу үшін бір жартыдан басқа нәрсе керек шығар… ))
Шілде 2, 2009 at 5:16 тд |
Әдемі өлең екен, Ақзере! Рахмет осындай өлеңдермен таныстырағаныңызға! Күләш Ахметованың “Жақсылықтың бағасы” деген өлеңі де ерекше. Баян Нұрмышева орындайды.
“Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес”…
Сіздің жайнап, құлпырып жүруіңізге бәріміз де тілектеспіз! Өмір гүлісіз!
Шілде 2, 2009 at 6:03 тд |
Рахмет, Камшат!
Шілде 2, 2009 at 6:46 тд |
Маған да Кұләш Ахметова ақын ретінде ғана емес,әйел ретінде де ұнайды. Бір радиодан берген интервьюын тыңдаған едім…
Шілде 10, 2009 at 3:47 тд |
Иә,қазақтың маңдайына біткен ақын қыздарының бірі Күләш апамыздың өлеңдеріндегі нәзік үнге ештеңе жетпейді ғой. Ал,мына Зеренің тіркегені тіпті керемет!
Тамыз 1, 2009 at 5:14 тд |
Zere, nege jaksy olenderdi jazbai koidynyz?