Өмірді сүюге бір себеп…

Кеше үйлеріне қайтқан қонақтардан кейін бір шара ыдыстарды жуып жатып, бірдемеге қатты ғашық екенімді түсіндім… Неге дейсіздер ғой, Fairy ыдыс-аяқ жуатын сусабынына. :-)

Жарнама деп түсінсеңіздер де, бірақ P&G-ден бір тиын да алған жоқпын, жәй ғана осы жаңалығына менің алғысым шексіз. Менімен қатар миллиондаған қыз-келіншектер келісетін шығар. Осы жерде оқып отырған әрбір қыз майлы табақтарды жай ғана сумен жуған қандай қиын екенін білетін боларсыздар. Әсіресе бешбармақтан кейінгі табақ, не майлы соуспен жасалған тағамдар, тіпті қуырылған картоптан кейінгі табаны жуу деген ләззатқа бөлейтін істер емес… Ал мына кереметтің бір тамшысының арқасында ыдыс-аяқ жуу ешқандай проблемаға айналмай қалады.

Бұрынғы кезде сонда апаларымыз қайтіп жуған деп ойлаймын да… Дегенмен де осы кезде өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы, қандай жеңіл… Мен өмірді сүйем! :-)

31 жауаптар “Өмірді сүюге бір себеп…” ке

  1. нақұрысдеді:

    Сіздің ыдыс жуғыш арқылы өмірге ғашық болғаныңыз, Қозының Баянға ішкиімнің резенкесін көріп қана ғашық болды дегендей күйде қалдырып отыр.
    Дегенмен, сезіміңізге селкеу түспесін деген тілеуім де бар…

  2. Айкодеді:

    Зере P&G-дің платный шпиені :) қалжың ғо…
    затқа бола өмірді сүйу қызық. жақында нетбук алып едік. рахат өмір жатып алып іс тындырасың дейтін едім. сіздікі қызық болд ғо типа ыдыс жуып отрп өмір сүйіп кеткеніңіз :) ))
    бұрыңғы апалар жумай тряпкамен сүртіп кетіргенбе деген ойда қалам анау Абай киносын көріп отрп :(

    Қырқып қой: майысқан қолдарыңызбен ыдыс жууды жақс көретін болсаңыз біздің үйге жиі қонаққа кеп тұрсаңызЧ. ыдыстың көкесі бізде :)

    • akzereдеді:

      АйкоЧ, енді сол ғой, айтпағым, осы кезде, жаңа технологиялармен өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы деп :-)
      Әйтпесе, бұрын қалай май-май тарелкаларды жуған екен деп ойлаймын да… ))

      Ал жалпы мен ыдыс-жуудан қашпаймын. Мен үшін соңында тез-тез ыдыстарды жуып тастағанды жақсы көрем, чем стол дайындап, тамақ жасағаннан гөрі :-)

  3. нақұрысдеді:

    …айтпағым, осы кезде, жаңа технологиялармен өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы деп…

    Ыдысжуғыш (посудамойка) техника болғанда, Фэйри технология болғаны ма? Қызық…

    • akzereдеді:

      Нақұрыс, пасудамойка сатып алайын, сосын тағы да шексіз бақытты екенімді жазып қоярмын… ))

  4. Айкодеді:

    охоу, қыздар тағы өнерлеріңді жаза түсіңдер…
    Қыста жылы жүнқолғап керек болса Сымбатқа барып, :)
    Стил сән үлгі керек болса Баянға барып :)
    Қырық қабаттан салат, бисерден блезік керек болса Салточқа барып :)
    Енді міне, Қонақ келетін болса Ақзереге барып жүретін болдым :) алақай. ля*ля*ля… :) ))

  5. urimtalдеді:

    Кейде бір үйге қонаққа барып, шай ішіп отырсаң, аузыңа фейридің дәмі келетіні бар :)
    Осы Фейриді көпіртіп жуған соң, кейде дәмі ыдыста қалып қоятыны жаман. Шамасы, бұл химикаттың емес, өмірді сүймей жуатындардың өмірге қырсыққан мінездерінің көрінісі шығар…

  6. arsenal777деді:

    аха, әсіресе біздікіндей ыстық сусыз өмір сүргенде…фейриге алғысынды күнде айта береді екенсің

  7. Нұрғисадеді:

    Қарағандыда ыстық сумен проблема бар ма?
    Кір сабын жақсы кіржуғыш.

    • ainamekenдеді:

      Аға, зақар деген одан мықты жуғыш болар, а? :)
      Сіз, кір сабынның платны шпионысыз ба, сонда? :)

  8. кендебайдеді:

    Бұрынғы кезде қалай жуған дейсіңдер ме? Бұрын ауылдағы жеңгелер, әлі Фейри шықпай тұрған кезде, май ыдыстарын құммен жуып отырғандарын көргенмін.

    • akzereдеді:

      мдаа… бұрынғылар сондай-ақ ішек ауруларымен көп ауырған шығар онда…

      • кендебайдеді:

        Фейридің иісі ыдыста қалып қалатынына қарап, құмды да сондай деп ойлап отырған шығарсың. ))
        Жоқ, олай емес. Жәнеде, баяғы заманда экология да таза болған ғой.

  9. satibaldiдеді:

    Ақзере, барлығымыз да топарықпен жуылған кесемен арақ ішіп өстік. Бәлендей ішек ауруына ұшырған жоқпын. Бір рет отравление болғаным рас, ол и то арақтан болып шықты.

  10. Konil Asharдеді:

    Зере:)))))
    бізде де үйде әлі ыдыс аяқ жуатын машина жоқ, бірақ болса тура кір машинадай болатын шығар, бізде қазір жуылған кірді машинаан шығаруды ұмытып жүреді ғой, ыдыс аяқты машинадан сен ал мен ал болатын шығар:)))

  11. Symbatдеді:

    Ақзере, кейде сенің жазбаларыңнан өзімді қайта табатындаймын… Өмірді сүюдің жолын, қарапайым зат арқылы, яғни қанағаттықпен қарауың сүйсіндіреді! Жазбаларыңның мен үшін ең мағыналысы болып табылды! Елдің барлығы сендей болса, бәрі де жақсы болар еді ә? :lol:

  12. Аршатдеді:

    Фэйри базар жоқ шынымен! мен де кейде стресс басу үшін ыдыс жуып тұрамын. Фэйриге риза боламын. анда санда ыдыс жуып тұрыңдар жігіттер, өзің мен өзің қалып жеңлденіп қаласыңдар. басқа жақсы идеялар келеді.

  13. Ақбөкендеді:

    Fairy ҚЗ.ға енді ғана жеткен сияқты өкінішті

  14. technosyndromдеді:

    Fairy ҚЗ.ға енді ғана жеткен сияқты өкініштіM
    “Fairy” “ҚЗ-да” бұрыннан бар. Тек ол кезде осылайша мақтайтын интернетіміз жоқ боп еді…

  15. Алмас деген біреудеді:

    Ара тұра “Солай де” деп қалатыным болғанмен Декан мен Маратханнан көк тиын да алмаймын.

    Ыдыс жуу бақыты бұйырмағанымен Fairyдың балық аршығаннан кейін қол жууға таптырмайтын сабын екенін білмейтін Атыраулық жоқ болар. Қайсыбір қымбат сабындар ала алмайтын балықтің шылымының иісін жақсы кетіреді.

  16. Аршатдеді:

    Ақбөкен, Фэйри ҚЗға 3 ай 17 күн бұрын келді, бақыттымыз енессс!

  17. Алмас Алтайдеді:

    Мен Ақзереге толығымен қосылып кеп қалайын! Ыдысты біздің үйде тек мен ғана жуатын ем, себебі. Фейри арқылы өмірді сүйетін едім десем өтірікші болам, бірақ, оны жек көрмеймін. Маған ұнайтыны… маған ұнайтыны опыр топыр қонақ кеткен соң, тау боп үйіліп қалған ыдысты жуып,бітіріп, содан кейін ақ жем боп қалған қолымды сытыр сытыр еткізіп шайып тұратыным жерім.

  18. Сәкенспбдеді:

    фери алғашында шыққанда жақсы еді, аяғында ресейлік өндірушілер как всегда бірдемелерін өзгертіп жіверді. кәзір жақсы фериді финляндиядан саудегерлер әкеліп сатып тұрады. нағыз фери, алғашындағыдай. бірақ құйылатын ыдысы екі литрлік баклаха. ыңғайсыз.
    тағы бір уақиға фери туралы менім ауылымнан.
    тәжіктер көп келіп жұмыс істейтін (гастербайтерлер). бір тәжік қыз, бір жыл бойы жұмыс істеп, демалысқа Душанбеге аттанарында, осы жерден фериге шейін сатып алып кетті. (душанбеде бәрі қымбат, о жерде ақша жұмсағым келмейді). айропортта таможняда багажының салмағы асып, іш-төрт есе бағамен сатып алғандай ақша төлеп жеткізіпті жүктерін.
    оғанда фери ұнаған шығар.

Жауап қалдырыңыз