Сен жалғыз емессің…

Міне, мына күн де өтіп кетті
Мен тағы жалғызбын
Бұл қалайша болды
Сен енді мендік емессің.
Сен «Қош» деп те айтпадың
Ал менің айтарым,
Сен кеткелі
Менің өмірім қара түнекке айналды.Ал кейде құлазыған көңіліммен
Махаббатты жоқтасам
Біреу маған сыбырлайды:

Қайырмасы
Сен жалғыз емессің
Мен сенімен біргемін.
Екеуміз алыс болсақ та
Мен тек сендікпін.
Сен жалғыз емессің
Қанша аралық жатса да
Сен менің жүрегімдесің.
Сен жалғыз емессің.

Жалғызбын…
Бірақ…

Кеше түсімде
Сенің жылағаныңды көрдім.
Мені өзіңмен шақырдың,
Жылулығыма мұқтажбын дедің.
Сенші маған, білемін,
Мен саған керекпін ғой.
Қолыңды берші, өтінем,
Бәрін бірге бастайық.

Тек сыбырлап қана айтшы,
Белгі берші. Мен тап сол сәтте
Сен жаныңда боламын, тек сендік боламын…

Қайырмасы:

Another day has gone
I’m still all alone
How could this be
You’re not here with me
You never said goodbye
Someone tell me why
Did you have to go
And leave my world so coldEveryday I sit and ask myself
How did love slip away
Something whispers in my ear and says

Chorus:
You are not alone
For I am here with you
Though you’re far away
I am here to stay
You are not alone
I am here with you
Though we’re far apart
You’re always in my heart
You are not alone

All alone
Why, oh

Just the other night
I thought I heard you cry
Asking me to come
And hold you in my arms
I can hear your prayers
Your burdens I will bear
But first I need your hand
So forever can begin…

Chorus.

Whisper three words and I’ll come runnin’
And girl you know that I’ll be there
I’ll be there

Chorus.

13 жауаптар “Сен жалғыз емессің…” ке

  1. Rauanдеді:

    Иә, таңертең естіп, бір түрлі болып қалдым. :(
    Сооонша биікке көтерілген адамдардың кәдімгі біз де сияқты тірі жан екеніне сену қиын.

    Адам о дүниеге уже аттанып кеткен соң, халықтың қандай hater екеніне көзің енді жетеді.

    Бұрында ол туралы неше түрлі боқ сөз естігенде, ой өсек қой, кім туралы айтпайды, деп ойлайсың. Ал қазір теледен іш киімін ақтарып жатқанда бұл дүниеге өте үлкен мұра қалдырған тұлға үшін шын ауыр сезінесің. RIP

  2. Serzhaдеді:

    ээ майкл муслим болды ма?

  3. Gastarbaiterдеді:

    Сержа ол маңызды ма? Біздерге оның әкелген әуен қазынасынан басқасының қатысы жоқ сияқты.

  4. Carnivoreдеді:

    Мәкең де кетті, R.I.P. ((
    Біраз сұрақтар кеп жүр:
    - Осы “Сен жалғыз емессің” деген әнін Қайрат Түнтеков өзінше Мәкеңнің фанаты екенін көрсетіп айтып қоймаушы еді, қазір қандай көңіл-күйде жүр екен.
    - Сосын, Британиядағы концертіне билет алғандар не істеді екен. Интернеттегі мәліметтерге сенсек, билеттер ол қайтыс болғаннан кейін де екі сағаттай сатылып келіпті. Билет алған ақшаларын “садақа болсын” деп қия салды ма екен, әлде Майкл бізді кәңкіретні лақтырып кетті деп жатыр ма екен.

    • akzereдеді:

      Ия, Қайрат Түнтеков фанаты еді ғой, жағдайын сұрап қою керек еді… ))

      Меніңше, билет алғандардың көбі фанаттар, сондықтан ақшаларын қайтып алмайтын шығар… Кім білген дәл осылай болатынын…

  5. Айкодеді:

    өлген адамға дым демейд дейд ғо. бірақ армансыз әнші шығар. ақ болам дед, болд дегендей…

    • Rauanдеді:

      Айко, ол те қана ақ болам деген арманынан емес, есімде жоқ, бірақ ветелигамен ауырған сияқты, содан тура келді ме…

  6. 12aikon1986деді:

    Маған әндері қатты ұнайтын. Қанша сөз айтылғаныменде өзіндік орны бар әнші бола білді ғой. Біреулерге кумир, біреулерге арман, біреулерге қол жетпес мақсат…

  7. нақұрысдеді:

    Осы, әйгілілер өлгенде де үлкен шоумен кетеді да?

  8. Gastarbaiterдеді:

    Шоуды қайдам, маңдай терімен тапқан жетістігі не болса да.

    Оның жасаған операцияларына жүрек жұтып барғанын айтса. Әлемге осындай образды сылау үшін өзіңннің тәніңді азапқа қию әркімнің қолынан келмейді.
    Оның соңғы жылдары көрген азабын адам басына салмасын.
    Қыртпасы жоқ, нағыз қаһарман.

  9. Asspanдеді:

    Makennin kazasy magan da auyrlau tidi…

  10. Gukaдеді:

    Майкл Джексонды поп кароль айтуга турады арине,өте талантты,ол жағынын ешкім сөз таластыра алмайды,бірақ істеген күнәлары да жетіп жатыр емес пе?оны бір Алла кешірсін!!!НЕГЕ???атақты адамдар жамын нәрселер істейді екен,

Жауап қалдырыңыз