Білгейсің…
Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды – адам етуге жетпейді…
Білгейсің…
Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдейді…
Білгейсің…
Қарсыласыңды ренжітпеу мен өзіңнің ұстанымыңды қорғап қалу арасындағы орта жолды табу шынымен-ақ қиын…
Білгейсің…
Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас,
Шын ғашықтардың да…
Білгейсің…
Тәжірибелілік сенің туған күніңді қанша рет тойлағаныңмен өлшенбейді, өмірде көргендеріңнің алуандылығымен өлшенеді.
Білгейсің…
Жанұяң ылғи да сенің қасыңда болмайды. Бөтен саналатын жандардың ішінде де саған көңіл бөлетін, махаббат сыйлап, сенім артатындар болады. Демек жанұя тек биологиялық емес.
Білгейсің…
Қанша жақын болса да достарың сені ренжітуі мүмкін. Оларды кешіре біл.
Білгейсің…
Кейде өзгелерді кешіру жетпейді, өз-өзіңді де кешіре білуің керек.
Білгейсің…
Жүрегің қанша ауырса да дүние сен үшін айналуын тоқтатпайды.
Білгейсің…
Өмір жолымыз кім болғандығымызға әсер етеді, бірақ кім екендігімізге өзіміз жауаптымыз.
Білгейсің…
Әр қиындыққа бір мұрсат артылған. Сол мұрсатты көре біл!
Білгейсің…
Махаббатты тез жоғалтасың, ал өкініштен құтылу – өте қиын. Барды бағалай біл!
Маусым 3, 2009 at 8:51 тд |
Білгейсің…
Қанша жақын болса да достарың сені ренжітуі мүмкін. Оларды кешіре біл.
Ал достарың саған ренжісе ше?
Жалпы, “кешірші, мен солай етіппін, былай еді” деп жарияға жар салмай-ақ, үндемей кешіре салу керек сияқты адамдарды. Негізі болмашы нәрсеге ренжімеген дұрыс.Әйтпесе, қазбалай берсең, ренжитін нәрсе көп болып кетеді
Маусым 3, 2009 at 8:55 тд |
Білгейсің…
Бір бокал сыра көп аурудың емі, жанның да, тәннің де!
Маусым 3, 2009 at 9:10 тд |
Тәнге қандай ем болады екен?
Маусым 3, 2009 at 9:38 тд |
Бүйрек пен бауырға пайдасы зор дейді жұрт…
Маусым 3, 2009 at 11:13 тд |
Маусым 4, 2009 at 8:36 тд |
кейде, білмеген де жақсы екен ғой
“много будешь знать…” деген бар емес пе
Маусым 4, 2009 at 6:06 тк |
Біліп жүретін болдық
Маусым 6, 2009 at 2:09 тд |
Білгейсің, бүгінгі күн ертең қайта айналып келмейді… Білгейсің, бүгінгі күн сенің соңғы күнің болуы мүмкін…
Білгейсің, жер бетінде уақытша жүрген жаратылыспыз деп жалғастырғым келіп кетті.
Ой саларлық жақсы сөздер екен!
Маусым 6, 2009 at 11:55 тд |
Білгейсің…
Кейде өзгелерді кешіру жетпейді, өз-өзіңді де кешіре білуің керек.
Маусым 8, 2009 at 4:25 тд |
Білгейсің…
Сен ештеңені де білмейсің,
тек білгендейсің!
Маусым 8, 2009 at 5:43 тк |
Билл Гейтсің…
Маусым 27, 2009 at 9:15 тк |
Нұрғисааа!!! құлап қалдым столлдыңңң асстыннаа!!
Қараша 15, 2009 at 10:09 тд |
Білгейсің,
Ауыз кешіргенмен көңіл кешірмейді дейдігой!