Орыстардың көрген киноларына жазатын рецензияларын оқып, қайран қаламын. Қайдан шыққан ойлар, тіл байлық, философия. Кез-келген фильмді бүге-шігесіне дейін, майын сорып, жілігін шағып, жазып тастайды. Тіпті кейбір қолданушылардың жас аралығы 16-17 жастардағы жасөспірімдер, ал ойлау қабілетімен оларды ордабұзар жастағылар ма деп қаласың. Сенбесеңіздер, КиноПоиск сайтын бір ақтарып көріңіздерші.
Сонда рецензия жазуға жалпы біреулер үйрете ме? Әлде әр адам өзіндік ойларын өзінше жеткізе ме? Мысалы, менің шамам жетпейді сөйтіп жазуға. Кейде бір фильмді қарап шығып, кейін осы сайтқа барып, рецензияны оқысаң, сен байқамай қалған сәттерді жазып, оның мағынасын түсіндіріп жіберетін кездері болады. Сонда сен жалпы фильмді жай қарап шыққандай боласың, ал оның астарында қаншама мағына, қаншама философия жатыр екен.
Кейінгі кездері фильмдерді үлкен өнер ретінде, астарын іздей қарауға үйреніп жүрмін, сонда да білімім жетер емес. Соны түсінген сайын, фильм түсіру қаншалықты үлкен жауапкершілікті, үлкен өнерді қажет ететінін түсініп жүрмін. Біздің қазақ қоғамында рецензия жазу, ойларын жеткізу әлі дұрыс іске аспай жатыр.
Меніңше осы үрдісті дамыту керек, фильмді дұрыс түсіну, астарына жете білу. Көбінесе фильмді қарап шыққан сәттен, «ұнады, ұнамады» дегенмен ғана шектеліп жатамыз. Саян3 айтпақшы, «Үлкен білімге» жол бастауымыз керек…
Маусым 30, 2009 at 8:12 тд |
Орыс халқы ойын жасырмай айтатын халық. Таралыққа жақын халық. Сөйлеуден қысылған, тосылған орысты көрмеппін. Өз ойына еркіндік бере біледі. Ол олардың бала тәрбиісінен басталады. Біздің халқымыздағы ”тормыздық” бала кезден басталады. Туылғаннан бастап шектеулер мен тиымдар көп. Бұлай өскен адам қалай ғана көркем түрде әрі өз ойын бүкпесіз ашық жаза алсын?! Ең болмағанда, ұмтылып жатқан адам көрсең, қуанасың.
Орыстарды ешкім ондайға баулымайды. Ондай қасиет бұрынғы римдік шешендер мектебі секілді арнайы мектепте қалыптаспайды. Бар болғаны: Ұмтылыс, Белсенділік, Өзін-өзі тежемеу.
P.S: мұндағы пікір барлық қазаққа немесе орысқа бірдей қатысты дегенді білдірмейді.
Маусым 30, 2009 at 8:14 тд |
Айтақандай, әдебиет саласында да бар Рецензияжазу мәселесі. Кейбір кітаптарға жазылған мықты деген кісілердің сөздерін оқып, ертегі оқып кеткендей боласын. Бос сандырағы ұнамайды.
Маусым 30, 2009 at 8:57 тд |
Аңсар, суретіңді ауыстыршы… ))
Маусым 30, 2009 at 10:02 тд |
Құладым
Көзден жас кетті
Маусым 30, 2009 at 10:45 тд |
Өзім киноға аса қызықпаймын. Бірақ хабардар болып жүру үшін, оқып тұрамын. Бұл пікірің орынды айтылған. “Коммерсантътың” “Кино” айдарымен берілетін рецензиялар оқып отырсаң, шынымен де керемет жазады.
Маусым 30, 2009 at 11:05 тд |
Біздердегі кинолардың барлығының рецензиясы:
“X – өте жақсы фильм. Аядай 1 сағаттың ішінде халқымыздың бейнесін, мінезін ашып көрсете білген. Режиссер Y бұл фильмді түсірместен бұрын көп толғанып, қазақ тарихына байланысты жәдігерлерді мұқият зерттегенін айтады. Нәтижесінде еңбектің зейнеті болып, X фильмі Кокос аралдарында өткен фестивальда “Ішпыспас” айдары бойынша дипломант атады.”
Мұндағы:
X – кино атауы;
Y – режиссер.
Маусым 30, 2009 at 11:44 тд |
Маусым 30, 2009 at 12:01 тк |
Бұрынғы қазақтар өз ойын бүкпесіз, шешен жеткізу шебері болғаны белгілі, бала кезінде-ақ билік айтып көрінген адамдар өмірі куә. Шектеу мен тиымдардан көруіміз дұрыс емес, ол ұлттық тәрбиеміз. Дұрыс сөйлей алмауымыз, ол мектептен басталады, бізде мектепте қазақ тілі заңдылықтарын көп оқытып, сөйлеу мәнеріне аз көңіл бөледі. Сөйлеп үйрену, өз ойын толық жеткізу жағы кемшін болып жататыны сондықтан. Осыдан келіп, кино болсын, басқа болсын, сыни пікір айтуға, пікір таластыруға қарапайым қазақ бара бермейді, өресі жетпегендіктен. Орыстардың қалыптасқан мектебі бар, ал, бізде жоқ. Жаңадан шыққан кинолар, кітаптар туралы пікір алмасып жататын хабарлар болса, дискуссия клубтары көп болса – өз мектебіміз қалыптасар еді.
Шілде 1, 2009 at 5:23 тд |
Келісемін. Біздің мектептерде өнерге бауулу үрдісі жоқтың қасы. Тіпті мұғалімдер рецензия дегеннің не екенін білмей тұрса оған таңданбаймын.
Маусым 30, 2009 at 12:27 тк |
ренцензиялары үшін ақша алады. сондықтан шығар
Шілде 1, 2009 at 5:22 тд |
Сержа, онда ешкім ақша төлемейді. Жәй, кез-келген адам тіркеледі де ойын жаза береді. Рецензиялардан, фильмге ққойылған бағалардан фильмнің ортақ баллы шығады. Кейін по рейтингу деп таңдасан, қай фильм қай орында тұрғанын байқайсың.
Маусым 30, 2009 at 4:15 тк |
Ресей киностудиясы қанша фильм түсіреді,*Казахфильм* қанша түсіреді,белгілі жәйт қой.Айналдырған 5 фильмді қойған режиссерден *айналып жүрген* біз,қайдан сын айтамыз?
Сол салада біраз түсінігі болмаса,кез-келген кісі театр,би, сурет *тілін* дұрыс түсінбейді,,фильмді сынар адам кино түсіруден хабары болу керек,меніңше…
Шілде 1, 2009 at 5:10 тд |
Мен Қазақфильмнің киноларын айтқан жоқпын. Орыстар тек өздерінің фильмдерін сынап, отыра бермейді ғой, кез-келген, ұнаған фильміне өз ойын жазады.
Фильм тек түсіріліп қана қоймай, қоғамға ой салатын, жаңаша бір көзқарас тудыратын, рухани азық беретін дүние болу керек. Оны жай ғана фильмдердегі диалогтар емес, сонымен қатар іс-әрекеттерден іздейтіндей, түсінетіндей болу керек (д.о.)
Қызықсыз, сонда фильмді тек қана режиссерлар ғана сынға алып отырса, онда халықтың назарына ұсынып керегі не?
Маусым 30, 2009 at 6:31 тк |
Бізде сын жанрлары мүлдем қалыптаспаған деп айтуға болады, кино бізде қандай деңгейде екенін айтпай-ақ қояйын, онсыз белгілі. Бірақ әдебиетіміз бар ғой, сондағы біздің “әдеби сыншыларымыз” не жазады? Рецензияларын оқып отырсаңыз, мақтау, мақтау, мақтау. Мақтамай жаза көрсін, жарияланбайды(жай ғана жарияланбаса жақсы ғой, сөгіс те естуі мүмкін). Сын жанрларына жақын жүретін адам бүгінгі күнде – Амангелді Кеңшілік. Бұрын Әлия Бөпежанова есімін жиі еститінбіз, қазір хабарым жоқ. Ал кинорецензияға келсек, бұл қазақ тілінде мүлдем жоқ деп айтуға болады
Мен осыны біздің киноиндустрия деңгейімен байланыстырамын, әрине өкінішті…
Кинопоисктағы рецензиялар маған да ұнайды, әсіресе біреуі керемет, екіншісі ұнамады деп жазған кезде өте қызық, барлығында да кино саласындағы білімі байқалады, әрине ол да тәжірибемен келеді.
Шілде 1, 2009 at 3:12 тд |
Менің ойымша қазіргі кезде таңқаларлық еш нәрсе жоқ, таңғадамау керек, таңғалтып көріңдер, денегдей)
Киноға барамын, бірақ рецензия оқып қызықпаппым)
akzere, егер киналарға жақсы рецензия жазғың келсе(оны жазуға әбден болады), басқалардың рецензияларын оқуды доғарт! Өзің жазып болып оқы, салыстырып көр =)
Шілде 1, 2009 at 5:13 тд |
Мен и так солай жасаймын, фильмді көріп болған соң біраз ойланамын, сосын барып рецензияны оқимын, сонда да көп кезде менің түйгенім ойым “капля в море” болып қалады, бәрібір соңына дейін түсінбеген болып шығамын… ))
Шілде 1, 2009 at 3:48 тд |
Мыжисың да жаза бересің. Арасында жаһұт, экзистенциализм сияқты бір-екі мықты сөз қосып жібересің, сосын бұл фильмнің боян екенін, осындай сценариймен осыдан бәленше жыл бұрын түгенше режиссер осындай фильм түсіргенін, бірақ қаржысы болмағасын, атағы шықпай қалғанын айтасың..
)))
ЗЫ. Матрицаға құсқаны үшін Экслерге жыным келеді
Шілде 1, 2009 at 5:17 тд |
Русланннн, сенің білімің оған жетеді. Сен жаза да аласың, бірақ бұл саған керек емес. Сен сияқты киногерлер де көп нәрсені түсінсе де, қазақша жазғысы келмейді, көбіне ана кино.кз сайтында орысша рецензияларды өлтіріп жазады. Дәл қазақша жазу ешкімге керек емес, қажет емес сияқты болып қалады.
Сондықтан қазақша жақсы жазатын, ойлы азаматтар сондай рецензияларды жазып, сол кең дамыса деген ой менікі.
Содан кейін біздің индустрияда “Жетімдер”, “Жаралы сезім” деген сияқты сауатсыз фильмдерді түсіргіштер біраз ұялады деп ойлаймын.
Шілде 1, 2009 at 6:48 тд |
Ипааать… киноға да сын айта ма не,а?!
Негізінде,Зере, біздің әдебиетте сын жоқ қой. Кезіндегі Лениннің сын жазу техникасы туралы бір жапырақ қағазы ғана, жылдар бойы біздің сыншыларға бағыт болды дейді ғой, білетіндер. А, Мәскеуде со кезі-ақ жебірейлер киногерлерінің ұйығы болды – Шукшиндерді де “ауыл” деп қабылдамайтында нақ солар! Демек, “жеті бас жебіреймен” “қасаң қалыпты қазакеңе” таласу қайда?!
Не ғо, кино қанша визуалды материал болғанымен, әуелі мықты сценарий жазыла ма? Ондашы, әжесс, әдеби әдіс-тәсілдер қолданылатын шығар, “қырықыншы синоним” сияқты. Онда, соларды оқу керек. Сосын, ойлаймын, қалай етсе де, шаблонкасы болар рецензия жазудың -соны пайдаланып “Шаолинь против Кунг-Фу” деген фильмге жазып көр деп кеңес беремін.
А так, менің айтқанымды жіберетін жерге жіберуіңе рұқсат, өйткені, мен бұл салады дилентанттың брәтішкасымын. Бірақ, бір айтарым, демогогияға әуестіктен арылу керек – бәрімізге де…
Шілде 1, 2009 at 8:51 тд |
Өнер саласында сын болмаса, өнер дамымайды. Мысалы, режиссер кино түсіреді, сын болмаса – сол өз ойым дұрыс екен деп жүре береді. Көрермен де солай, сыни пікір, бағыттап отыратын дұрыс жол болмағасын “мынау жақсы” не “мынау жамманнан” әрі аса алмайды, сондықтан, қоғамда сыншылардың рөлі зор болу керек. Орыстың Чернышевскийінің “Не істеу керегінен” көп революционерлер тәрбиеленіп шықты емес пе.
Шілде 1, 2009 at 5:21 тк |
Сен қатырасың. Анда жазатындардың көбі нағыз киномандар. Біз сияқты, қайдағы жоқ киноларды қарамайды. Қарардың алдында өзін соған настроить етеді. Ал біз болсақ, қарап алып, сосын тупняк ұстаймыз.
Бірақ, көп қарасаң, бара бара үйренесің түсінуді)
Казторкадағы артхаусқа кіріп көрш, шет шетінен бәрі кинокритиктер))
Шілде 2, 2009 at 3:50 тд |
Бәлкім осы үшін де “классиканы” көп оқу керек шығар, да? )
Шілде 2, 2009 at 3:38 тк |
Тек қана оқып емес, қарау керек))
Шілде 2, 2009 at 7:56 тд |
Киноман бөлек, кинокритик болу бөлек.
1) АӘБВГҒДЕЖЗИЙ сияқты кино сайттарға тіркеліп, Руслан айтқан терминсымақтарды үйреніп, бір ай ішінде киноман болып шыға келесің. Алғашқы кезде:
“Ох, йоооо…мынау жынды фильм! Обалдеть көру керек!”
“Фигась, Джеймс Камеронның бұл фильмінен көп күтіп ем, әттең”
“Бір көруге болады”
“Оскарға татымайды”
“Құстым”
“Тыштым! Ақшаларыңды босқа шашпаңдар!”
“Рахмет.Дивдиди релизін күтем!”
деген сияқты эмоциялық сөздерден бастайсың.
Тағы бір типс: “көрші окошкіңде” әрқашан википедия қосылып тұрсын. киноның тарихын, жанрлардың ерекшеліктерін, кинодағы дәстүрлерді, кезеңдерді, тағы басқа мемдар мен жаһұттарды қазбалауға керек болады.Үнемі рецензия оқып, сол рецензияларға қарсы пікір жазуға тырыс, уақыт өте тәжірибе жинап, сол жерден нағыз киносыншы болып шығасың.
Шілде 2, 2009 at 1:20 тк |
Рахмет, білім базама жазып қойдым (с)
Шілде 2, 2009 at 10:54 тд |
Борецкийдің киноклубына барып көру керек.
Шілде 2, 2009 at 1:23 тк |
Ия, соған бір бару керек еді… Бұрыннан соған жазылу жоспарда жүрген.
Шілде 7, 2009 at 7:54 тк |
великий м могучий қазахский язык – деген, бекер сөз болар.
Шілде 9, 2009 at 12:20 тд |
реценцияға таңырқағанды осында көрдім
Шілде 10, 2009 at 3:42 тк |
Епсіз бишіге, енегі сылтау болар:)))))
Шілде 20, 2009 at 6:23 тд |
Жігіттерге байланысты айтылған ба?
Шілде 14, 2009 at 9:45 тд |
тағы қазақ тілін айтас па? сзде жалықпайд екенсіз Зере жан

мың болғыр янкидің өмірін жатқа соғып, төл туындымыз қыз жібектің киносындағы шашылған моншақт ешкім ешқашан айтып жеткізбесе оған біз кінәлі емеспіз ғо
кино деген осындай мелЧтерден басталмайд па?
Шілде 20, 2009 at 6:28 тд |
Неге кінәлі емеспіз, білімсіздігімізден деп ойламайсың ба, Айкожан? Мен соны түсіндіріп бере алмаймын мысалы…
Шілде 20, 2009 at 7:59 тд |
кездескенде айтармын. қаз доп ойнап отыра берейінЧ ага
Шілде 20, 2009 at 8:01 тд |
Кешке кел онда..
Шілде 15, 2009 at 11:20 тд |
[...] Авторы: Гастарбайтер – мына жерде [...]
Шілде 16, 2009 at 5:56 тк |
қазақ киносының нұрлы сезімдерін инетпен бөліспесе де мықты туындыларының атар таңыныа сенімдімін